Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Атқарылған жұмыстар туралы іс-шаралар ЖОСПАРЫ Аудандық комиссия құрамы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

 

2018 жылдың І тоқсанына мәлімет

 

Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №4 қаулысымен құрылған аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы аудан әкімдігінің жыл басында құрылған жоспарына сәйкес тоқсанына 1 рет комиссия отырысы өткізіліп отырады. Комиссия құрамына құзырлы орган басшылары мен аудан әкімдігіне қарасты тиісті дербес бөлім басшылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізіліп, бірлесіп жұмыс жасап келеді (комиссия құрамы қоса жалғанды).

Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық саласында құқық бұзушылыққа жол берген мекеме басшыларының есептері тыңдалып отырылады. 

2018 жылдың 29 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылдың 1 тоқсанында:

1-мәселе: Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектілігін жүргізу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және аудан бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін табыстау барысында ҚР Жер кодексінің талаптарының  сақталуы туралы 

Баяндамашы: Аудандық тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы- Е.Бахтияров;

Баяндамашы: Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы- Б.Омаров; 

2-мәселе: Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратымен кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша атқарылған шаралар туралы; 

Баяндамашы: Аманкелді ауылдық округінің әкімі- К.Кулымбетов; 

3-мәселе: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы; 

Баяндамашы: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы-М.Жамиев. 

Мәжіліс соңында Кент, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

            Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімі аппараты мүдделі органдармен бірлесе отырып аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізді.

 


2017 жылдың ІV тоқсанына мәлімет

 

Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №4 қаулысымен құрылған аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы аудан әкімдігінің жыл басында құрылған жоспарына сәйкес тоқсанына 1 рет комиссия отырысы өткізіліп отырады. Комиссия құрамына құзырлы орган басшылары мен аудан әкімдігіне қарасты тиісті дербес бөлім басшылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізіліп, бірлесіп жұмыс жасап келеді (комиссия құрамы қоса жалғанды).

Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық саласында құқық бұзушылыққа жол берген мекеме басшыларының есептері тыңдалып отырылады. 

2017 жылдың 26 желтоқсан аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылдың 4 тоқсанында:

1-мәселе: «Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» 2017 жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарған жұмыстары туралы. 

Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы – Жүсіпбекова Мағрипа Байділдақызы; 

2-мәселе: «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы нормаларының сақталуы туралы 

Баяндамашы: Аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Қонақбай Гаухар Темірбекқызы. 

Мәжіліс соңында Кент, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

 

            Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімі аппараты мүдделі органдармен бірлесе отырып аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізді.


2017 жылдың ІІ тоқсанына мәлімет

            Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №4 қаулысымен құрылған аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы аудан әкімдігінің жыл басында құрылған жоспарына сәйкес тоқсанына 1 рет комиссия отырысы өткізіліп отырады. Комиссия құрамына құзырлы орган басшылары мен аудан әкімдігіне қарасты тиісті дербес бөлім басшылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізіліп, бірлесіп жұмыс жасап келеді (комиссия құрамы қоса жалғанды).

 

Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық саласында құқық бұзушылыққа жол берген мекеме басшыларының есептері тыңдалып отырылады. 

 

 

 

2017 жылдың 29 маусымында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылдың ІІ тоқсанында:

 

1. 2016 жылы орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылатын іс-шаралар туралы

 

 

(Баяндамашы: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы – Рахметов Қанат Нурадинұлы) 

 

 

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестациялауын ұйымдастыру барысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын –алу бағытында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы

 

 

(Баяндамашы:  Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр) қызметі бөлімінің басшысы – Жәмиев Мұрат).

 

Мәжіліс соңында Кент, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

            Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімі аппараты мүдделі органдармен бірлесе отырып аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізді.

 



Б Е К І Т Е М І Н

Сырдария ауданы әкімінің

міндетін атқарушы  

________________ Б. Өтегенова

 «____» _____________ 2017 жыл

    Сырдария ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы 2018 жылға арналған іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

Іс-шара атауы

 

Аяқталу нысаны

 

Орындалу мерзімі

 

Орындауға жауаптылар

1

Кент және ауылдық округі әкімінің аппараттарында және бөлімдерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін

Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту

Ақпан айы

Кент және ауылдық округі әкімдері

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз дәрежесінде жүргізбеген басшылардың жауапкершілігін қарау

Комиссия отырыстарында қарау, шара қолдану

Тұрақты түрде

Комиссия мүшелері

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты БАҚ-на және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми веб порталына жариялау

Газетке, веб порталға жариялау аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Тоқсан сайын

Кент және ауылдық округі әкімдері, бөлім басшылары

4

Мемлекеттік сатып алу барысында келісім шартта көрсетілген мерзімде жұмыстарды орындамаған не тиісінше орындамаған мердігерді мерзімдерінде сотқа беру жұмыстарын жүргізу және жосықсыз қатысушылар реестріне енгізу жұмыстарын жүргізу

Сотқа талап арызбен  жүгіну

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талабына сәйкес

Кент және ауылдық округі әкімдері, бөлім басшылары; Бақылау жасау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

5

Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін табыстау барысында заң талаптарының, оның ішінде Жер кодексінде белгіленген талаптарды қатаң сақтау

 

Үнемі

Кент және ауылдық округі әкімдері «Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Б. Омаров)

6

Аудан бойынша жер учаскесінде  мұқтаж азаматтардың арыздарының есепке алынуы мен қаралуы кезінде Кодексте айқындалған тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді және оларды созбалаңға салып, негізсіз қанағаттандырмау деректерін болдырмауды;

 

Үнемі

Кент және ауылдық округі әкімдері «Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Б. Омаров)

7

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-44  баптарының талаптарына сәйкес, бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы, жеке тұрғын ұй құрылысы үшін жер телімдерін алуға кезектілік тізімі және жер телімдерін алған азаматтар туралы мәліметтердің ашықтығын, оның ішінде интернет-ресурс арқылы жариялануын қамтамасыз етуді;

 

Жарты жыл және жыл қорытындысымен

Кент және ауылдық округі әкімдері «Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Б. Омаров)

8

Жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру кезінде мемлекеттік бюджетке төленуі тиіс қаржылардың төлену жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, нақты өндірілуін қамтамасыз етуді;

 

Үнемі

«Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Б. Омаров)

9

«Нұр Отан» Партиясымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ басқа да қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізсін;

Шаралар ұйымдастырсын

Жарты жыл және жыл қорытындысымен

Кент және ауылдық округі әкімдері, бөлім басшылары

10

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес құқықтық оқулар өткізу

Құқықтық оқулар

Тоқсан сайын

«Сырдария аудандық құрылыс бөлімі», «Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері (Е.Бахтияров, А.Абдуов)

11

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес арыз, өтініштердің уақытылы тіркелуін, қаралуын, жолдануын, мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету

 

Үнемі

Кент және ауылдық округі әкімдері; Бақылау жасау Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (Г.Қонақбай)

12

Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының жұмысын заң талаптарына сәйкес деңгейде жүргізу, тұрғын үй кезектілігін сақтау, кезектілікті БАҚ- қа жариялап отыру

 

Жариялау жарты жыл және жыл қорытындысымен

«Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Е.Бахтияров)

Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №112 өкімімен бекітілген 

Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамы

 

-  Сырдария ауданының әкімі, комиссия төрағасы;

-  Сырдария ауданы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

-  Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы;

-  Сырдария ауданының прокуроры (келісім бойынша);

-  Сырдария ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары;

-  Сырдария ауданы әкімінің қаржы мәселесі бойынша жауапты орынбасары;

-  Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің Сырдария ауданы бойынша жетекшісі, (келісім бойынша); 

- Аудандық мәслихаттың хатшысы, «келісім бойынша»;

- «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

-  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық  қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша);

-  Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы;

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы (келісім бойынша);

- «Қазақстан  Республикасы ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);

-  «Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

-  «Тіршілік тынысы» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісім бойынша);

-  Сырдария ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісімі бойынша);

Сырдария аудандық әділет басқармасының басшысы (келісімі бойынша);

-  «Сырдария аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы);

-  «Сырдария аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

-  Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;

-  Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалының директоры (келісім бойынша); 


Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №112 өкімімен бекітілген 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия туралы ережесі 

1. Жалпы ережелер 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары 

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау, орындалуда болған іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жоспарлы, жүйелі және мақсатты бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және басқа ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу жөнінде шаралар туралы халықты тұрақты түрде хабарландыру;

5)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

4. Комиссия өз құзыреті шегінде:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және басқа ұйымдардың басшыларымен өзге тұлғаларын Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға;

 

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруына байланысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

3) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруына бағытталған шараларды қабылдау туралы, сондай-ақ Комиссия құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды енгізуге құқылы. 

5. Комиссия қызметін ұйымдастыру 

6. Комиссия Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылады.

. Комиссия төрағадан, орынбасардан және Комиссияның басқа мүшелерінен құралады. Комиссияның хатшысы, Комиссияның жұмысшы органының өкілі немесе аудан әкімімен белгіленетін өзге тұлға болып табылады.

7. Комиссияның дербес құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

8. Комиссия құрамы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депутаттары, өзге лауазымды тұлғалар есебінен құралады. Комиссия құрамына басқа ұйымдардың, бизнес, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.

9. Комиссияны аудан әкімі басқарады. Төраға болмаған кезде міндетін атқарушы орындайды.

10. Комиссияның кезекті отырысының тақырыбы, сонымен қатар өткізілетін орны, уақыты, тәртібі және өткізілу мерзімі Комиссия төрағасымен белгіленеді.

11. Комиссия отырыстары:

1) қажеттілігіне қарай, бірақ әр тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі;

2) егер оның мүшелері құрамының жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі.

3) ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде өткізіледі.

Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.

12. Комиссия отырысына мүдделі тұлғалар, бизнес, жұртшылық, бұқара-лық ақпарат құралдарының өкілдері, өзге тұлғалар шақырылуы мүмкін.

13. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе шешімдер қабылданды деп есептелінеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жасалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.

15. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады, хаттамаға Комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.

16. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.

17. Комиссия төрағасы:

 1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

 2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелердің қаралуына байла-нысты мемлекеттік органдардың алқа отырысына қатысуға құқылы.

18. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының өткізілетін орны мен уақытын Комиссия мүшелеріне хабарлайды.

2) Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді.

3) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия төрағасының тапсырмасы негізінде өзге функцияларды жүзеге асырады.

19. Комиссияның жұмысшы органы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі болып табылады.

20. Комиссияның жұмысшы органы:

1) Комиссияның отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қадағалайды және ұйымдастырады.  

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы 

21. Комиссия қызметінің тоқтатылуына Сырдария ауданы әкімдігінің Комиссия қызметін тоқтату туралы қаулысы негіз болып табылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 

"Егемен Қазақстан" 20.11.2015 ж., № 223 (28701); "Казахстанская правда" от 20.11.2015 г., № 223 (28099); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 27-баптан қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбiр ұғымдарды түсiндiру

      Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
      1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттiк функцияларды және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адам, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымын атқаратын адам;
      2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
      3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк қызметшi, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттiк лауазымда көзделген мiндеттердi мемлекеттiк қызметке тағайындалғанға дейiн уақытша орындайтын адам;
      4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргiзiлетiн қызметшi; мемлекеттiк ұйымда немесе квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметшiлерi;
      5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, оларға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделерi мен олардың лауазымдық өкiлеттiктерi арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделерi олардың өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше орындамауына әкеп соғуы мүмкiн;
      6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайтуға, қоғамның мемлекеттiк органдар қызметiне сенiмiн арттыруға бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгiленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өз өкiлеттiктерi шегiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның iшiнде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөнiндегi қызметi;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган – өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласын үйлестiру жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлiмшелерi;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшiн заңда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық белгiленген, сыбайлас жемқорлық белгiлерi бар құқыққа қайшы, кiнәлi түрдегi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);
      12) сыбайлас жемқорлық тәуекелi – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайлардың туындау мүмкiндiгi;
      13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң алдын алу шаралары жүйесiн әзiрлеу және енгiзу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөнiндегi қызметi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).     

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
      2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде, әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген.

3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың негiзгi қағидаттары

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл:
      1) заңдылық
      2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау басымдығы;
      3) жариялылық пен ашықтық
      4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара iс-қимыл жасауы;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын жүйелi және кешендi пайдалану;
      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн адамдарды көтермелеу;
      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың мақсаты мен мiндеттерi

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мақсатына қол жеткiзу мынадай:
      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестiк ахуалын қалыптастыру;
      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердi анықтау және олардың салдарларын жою;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын нығайту;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мiндеттерiн шешу арқылы iске асырылады.

2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларының жүйесi

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларының жүйесi:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтi;
      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдауды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргiзу кезiнде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
      6) қаржылық бақылауды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi;
      8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешудi;
      9) кәсiпкерлiк саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын;
      10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, ашуды және тергеп-тексерудi;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
      12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
      13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиiмдiлiгiне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйiне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейiн қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөнiндегi қызметi.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң дереккөздерi – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдардың мәлiметтерi, әлеуметтiк сұрау жүргiзу деректерi мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздерi болып табылады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң нәтижелерi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне талдау жүргiзу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған шараларды жетiлдiру үшiн негiз болып табылуы мүмкiн.
      5. Осы баптың ережелерi арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiне қолданылмайды.

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау

      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдау (iшкi және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
      2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу бойынша айқындайтын тәртiппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган мынадай бағыттар:
      1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау;
      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң ұйымдық-басқарушылық қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау бойынша жүзеге асырады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау жүргiзуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзге де субъектiлерiнiң мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерi мен жағдайларын жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      3. Осы баптың 2-тармағының күшi мына салалардағы қатынастарға:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;
      2) қылмыстық iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзуге;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
      4) сот төрелiгiне;
      5) жедел-iздестiру қызметiне;
      6) қылмыстық-атқару қызметiне;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.
      4. Осы баптың 2-тармағының ережелерi арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiне қолданылмайды.
      5. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелерi бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк тәртiбiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бiлiм беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру – тұлғаның адамгершiлiк, зияткерлiк, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсендi азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздiксiз процесi.
      4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, әлеуметтiк маңызды iс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы iске асырылады.

10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшiн белгiленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесi.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi әзiрлейдi және олар заңнаманы әзiрлеу кезiнде және құқық қолдану практикасында ескерiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.
     

11-бап. Қаржылық бақылау шаралары

      1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:
      1) активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны;
      2) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      2. Активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарына мүшелiкке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретiнде тiркелгенге дейiн ұсынады.
      3. Кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны:
      1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
      4. Есептi күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлiктi сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияда көрсетiлген мүлiктi сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздерi туралы мәлiметтердi көрсетедi.
      5. Активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртiппен ұсынылады.
      6. Кiрiстерi мен мүлкi туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылады.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны немесе кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлiмет салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен орналастырылады.
      8. Мыналардың:
      осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны және (немесе) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәлiметтердi ұсынуы, егер iстелген әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса – тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмдердiң күшiн жою үшiн негiз болып табылады;
      осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтерi мен мiндеттемелерi туралы декларацияны және (немесе) кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәлiметтердi ұсынуы, егер iстелген әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса – Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      9. Мыналар:
      1) саяси мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      2) "А" корпусындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
      5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетiлген мәлiметтер есептi күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жариялануға жатады.
      Жариялануға жататын мәлiметтер тiзбесiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтерi (кадр қызметтерi) орналастырады.
      10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге қолданылмайды.
      11. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк меншiкпен байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер және қаржылық қызмет туралы есептердi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесi құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынады.
      12. Мемлекеттiк кiрiс органдарына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      13. Қызметтiк және салықтық құпияны құрайтын мәлiметтер "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылады.
      Ескертпелер.
      1. Осы бапта квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар деп – аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.
      2. Осы бапта ұйымдық-өкiмдiк функциялар деп – адамдардың заңнамада және құрылтай құжаттарында көзделген, ұйымның атқарушы органының өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi түсiнiледi. Осы функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды iрiктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегiн ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртiптiк жаза қолдану шараларын қолданудан көрiнетiн, тәртiптi қолдау жатады.
      3. Осы бапта әкiмшiлiк-шаруашылық функциялар деп – толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде мүлiктi, оның iшiнде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билiк ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсiнiледi.

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер

      1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, оларға теңестiрiлген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетiлген функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкiлеттiктерiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкiн әрекеттердi жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, өздерiне:
      1) мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметтi жүзеге асыру;
      2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу;
      3) мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалану;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк өкiлеттiктерiн орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдайды.
      2. Жекелеген мемлекеттiк функцияларды орындау тәртiбiн реттейтiн заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулердi көздейтiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келiсiмiн тиiстi ұйымдардың персоналды басқару қызметтерi (кадр қызметтерi) жазбаша нысанда тiркейдi.
      4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын iс-әрекет және әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болмаған жағдайда, олардың мемлекеттiк қызметтi немесе өзге де тиiстi қызметтi тоқтатуы үшiн негiз болып табылады.

13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

      1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға (өз қызметiн тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдарына мүшелiкке кандидаттарды, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерде қызметiн жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:
      1) егер шаруашылық етушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық мiндеттерiне кiрмейтiн болса, шаруашылық етушi субъектiнi басқаруға өз бетiнше қатысуға, мүлiктiк немесе өзге де игiлiктер алу мақсатында өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
      2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткiзудi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
      3) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.
      2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кiретiн ұйымдарда басқарушылық функцияларын орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кiретiн өзге де ұйымдардың басқару органдарында, байқау кеңестерiнде, атқарушы органдарында ақы төленетiн лауазымды атқаруға құқылы.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үйдi мүлiктiк жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кiрiс алуға құқылы.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лауазымға тағайындалғанға дейiн сатып алынған, өздерiне тиесiлi инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi.
      5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кiрiскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, осы адамдарға заңды түрде тиесiлi ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiктi қоспағанда, өздерiне тиесiлi, пайдаланылуы кiрiс алуға әкелетiн мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, осы функцияларды орындау уақытында сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi.
      6. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады.
      7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сатып алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде оларды сенiмгерлiк басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) шартты нотариат куәландырғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      8. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдарына мүшелiкке кандидаттарды, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерде қызметiн жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындамауы, олардың мемлекеттiк қызметтi немесе өзге де тиiстi қызметтi тоқтатуы үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     

14-бап. Жақын туыстардың, ерлi-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу

      1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдар және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдарына мүшелiкке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетiлген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай iшiнде оны ерiктi түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиiс, ал осындай ауысу мүмкiн болмаған кезде осы қызметшiлердiң бiреуi лауазымынан шығарылуға немесе көрсетiлген функциялардан өзгедей босатылуға тиiс.
      Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындас-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-iнiлерi, апа-қарындас-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары түсiнiледi.

15-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық мiндеттерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тiкелей басшысына не өздерi жұмыс iстейтiн ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы, өздерiне бұл жөнiнде мәлiм болысымен жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      Тiкелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтiнiштерi бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:
      1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық мiндеттерiн орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша лауазымдық мiндеттердi орындауды басқа адамға тапсыруға;
      2) лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
      3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға мiндеттi.

16-бап. Кәсiпкерлiк саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары

      1. Кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнiнде, оның iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:
      1) шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң есептiлiгiн, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететiн ұйымдық-құқықтық тетiктердi белгiлеу;
      2) адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтау;
      3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;
      4) iскерлiк әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегi шараларды қабылдау;
      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.
      2. Кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнiндегi стандарттарды кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) әзiрлеуi және қабылдауы мүмкiн.

17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндама

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйi мен үрдiстерiн талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, iске асыру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар қамтылған құжат.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны әрi қарай Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмысының және мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiнiң нәтижелерi негiзiнде қалыптастырылады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентiне енгiзу және жариялау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТIЛЕРI
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерi

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзге де субъектiлерi: мемлекеттiк органдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.

19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлiмшелерi.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде "Құқық қорғау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерге ие болады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     

20-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган мынадай функцияларды:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдауды;
      2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерi мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнiнде ұсынымдар енгiзудi;
      4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы, әрi қарай Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi;
      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн сыртқы талдау нәтижелерi бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi ұсынымдарды мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң орындауын мониторингтеудi;
      6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша тәркiленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлiктiң өткiзiлуiне мониторингтi жүзеге асырып, оны мемлекет кiрiсiне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейiннен жариялауды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың оң тәжiрибесiн зерделеудi және таратуды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру саласында бiлiм беру бағдарламаларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдауды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсiндiру қызметi, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындау бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне жәрдемдесудi және әдiстемелiк көмек көрсетудi;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасауды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуды;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     

21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган өзiне жүктелген функцияларды орындау кезiнде:
      1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақпарат пен материалдарды сұратады;
      2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртiппен белгiленген шараларды қабылдайды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтi жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      3-1) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және iстердi қарайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметi өз өкiлеттiктерi шегiнде:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-iздестiру және тергеу қызметiнiң практикасына, сотқа дейiнгi тергеп-тексеруге талдау жүргiзуге;
      2) iс жүргiзудегi қылмыстық iстер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;
      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе алуды жүргiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
      5) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасында белгiленген тәртiппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгiзуге;
      6) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргiзудi талап етуге;
      8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруға;
      9) өзiне жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құруға және пайдалануға, сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында зерттеудi, заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi ұйымдастыруға;
      10) ұстап алынған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     

22-бап. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi лауазымды адамдардың өкiлеттiктерi

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.
      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, ашуды, тергеп-тексерудi және алдын алуды және оларды жасауға кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды өзi құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттiк кiрiс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi жүзеге асырады.

23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға қатысуы

      Жеке тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл кезiнде мынадай шаралар қолданады:
      1) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарлайды;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға қатысады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдық басқа да субъектiлерiмен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сұратады және алады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша зерттеулер, оның iшiнде ғылыми және әлеуметтiк зерттеулер жүргiзедi;
      7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша әлеуметтiк маңызды iс-шаралар ұйымдастырады.

24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзi қызметкерi болып табылатын мемлекеттiк органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға хабар бередi.
      2. Мемлекеттiк органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келiп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететiн адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көтермеленедi.
      Осы тармақтың ережелерi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен ұсынылады. Көрсетiлген ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

4-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ

25-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу (қайтару)

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесiнде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетiлетiн қызметтердiң құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндiрiп алу прокурордың, мемлекеттiк кiрiс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Көрсетiлген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiктi сақтау жөнiнде шаралар қабылдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайларда прокурор, мемлекеттiк кiрiс органдары не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кiрiсiне айналдыру және (немесе) заңсыз алынған көрсетiлетiн қызметтердiң құнын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюымен заңда белгiленген мерзiмдерде сотқа жүгiнедi.
      3. Егер жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамнан және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға теңестiрiлген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босату кезiнде заңсыз алынған мүлiк немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құны өндiрiлiп алынбаса, осындай босату туралы шешiм қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
      4. Тапсырылған мүлiктi қайтару, есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған мәмiлелердiң, шарттардың, актiлердiң және әрекеттердiң жарамсыздығы

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi, шарттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, мүдделi тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сот жарамсыз деп таниды.
      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесiнде актiлердi қабылдау және әрекеттердi жасау тиiстi актiлердiң күшiн жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкiлеттiк берiлген адамдардың не мүдделi тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен олардың күшiн жою (жарамсыз деп тану) үшiн негiз болып табылады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң:
      1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 11-бапты қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгiзiледi)
      2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгiзiледi)
      3. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейiн 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:

"11-бап. Қаржылық бақылау шаралары

      1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:
      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
      мыналар:
      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
      жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.
      2. Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      3. Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:
      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
      мыналар:
      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
      жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi және айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.
      5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегiнен тыс жердегi де кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
      6. Арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына осы баптың 4-тармағында көрсетiлген декларация мен мәлiметтердi ұсынады.
      Ескертпе. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.
      7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар – тиiсiнше өздерi лауазымға орналасуға үмiткер болатын органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 5-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттiк кiрiс органының алғаны туралы анықтаманы ұсынады.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық емес, анық емес декларациялар мен мәлiметтердi ұсынуы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған iс-әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      10. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген функцияларды орындаудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 8-тармағында көрсетiлген iс-әрекеттер, сондай-ақ мұндай әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      11. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың кiрiстерiнiң мөлшерi және көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк лауазымға ұсынылған кезiнде кандидаттардың кiрiстерi туралы мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
      12. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
      13. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде, мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесi құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсынады.
      14. Мемлекеттiк кiрiс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органның, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттiк кiрiс, әскери полиция органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң сұрау салуы бойынша, сондай-ақ заңда белгiленген сот тәртiбiмен ғана ұсынылады.
      Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.
      15. Осы бапта көзделген қаржылық бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын меншiкке сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
      4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасының
 

 

Президентi
 

Н. Назарбаев
 

     


Жаңалықтар

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

20 маусым 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері тура...

20 маусым 2018

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты