Ішкі саясат

Саяси партиялар Жастар саясаты Үкіметтік емес ұйымдар Дін Қоғамдық кеңес

«Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалының 2017 жылдың IІ - тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

«Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалында 98 партиялық топ  28 БПҰ-на  біріккен. 2017 жылдың 01 шілдесіне 3358 партия мүшесі есепте тұрады.

Биылғы жылдың 2 тоқсаны бойынша Сырдария аудандық «Нұр Отан» партиясында аудан тұрғындарының мәселелерімен  қабылдау  бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қабылдауды қатардағы партия мүшелері, сондай-ақ партия мүшелері болып табылатын аудандық мәслихаттың депуттары жүргізуде. Көптеген келіп түсетін өтініштер жұмыс тәртібі бойынша қаралып және олар бойынша нақты шаралар қабылдануда.

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында 2017 жылдың                   2 тоқсанында 1 рет Саяси кеңесі Бюросы отырысы, 1 рет Саяси кеңес отырысы өткізілді.  Сырдария аудандық «Нұр Отан» партиясында  2017 жылдың 1 сәуір мен 1 шілде аралығында 1 рет Саяси кеңесі бюросы отырысы және 1 рет Саяси кеңес отырысы өткізілді.

Сырдария аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес үстіміздегі жылы 2 дөңгелек үстел өткізсе, партиялық бақылау және талдау бөлімінің 2 партиялық бақылау отырысын өткізді.

Сондай-ақ, кеңес отырыстары  басқармаларының басшыларын шақырумен және ұйымдардың жетекшілерін шақыруымен өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына сәйкес жою туралы  есептері тыңдалып.

Сырдария аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының 2  фракция  отырысы болып өтті.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын талқылау, Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен БПҰ-мен және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 54 кездесулер мен жиналыстар өткізілді.

            Партияның қоғамдық қабылдауына келер болсақ, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін барлығы 48 арыз-шағым келіп түскен. Басты мәселелері жұмысқа орналасу, жалақы және жәрдемақы тағайындау туралы.

Келіп түскен өтініштердің қаралу нәтижесіне келер болсақ

 оң шешімін тапқан өтініші-15 ;

заңды кеңес берілгені-33;

            «Нұр Отан» Сырдария аудандық партиясы жанында «Жас Отан» Жастар қанаты белсенді жұмыс жасауда.  «Жас Отан» Жастар қатаны мүшелерімен жыл ішінде аудан бойынша ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне партиялық жобасы асында «Ағаны құрметтеу керек, үлкендерге көмек көрсету» көмектер көрсетіліп, парк пен көшелерде көркейту-тазалық жұмыстарына жүйелі түрде қатысуда.  

«Жас Отан» Жастар қанаты аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинар мен тернингтер ұйымдастыруда.

 


«Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалының 2017 жылдың I - тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

«Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалында 98 партиялық топ  28 БПҰ-на  біріккен. 2017 жылдың 01 сәуіріне 3276 партия мүшесі есепте тұрады.

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында 2017 жылдың 1 тоқсанында 1 рет Саяси кеңесі Бюросы отырысы өткізілді.

Сырдария аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес үстіміздегі жылы 3 дөңгелек үстел өткізсе, партиялық бақылау және талдау бөлімі 1 партиялық бақылау отырысын өткізді.

Сырдария аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының 2  фракция  отырысы болып өтті.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын талқылау, Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен БПҰ-мен және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 48 кездесулер мен жиналыстар өткізілді.

2016 жылғы 20 наурызда  өткен сайлауда 1 облыстық, 13 аудандық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясынан ұсынылып, сайланды. «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері-12. Фракцияға Сырдария аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Жұмабаев Жұмабек Әшімұлы жетекшілік етеді.

                 Партияның қоғамдық қабылдауына келер болсақ, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап осы кезге дейін барлығы 52 арыз-шағым келіп түскен.

Келіп түскен өтініштердің қаралу нәтижесіне келер болсақ

 оң шешімін тапқан өтініші-14 ;

заңды кеңес берілгені-38;

         Аудандық мәслихаттағы 13 депутаттың барлығы партиядан ұсынылып, сайланғандықтан аудандық филиалдың шешімдерін орындауға атсалысу депутаттардың міндеті болып саналады. Олар аудандық партия филиалының Саяси кеңес бюросында бекітілген кестеге сәйкес филиалда қоғамдық қабылдау өткізеді және өздері сайланған округ аумағындағы бастауыш партия ұйымдарына бекітіліп, ішкі партиялық, саяси-идеологиялық, мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыруға көмектесіп келеді.

Аудандық партия филиалы үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі түрде бірге жұмыс жасап, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар ұйымдары жаңа сипаттағы формаларды қолданып ел алғысына бөленуде. Осындай белсенді ұйымдармен бірігіп жұмыс атқару партияның басым бағыттарының бірі. Партия мүшелерінің белсенділігін арттыру, азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік маңызды мәселелерді кең көлемінде талқылауды ұйымдастыру партия жұмыстарының міндеттері болып табылады.

Еліміздің болашағы –жастармен жұмыс нығайтылып, жастар саясатын нәтижелі жүргізу өз жемісін беруде. Қазір «Жас Отан» жастар қанатының белсенділігі артып, жастар көшбасшысы атанып отыр.

Қазіргі уақытта Елбасы отыз дамыған елдің қатарына ену туралы мақсат қойып отырған барша Қазақстандықтарға белгілі. Осы бағытта «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегия, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама, бес институционалдық реформа,100 нақты қадам Ұлт жоспары қабылданды. «Нұр Отан» -басқарушы партия, үлкен саяси күш ретінде осы құжаттарды негізге ала отырып  «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл партиялық құжат алдағы бес жылдағы дамудың негізгі бағыттарын айқындап берді.

 


 «Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалының 2016 жылы атқарған жұмыстарының

АҚПАРАТЫ

 «Нұр Отан»  партиясы Сырдария аудандық филиалына қарасты 28 бастауыш партия ұйымдары бар. 3279 партия мүшесі есепте тұрады.

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында 2016 жылы 5 рет Саяси кеңесі Бюросы отырысы, 2 рет Саяси кеңесі отырысы және 3 рет кезектен тыс конференция өткізілді.

Сырдария аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес үстіміздегі жылы 5 дөңгелек үстел өткізсе, партиялық бақылау және талдау бөлімі 3 партиялық бақылау отырысын өткізді.

Сырдария аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының 2016 жылы 8  фракция  отырысы болып өтті.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын талқылау, Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі  бойынша және жер мәселесіне орай жер кодексіне енген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен БПҰ-мен және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 115 кездесулер мен жиналыстар өткізілді.

2016 жылғы 20 наурызда  өткен сайлауда 1 облыстық, 13 аудандық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясынан ұсынылып, сайланды. «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері-12. Фракцияға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімі басшысы Жұмабек Әшімұлы Жұмабаев жетекшілік етеді.

            Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, ахуалы ауыр өзекті мәселелерді шешу үшін әр айдың екінші аптасының бейсенбі күндері сарапшы топ отырысын өткізіп келеміз. Сарапшы топ құрамының басым бөлігі аудандық мәслихаттың депутаттары,сарапшы топтың  құрамы мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сараптамалық топтың хатшысы т.б қамтылған. 2017 жылдың 01 қаңтарына ауданымызда 4 сарапшы топ отырысы өткізілді. Таратып айтар болсақ: «Білім және ғылым»- бағыты бойынша 1;  «Ұлт денсаулығы» бағыты бойынша-1;  «Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету» бағыты бойынша- 1; «Жұмыспен қамту және тұрғындардың кірісі» бағыты бойынша- 1; отырыс өткізіліп, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып, айтылған ұсыныстар бойынша шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар 2017 жылдың 01 қаңтарына қоғамдық саяси жұмыстар бағытында  115 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының орындалу жайы қозғалды. Партияның арнайы жобалары бойынша «Ардагерлерді ардақтайық»- 12; «Бақытты балалық шақ»-15; «Кедергісіз келешек»-11;  «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел»-15; «Жастар Отанға»-2; «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту»-6; «Айқын тариф»- 5; «Ұлы Дала Елі»-5  жоба іске асырылды. Сондай ақ «Әділет кеңес береді», «Жолда қабылдау» акциялары тұрақты түрде өткізіліп, оған 1500-ге жуық адам қамтылды.

        Партияның қоғамдық қабылдауына келер болсақ, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 2016 жылы барлығы 152 арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде жазбаша өтініштер үлесі 32%, ауызша 68% құрады.

Келіп түскен өтініштердің қаралу нәтижесіне келер болсақ

 Барлық өтініштердің оң шешімі табылғаны - 48% құрады ;

Қалғанына нақты заңды кеңес берілгені-яғни 52% ;

«Жас Отан» жастар қанатының белсенділігі артып, жастар көшбасшысы атанып отыр.

Қазіргі уақытта Елбасы отыз дамыған елдің қатарына ену туралы мақсат қойып отырған барша Қазақстандықтарға белгілі. Осы бағытта «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегия, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама, бес институционалдық реформа,100 нақты қадам Ұлт жоспары қабылданды. «Нұр Отан» -басқарушы партия, үлкен саяси күш ретінде осы құжаттарды негізге ала отырып  «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл партиялық құжат алдағы бес жылдағы дамудың негізгі бағыттарын айқындап берді.

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы Ел игілігі жолында Елбасы қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосады деп нық айтуға негіз бар.


 

"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының" 2017 жылдың

ІІІ тоқсанында атқарған  жұмыстары

2017 жылы аудандық Жастар орталығы жастар арасында түрлі бағыттағы 91 шара өткізіліп, 2560 жас қамтылды. Оның ішінде  NEET санатына жататын жастармен спорттық сайыс-9, кездесу-6, кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында, кеңес беру-11, халық көп шоғырланған ортада жастарға кәсіптік бағдар беру, "Жасыл ел" "Жас құрылысшылар" еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу, Жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық жергілік учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп айына 2 рет түнгі рейдтер тұрақты ұйымдастырылып отыр. Жастар орталығының мамандары қазіргі  таңда  ауданымыздың 1359 жасына  жан – жақты кеңестер берді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша маусым, шілде, тамыз айларында - 102 жас жұмыспен қамтылса, "Құрылыс жасағы " бойынша 12 жас жұмыспен қамтылды.

Аталған "Жасыл ел" еңбек жасағы маусымдық жұмыс аясында Тереңөзек кентінің көркейту-көгалдандыру жұмыстарына араласуда.


«Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының» 2017 жылдың

 ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары

Үстіміздегі жылдың 12 қаңтар күні аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың №8 қаулысымен «Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 7 маман  жұмыс жасауда. 

Ресурстық орталықтың мақсаты: Аудан жастары мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.      

 Ресурстық орталық ауданымызда өзінің максаты мен міндетін орындау үшін келесі функцияларды іске асырып келеді.

-жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуде;

-жастардың мекен-жайы, тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша адресті жұмыстарды жүргізіп келеді;

-жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етіп, кәсіптік бағдар беруде;

 -жастардың проблемалары мен қажеттіліктері бойынша басымдықтарын анықтайтын ақпараттар жинауды жүзеге асыруда;

Бүгінгі күні Жастар ресурстық орталығы жастар арасында түрлі бағыттағы 72 шара өткізіліп, 1380 жас қамтылды. Шаралар барысында және ауданымыздағы жастар көп шоғырланатын жерлерде жастарға кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Жастар орталығының мамандары қазіргі таңда ауданымыздың 753 жасқа жан – жақты кеңестер берді.

Аудан жастарымен адресті түрде жұмыс жасау мақсатында, аудан жастарының төлқұжаты жасақталып, жастардың санаттары бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

 


Жастар саясаты бойынша

Сырдария ауданы бойынша  14 пен 29 жас аралығында 11127  жастар бар, бұл жалпы аудан тұрғындарының 29 % құрайды.

Аудан аумағында жастармен жұмыс жасайтын 4 бірлестік тіркелген. Атап айтқанда: «Мирас» жастар ұйымы» ҚБ, «Сырдария жастары» ҚБ, «Сырдария ауданының аула клубтары» ҚҚ, «Алғыр Ой» КЕЖҚ.

Жастар саясатын жүргізу бойынша 2017 жылдың 3 айында жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен жалпы алғанда 24  шара өткізіліп ауданның 420 жас қатысты.

2017 жылдың 24 наурызынан бастап «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.  Орталықта жастармен   7  маман жұмыс жасайды.

 Жастар ұйымдарының барлық шаралары аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жарияланды.


Жастар саясаты бойынша

Сырдария ауданы бойынша  14 пен 29 жас аралығында 11127  жастар бар, бұл жалпы аудан тұрғындарының 29 % құрайды.

Қазіргі күні аудан аумағында жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының саны -4

Атап айтқанда:

1)      «Мирас»жастар ұйымы» ҚБ

2)      «Сырдария жастары»ҚБ

3)      «Сырдария ауданының аула клубтары» ҚҚ

4)      «Алғыр Ой» КЕЖҚ

Жастар саясатын жүргізу бойынша 2016 жылдың 12 айында жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен жалпы алғанда 124  шара өткізіліп ауданның 8300 жастар қатысты.

Жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен ірі көлемді  аудан жастарының саяси лагері-1 рет, аудан жастарының форумы-2 рет, аудан әкімінің кубогы үшін облыстық Жайдарман сайысы-2 рет, қайырымдылық шаралары-4 рет,  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дебаттан турнир -3 рет, жұмыссыз және NEET санатындағы жастармен-31 рет шара өткізілді.

 2016 жылы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі біріккен кеңес отырысы 4 отырыс өткізіп, 11 мәселе қаралды.

Жастар ұйымдарының барлық шаралары аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жарияланды.

  



Сырдария ауданында  2017 жылдың  III-тоқсанында  дінге

байланысты атқарылған жұмыстар

2017 жылдың  26 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтікізіліп,  2 мәселе қаралды.

І-мәселе: «Иман-2013» қоғамдық қорының атқарған және алда тұрған міндеттер тұралы» баяндамашы «Иман-2013» қоғамдық  қорының төрағасы М.Келдібаев.

ІІ-мәселе: «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атқарған және алда тұрған міндеттері тұралы» баяндамашы «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі  Н.Сейтжан.

19–сәуір күні «Сырдария ауданының әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрлерді насихаттау, сақтап қалу-Мәңгілік Ел болудың» алғы шарттары атты дөңгелек үстел.

18-сәуір күні Сырдария ауданы бойынша  өзге ұлт өкілдері қайырымдылық акциясы, «Достық – ең басты байлық» мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауы.

15- мамыр күні «Мерейлі отбасы» байқауы және отбасы күнін атап өту мақсатында шаралар ұйымдастырылды.

1 - маусым күні «Бала біздің болашағымыз» атты аула мекрекесі.

19 – маусым күні «Анасын ардақтаған ел азбайды» байқауы.

21-тамыз күні «Батаменен ел көгерер» аудандық байқауы.

29-тамыз күні «Ақ халатты абзал жандар-денсаулық жаршысы» медецина ардагерлерімен кездесу.

14-қыркүйек күні «Жас отбасы-2017» аудандық байқауы шаралары ұйымдастырылды.

12 мамыр күні кент және ауылдық округтерінде «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Елбасының жолдауын насихаттау» мақсатында кездесу.

«Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен. Үстіміздегі жылдың мамыр айында №35,№36,№210,№131,№135 мектептерде және Сырдария аудандық аграрлы-техникалық колледж студенттермен және оқушылар арасында «Әлеуметтік желілерде Сырдария ауданы туралы дұрыс қоғамдық-саяси пікірді блогерлер арқылы дамыту»  бойынша кездесу ұйымдастырылды.  2017 жылдың 23 маусым күні аудандық «Жалын» тынығу лагерінде 3 шара және аудандық кітапханалар жүйесі қызметкерлерімен жоба аясында семинар өткізілді.

                «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қорынының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында» спорттық шаралар ұйымдастыру жобасы аясында  01 мамыр күні шахматтан спорттық жарыс, 02 маусым күні тоғызқұмалақтан спорттық жарыс, 05 маусым күні дойбыдан спорттық  жарыс,  20 шілде күні зіл темір көтеру спорттық жарыс және 22 шілде күні гір тасын көтеруден спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

«Иман-2013»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» жобасы аясында 27 маусым күні аудандық мұсылмандар мешітінде «Қадір түні» кешіне арналған шара, 12 шілде күні «Діни төзімділік-татулық тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел, 10 тамыз күні «Террристер деген кімдер? Қайдан шығуда?» тақырыбында дөңгелек үстел және 13 қыркүйек күні «Ислам-бейбіт дін» тақырыбында дөңгелек үстел шаралар ұйымдастырылды.


Сырдария ауданында  2017 жылдың  II-тоқсанында  дінге

байланысты атқарылған жұмыстар

Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында 32 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 2544 адам қатысты және 145 дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 16 мақала жарияланды. Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округтерде, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп,  «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны» тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу,тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.

Аудан тұрғындары арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары  қамтылған.

Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2017 жылға «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жұмыс жасауда.

2017 жылдың 21 маусым күні «Иман-2013» қоғамдық қоры аталған жоба аясында аудандық мешіт жамағатына  арнап ауызашар берді. Сонымен қатар, 27 маусым күні аудандық «Мұсылмандар» мешітінде  «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  мешітке келетін жамағат арасында «Құран» жарысы өткізілді. 

Жыл сайын аудаңымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2013 жылы өңірімізде 11 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні аудаңымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 21-ді құрап отыр.

2017 жылдың  25 қаңтар күні «Достық»  үйінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің соңғы бес жылдағы атқарылған жұмыстары жайлы есепті жиыны өтті. Шараға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Божанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Оразымбетова, елді-мекендердегі әйелдер кеңесінің төрайымдары, кент тұрғындары қатысты. Кездесу барысында «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің  2012-2016 жылдары атқарылған жұмыстары есебі жайлы Ұлмекен Жаналиева баяндама жасады.

2017 жылдың 27 наурыз күні  аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтікізіліп, 2 мәселе қаралды.

І-мәселе: «Аудан бойынша мүгедектер арасында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы»  баяндамашы - «Сырдария аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаев;

ІІ-мәселе:  «Сырдария ауданы бойынша әйелдер арасында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы» баяндамашы  - «Сырдария ауданының әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева.


 ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

 ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

-  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.

 ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

 ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек:

ҮЕҰ мәліметтерді МСМ-нің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген нысанға  (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың  31 наурызына дейін:  

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады. 

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

 ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

 Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

 ҮЕҰ Дерекқорына есеп беру нысандарын толтыру жөніндегі  Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).  

 Әкімшілік жауапкершілік:

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).


 3 қосымша

 Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

 1.Жалпы ережелер

1.  Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.

Деректер қорында барлық коммерциялық емес ұйымдар енеді, саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер мен  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 17 бабында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдарын  (оқшау бөлімшелері) қоспағанда [1].

2.Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін келесі түсініктер қолданылады:

1) Деректер қоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәліметтер қоры;

2) Үкіметтік емес ұйымдар – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бірлесіп қолжету мақсатында еркін түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды  тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсіподақтар және діни бірлестіктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі.

3) Уәкілетті орган – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

4) Есепті кезең – Деректер қорына мәліметтер ұсынатын жылға тиісті күнтізбелік жыл.

5) Мәліметтер –үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі тікелей , сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат.

6) Сенімді ақпарат – есепті кезеңде жинақталған мәліметтерді көрсететін, уәкілетті органға немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетін мәліметтер. Ереженің 9 тарауында көрсетілген, уәкілетті органға жіберілген күндегі немесе дерекқорының веб-порталында орналастырылған күндегі ахуал бойынша өзекті болуға тиіс мәліметтер бұдан ерекшеленеді. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды.

7) Уақытында  ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға  дейін ұсынылған мәліметтер. Ал Ереженің 9 тарауында көрсетілген мәліметтер үшін - мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады.

8) Мәліметтер толықтығы – осы Ережеге қатысты қосымшада (кесте формасында) қарастырылған деректер тізімімен ұсынылған мәліметтер мазмұнының сәйкес келуі, сондай-ақ кесте формасындағы қосымша болып табылатын құжаттардың болуы.

9) Жоба - үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы.

10) Бағдарлама – өзара  қатысты жобалар кешені.

11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі натуралдық қалыптағы мүліктер.

2.  Деректер қорына  мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері

 3. Үкіметтік емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тілдерінде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәліметтерді ұсынады.

4. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы  №144  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттық басқару және құжаттандырудың үлгілі Ережесі 48 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарға қажетті реквизиттерді сақтай отырып ілеспе хатпен ұсынады.  

5. Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну мерзімі оларды ұсыну әдістеріне байланысты:

1) қолма-қол жеткізу - уәкілетті органның электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау мерзімі;

2) почта арқылы, тапсырыс хат түрінде жеткізілгендігі туралы хабарлама арқылы - электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау туралы почта операторының  мерзімді белгілеуі;

3) электрондық түрде веб-портал арқылы - кіріс номерді ұсыну және формаларды өңдеу, сервер жүйесімен қабылдау немесе  орталық  тораппен қабылдау мерзімі;

Үкіметтік емес ұйымдармен  қағаз түрінде 31 наурызға  дейінгі мерзімде почта  операторына тапсырылған  мәліметтер почта операторының қабылдау мерзіміне сәйкес  белгіленген мерзімде ұсынылған болып саналады.

Үкіметтік емес ұйымдар электрондық түрде 31 наурызға  дейінгі мерзімде телекоммуникация жүйесі бойынша хабарланған мәліметтер мерзімінде ұсынылған болып саналады.

6.  2017 жылдың 1 наурызынан бастап  үкіметтік емес ұйымдар  веб- портал енгізумен байланысты, веб- портал арқылы өз бетімен Деректер қорына мәліметтерді енгізе алады және өзгерістер болған жағдайда жаңарта алады. 2017 жылдың 1 наурызына дейін  үкіметтік емес ұйымдар  мәліметтерді  Деректер қорына  енгізетін уәкілетті органға  жолдайды.

7.  Уәкілетті органға  ұсынған форма түрінде толтырылған мәліметтер  қолма- қол жеткізу немесе қағаз түрінде ілеспе хатпен почта арқылы және электрондық түрде (CD –дискіде немесе Word форматында USB –флэш-жинақтаушысында)   жіберіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға мәліметтерді электрондық түрде  веб- портал  арқылы беруді  үш сатымен жүзеге асырады:   

1) нұсқаулық бойынша деректерді енгізу жолымен құпия сөз  және логин  алу  арқылы веб-порталға кіру;

2) веб- порталда  дереккөздерді тіркеу номерін алу жолымен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу;

3)  веб-порталға мәліметтер енгізу.

9. Нысанда ескерілген мәліметтерге өзгерістер енгізген кезде, атап айтқанда:

1) «Жалпы деректер»  1 тарауында  көрсетілген  (қызметкерлер  туралы  мәліметтерді қоспағанда) мәліметтер;

2)  3 тарау тармағының 3 тарауында көрсетілген мәліметтер  (ағымдағы күнпарақ жылының ҚР гранттық қаржыландыру бюджеті).

Үкіметтік емес ұйымдар  осы туралы уәкілетті  органдарға  жиырма жұмыс күні ішінде  өзгерістерді  төмендегі  жолдармен хабарлауға міндетті:

1) уәкілетті органға  почта немесе қағаз түрінде  немесе электрондық тасымал (CD дискісінде немесе Word форматында USB- флеш-жинақтаушысында)  жіберумен;

2) электрондық түрде веб-порталға орналастырумен.

 3. Нысанды толтыруға жалпы талаптар

10. Нысанның келесі тармақтарын толтыру міндетті емес (үкіметтік емес ұйымдардың өзінің қарауы бойынша):

1) Басшы туралы мәліметтер (жеке куәлік номері, берілген күні,  жарамдылық мерзімі, құжат берілген орган атауы; жұмыс өтілі; байланыс телефондары;  (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номерлері мен  электрондық почтасы); ЖСН; диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі);

2) Бас бухгалтер туралы мәліметтер (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номері мен  электрондық почтасы);

3) Үкіметтік емес ұйымның  банктік есепшоты реквизиттері (банк атауы, банктің БСК, есеп айырысу шоты (ЖСК);

11. Нысанның барлық тараулары таңбалық  әріптерімен кейбір сөздерді қысқартпай, мөлшері 12 шрифт көлемінен кем болмауы тиіс.

12.  Қарсы жауаптар берілетін Нысан  тарауларында  «жоқ» сөзімен толтырылады. Үкіметтік емес ұйымдарға сай келмейтін Нысан тарауларында берілген  (филиалға немесе шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілдеріне) өздері туралы мәліметтерде  «сай емес» деген сөзбен толтырылады.

3.  Нысанның жекелеген тараулары/ бөліктерін толтыру талаптары

 13. 1 тарау 2 бөлігіндегі мәліметтерді қоғамдық бірлестік ұйымдық -құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдар толтырмайды.  Аталған ұйымдар бастамашы - азаматтар және/немесе қоғамдық бірлестік тізімі көшірмесін ұсынады (егер олар аталған қоғамдық бірлестіктің құрылуына қатысқан болса). Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) осы тарауда ұйымды құрушы заңды тұлға туралы мәліметтерді көрсетеді.

14. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәлімет»  1 тарауында еңбек шарты жасалған және әлеуметтік еңбек демалысында (жалақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала асырап алу; үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс) жүргендерді есепке алумен  қызметшілердің жалпы санын көрсетеді.

15. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер»  3 бөлігіндегі  «Жалпы мәлімет» 1 тарауының 1.1) тармақшасында Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат алуға талап етілмейтін және еңбек шарты жасалған қызметшілердің жалпы саны көрсетіледі. 

16. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.2) тармақшасында өзінің волонтерлеріне (еркін түрде) есеп жүргізетін және/немесе жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік қызмет етуге келіскеншарты бар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан толтырылады.

17. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.3) тармақшасында Қазақстан Республикасының аумағында үкіметтік емес ұйымдардың ықпалымен жұмыс істеуге тартылған шетелдіктер деп танылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың, 

_______________________________________

 [1]Аталған мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында гранттар беретін және тиісті бекітілген бюджеттері бар  шетел және халықаралық коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) ғана тапсырады.

3Бұл талаптар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап іске енгізіледі.

 сондай-ақ,  Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге арнайы рұқсатты талап ететін шетелдік қызметшілердің саны көрсетіледі.   

18. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1  тарауының 2.9) тармақшасында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген басшысы есеп беру кезінде үкіметтік емес ұйымның құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) болған коммерциялық емес ұйымдардың атаулары көрсетіледі. Қоғамдық және діни бірлестіктердегі құрылтайшылығын  көрсету талап етілмейді.

19. 3 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1тарауында еңбекшарты негізінде жұмыс істейтін бас бухгалтер туралы мәлімет көрсетіледі.  Егер үкіметтік емес ұйымда аталған қызмет болмаған жағдайда ұйымда бас бухгалтердің міндетін атқаратын қызметші туралы мәліметтер  көрсетіледі.

20. «Жалпы мәліметтер» 1 бөлігіндегі «Филиалдар мен өкілдіктер» 5 тарауында  қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне қатысы туралы толтырады.

21. 3 тарау 1 бөлігінің 2 тарауында  мақсатты аудитория ол үкіметтік емес ұйымның қызметіне қатысты немесе біреудің мүддесіне қызметті іске асыратын  адамдар тобы түсіндіріледі.

22. 5 тараудың «Қызмет бағыты» 1 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымның (республикалық, аймақтық, жергілікті) аумақтық мәртебесі жарғысы негізінде көрсетіледі. Егер үкіметтік емес ұйым «аймақтық» немесе «жергілікті» мәртебесіне ие болса, үкіметтік емес ұйымның филиалдары мен өкілдіктері тіркелген облыстың  атауы көрсетіледі.

23. 4 тараудың  «Есеп беру кезеңінде аяқталған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымдар жобалар/бағдарламалар іс-әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген жобалар/бағдарламалардың  нақты жалпы сомасын көрсетеді, ал шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары жобаның/бағдарламаның іс-әрекеті кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген дәлелді жобаның/бағдарламаның аясындағы  нақты қаржыландыруын көрсетеді. Егер жобалар/бағдарламалар шетелдік валютада қаржыландырылған болса, үкіметтік емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күніне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс  берушінің, грант берушінің шартында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен валюта бағамына сай нақты бюджеттің жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргізеді. 

24. 7 тараудың  «Есеп беру кезеңінде орындалған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тармағында еркін формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысы орындалған жоба/бағдарлама туралы қысқаша сипаттаумен  ақпарат беріледі. 

25. 6 тараудың «Жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар» 3 бөлігіндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында жобалар/бағдарламалар атқарушылары донорлық ұйым, тапсырыс беруші, грантберушімен шарт мәтінінде олар туралы мәліметтер болған кезде көрсетіледі.

26. «Есепті кезеңде аяқталған жүзеге асырылған жобалар/ бағдарламалар» 2 тарауының және «Жүзеге асырылатын жобалар/ бағдарламалар» 3 тарауының  «Қызметі туралы мәліметтер» 2 бөлігінде,   сондай-ақ үкіметтік емес ұйымныңың өз қаржаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар туралы  ақпарат көрсетіледі. Бұл кезде 1 тараудың  2 бөлігіндегі және 1 тараудың  3 бөлігіндегі 2 тарауда «өзін өзі қаржыландырады» деп көрсету қажет. 

27.  «Ынтымақтастық/әріптестік туралы құжаттар жасалған ұйымдар/ органдар» 4 бөлігіндегі «Қызмет туралы» 2 тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының атауы немесе олармен ынтымақтастық/әріптестік көрсететін, олармен қандай бір құжаттарға   шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың, қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қандай болмасын құжаттарына қол қойылғаны көрсетіледі. Осы тарауда 2 және 3 бөліктеріндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында аталғандар көрсетілмейді. 

28.  «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 3 тараудың 2 бөлігіндегі  «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңдегі келесі төрт жіктеме бойынша жалпы түсім сомалары көрсетіледі:

1)  Құрылтайшылардан түсетін жалпы сома түсімдері (қатысушылар, мүшелер) (1 тарау)

2) Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқандағы табыстың жалпы сомасы ( 2 тарау);

3) Басқада заңмен тиім салынбаған түсімдер ( 2 тарау);

4)  Ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы (3 тарау).

29. «Мүлікті қалыптастыру көздері» 1 тараудың 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында үкіметтік емес ұйымдар құрылтайшылардан (қатысушылар, мүшелер) түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

«Құрылтайшылар (қатысушылар/ мүшелер) түсімдері» деп кіру және мүшелік жарналар, ерікті мүліктік жарналар (салымдар) және қайрымдылық аударылмдарынан және үкіметтік емес ұйымдардың оның құрылтайшыларынан (қатысушылар, мүшелер) алынған басқа да тегін мүліктер жатады.

Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері,  осы тарауда оны құрған заңды тұлғадан түскен ақшалай түсімдер көрсетіледі.

30. «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 2 тарау 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында мүлікті қалыптастыру көздерінің екі жіктеме бойынша жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі:

1) Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқанда алынған табыстардың жалпы сомасы;

2)  Заңмен тиым салынбаған түсім табыстарының жалпы сомасы.

Бірінші  жіктеме  бойынша көрсетіледі:

А) Үкіметтік емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметтен дивидент түрінде алынған кірістері. Бұндай табыс егер үкіметтік емес ұйым өзінің ақшасын қаржы –несиелік мекемелердің депозиттік  және кіріс шоттарында, бағалы қағаздарында, сондай-ақ ҮЕҰ құрылтайшы болып табылатын ұйымнан дивиденттер алған кезде сақтайды.

Б) кәсіпкерлік қызметтен, заңмен белгіленген жағдайларда товарлар, жұмыстар,қызметтерді іске асырудан түскен табыстар түрінде, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шарты бойынша алынған табыстар.

Екінші жіктеме  бойынша көрсетіледі:

Заңмен тиым салынбаған, 1 тараудың және  3 тараудың 2 бөлігіндегі  3 тарауда көрсетілгендерден басқа табыстар. 

Үкіметтік емес ұйымдардың «заңмен тиым салынбаған басқа да табыстары» болған кезде ондай табыс көздері көрсетілуге тиісті.

31. 3 тарау 2 бөлігіндегі  3 тарауында ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы көрсетіледі,  олар мыналар болып табылады: гранттар, мемлекттік сыйлықтар және тегін алынған басқа да мүліктер (қайырылымдық, демеушілік, меценаттық көмектер, қайрылымдық  аударылымдарымен  тағы басқа),құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) түсімдерінен басқа.

32. «Ақшалай қаражат шығындары бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымнан басқа ұйымға жарна түрінде аударылған, үкіметтік емес ұйым оның мүшесі/құрылтайшысы болып табылатын,  аударылған ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.

33. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарау 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауда үкіметтік емес ұйымды ұстау шығындарының (коммуналдық шығындар, жалға алу, әртүрлі қызмет түрлері, еңбек ақы шығындары мен  басқа да шығындар) жалпы сомасы көрсетіледі.

34. Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым  мүшесі болып саналатын басқа коммерциялық ұйымдарға аударылған міндетті мүшелік жарналардың сомасы көрсетіледі.

35. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 4 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында   есепті кезеңде іске асырылған және іске асырылатын жобалар/бағдарламалар шеңберіндегі ісшаралар (тренингтер, конференциялар, форумдар, зерттеулер, дөңгелек столдар және тағы басқа) өткізу шығындарының жалпы сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, аталған тарауға үкіметтік емес ұйымның басқа ұйымға /органға/ жеке тұлғаға мүлік түрінде тегін берілген, оның ішінде қайырылымдық көмек, демеушлік көмек, қайырылымдық аударылымдары жатады. Егер үкіметтік емес ұйым №130 салық декларациясында  ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруды көрсетеді, олар сондай-ақ 4 тараудың 3 бөлігіндегі 3 тарауына да кіргізу қажет.     

36. 1,2,3,4 тараулардың 3 бөлігіндегі 3 тарауда көрсетілген сомалар №130 салық декларациясында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиісті (осындай декларация тапсыратын үкіметтік емес ұйымдар үшін).

Нысанға қосымша:

1. PDF форматында сақталынған  құрылтайшы құжаттардың сканерленген көшірмелері:

1) мекеме үшін  - меншік иесі (иелері) бекіткен ереже (жарғы) және құру туралы меншік иесінің (иелерінің) шешімі;

2)қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (кеңес) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, басқа да ұйымдық -құқықтық нысандар үшін  –  құрылтайшылар бекіткен Жарғы және құрылтайшылық шарт.

3)  қоғамдық бірлестіктер үшін – Жарғы.

4) бір тұлға (бір қатысушы) бекітетін коммерциялық емес акционерлік қоғамдар үшін – жарғы (ереже) және заңды тұлға (жалғыз құрылтайшы шешімі) бекіткені  туралы жазбаша түрде хатталған шешім.

5) осы нысандағы ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар үшін – үлгі ереже. Шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері филиал (өкілеттік) туралы Ереже мен филиалдардың (өкілеттіктер) басшысына сенімхат ұсынады.

2. Есеп беру кезеңде бухгалтерлік баланс алдын ала шығарылып, ұйымның бірінші басшысының қолымен және ұйым мөрімен расталған баланстың сканерленген көшірмесі түрінде ұсынылады. Баланстың сканерленген көшірмесі PDF форматында ұсынылуы тиіс.

 

Мәліметтер жіберілетін мекен- жай:

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі»  

Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы

Телефондар +7 (7172) 74-11 -73, 74-13-12

 


[1]Білім беру автономдық ұйымдары, автономдық кластерлық қор, нотариалдық палаталар,адвокаттар коллегиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот атқарушыларының республикалық палатасы, кәсіби аудиторлар  ұйымы,  пәтер иелерінің кооперативтері.

 

 


 4 қосымша

 

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

 ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

    ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

         Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

         Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді. 

         ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі?

        1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (41-бабының 5-тармағы).

       2. «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен. 

         ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  беру қажет.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

     ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес  қазақ және орыс тілдерінде беріледі. 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?

Мәліметтер:

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

-2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады. 

 Мәліметтерді пошта арқылы қай мекен-жайға жолдау керек:

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді келесі мекен-жайға жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті. 

     http://www.register-ngo.kz ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайтына мәліметтер беруге бола ма?

Жоқ, ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

          Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?

         ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).       

      ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Электронндық мекен-жай: 74-04-28@mail.ru

         Үкіметтік емес ұйымдарға ҮЕҰ Дерекқоры не үшін қажет?

     ҮЕҰ Дерекқоры қоғам мен донорлар үшін ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы көмек қажет ететін азаматтар ҮЕҰ туралы керек ақпаратын ала алады, басқа ҮЕҰ мен донорлар әлеуетті ҮЕҰ серіктестерді таңдап, оларды дұрысырақ біле алады.         

Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларында қарастырылған ҮЕҰ-ның есеп беру нысандары жетілдіріле ме?

Ия. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып Қағидаларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 

         Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

 1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер бермеген ҮЕҰ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары болды ма?

Бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлар болған жоқ. Қазіргі уақытта үкіметтік емес секторда кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.  

ҮЕҰ Дерекқорында тіркелмеген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар жөніндегі конкурстарға қатыса ала ма?

ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде өлшемдердің бірі болып табылады және жалпы ұпайлардың қосындысына әсерін тигізеді. 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.


 5 қосымша

 Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат

 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»          2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды (түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Заңымен енгізілді).

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

ҮЕҰ өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен реттеледі.

Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (ДІАҚМ) Қағидаларға қосымша берілген нысанға сәйкес (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  :

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады. 

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

ДІАҚМ-нің ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты бөлімшесі: ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47 «жедел желі» телефондарына хабарласу қажет.

Сондай-ақ ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің    74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру жөніндегі Нысан, Жадынама, Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы сайттарында орналастырылған.

ДІАҚМ мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті. 


 

Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры жөнінде видеографика бойынша сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=FSwCU2jxWrI немесе(https://drive.google.com/open?id=0B_i-YgqrXf1VenpzSEtEdWJYTUU)

 

https://www.youtube.com/watch?v=bOZ2aMslfh0 немесе

(https://drive.google.com/open?id=0B_i-YgqrXf1VQVdzenNTcGFLNWs)

 



 

Сырдария ауданында  2017 жылдың  III-тоқсанында  дінге байланысты атқарылған жұмыстар 

Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 37 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 3011 адам қатысты және 204  дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 28 мақала жарияланды. Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округтерде, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп,  «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны» тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу,тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.

Аудан тұрғындары арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары  қамтылған.

Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2017 жылға «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жұмыс жасауда.

2017 жылдың 21 маусым күні «Иман-2013» қоғамдық қоры аталған жоба аясында аудандық мешіт жамағатына  арнап ауызашар берді. Сонымен қатар, 27 маусым күні аудандық «Мұсылмандар» мешітінде  «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  мешітке келетін жамағат арасында «Құран» жарысы өткізілді.

2017 жылдың 21-23 тамыз аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен экстремистік діни идеология ағымдарына қарсы бағытталған жұмыстар бойынша аудандық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Асқарұлы, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Бұхарбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары бірлесіп Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған елді-мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні «Құрбан» айт мерекесіне орай, аудандық «Мұсылмандар» мешітінде жастар мен мешітке келетін жамағаттың қатысуымен «Құран» оқу және азан айту жарысы ұйымдастырылды.

Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жоба аясында 2017 жылы  26-30 қыркүйек аралығында аудандық «Мұсылмандар» мешітінде елді мекендердегі діни қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында 5 күндік оқыту семинары өткізілуде.

 


 

Сырдария ауданында дін саласы бойынша 2017 жылдың

 

 

IІ-тоқсанында  атқарылған жұмыстардың есебі

 

Жыл сайын аудаңымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2013 жылы өңірімізде 11 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні аудаңымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 21-ді құрап отыр.

2017 жылдың  25 қаңтар күні «Достық»  үйінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің соңғы бес жылдағы атқарылған жұмыстары жайлы есепті жиыны өтті. Шараға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Божанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Оразымбетова, елді-мекендердегі әйелдер кеңесінің төрайымдары, кент тұрғындары қатысты. Кездесу барысында «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің  2012-2016 жылдары атқарылған жұмыстары есебі жайлы Ұлмекен Жаналиева баяндама жасады.

2017 жылдың 27 наурыз күні  аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтікізіліп, 2 мәселе қаралды.

І-мәселе: «Аудан бойынша мүгедектер арасында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы»  баяндамашы - «Сырдария аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаев;

ІІ-мәселе:  «Сырдария ауданы бойынша әйелдер арасында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы» баяндамашы  - «Сырдария ауданының әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева.

2017 жылдың 22 маусым күні  аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтікізіліп, 2 мәселе қаралды.

І-мәселе: «Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар туралы» баяндамашы аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Е.Жақыпов.

ІІ-мәселе: «Аудан бойынша ардагерлер арасында өткізіліп жатқан шаралар туралы» баяндамашы Сырдария ауданндық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы.

19 – сәуір күні «Сырдария ауданының әйелдері»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрлерді насихаттау, сақтап қалу-Мәңгілік Ел болудың» алғы шарттары атты дөңгелек үстел.

18-сәуір күні Сырдария ауданы бойынша  өзге ұлт өкілдері қайырымдылық акциясы, «Достық – ең басты байлық» мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауы.

15- мамыр күні «Мерейлі отбасы» байқауы және отбасы күнін атап өту мақсатында шаралар ұйымдастырылды.

1 - Маусым күні «Бала біздің болашағымыз» атты аула мекрекесі.

19 – маусым күні «Анасын ардақтаған ел азбайды» байқауы шаралары ұйымдастырылды.

12 мамыр күні кент және ауылдық округтерінде «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Елбасының жолдауын насихаттау» мақсатында кездесу.

«Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен. Үстіміздегі жылдың мамыр айында №35,№36,№210,№131,№135 мектептерде және Сырдария аудандық аграрлы-техникалық колледж студенттермен және оқушылар арасында «Әлеуметтік желілерде Сырдария ауданы туралы дұрыс қоғамдық-саяси пікірді блогерлер арқылы дамыту»  бойынша кездесу ұйымдастырылды.  2017 жылдың 23 маусым күні аудандық «Жалын» тынығу лагерінде  3 шара  және аудандық кітапханалар жүйесі қызметкерлерімен жоба аясында семинар өткізілді.

 

 


 Сырдария ауданында дін саласы бойынша 2017 жылдың

 

I-тоқсанында  атқарылған жұмыстардың есебі

Сырдария ауданында діни ахуал тұрақты. 2017 жылы аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген 14-мұсылман  мешіті қызмет атқарады.

Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылы қаңтар-наурыз айлары аралығында 19 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 1065 адам қатысты және 75 дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 8 мақала жарияланды. Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округтерде, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп,  «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны» тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу,тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.

Аудан тұрғындар арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары  қамтылған.

Ауданда дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында аудан имамы, аудандық ішкі саясат бөлімі және тиісті органдар тарапынан бақылауға алынып, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.    


 Сырдария ауданында дін саласы бойынша  2016 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

 Сырдария ауданында діни ахуал тұрақты. 2016 жылы аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген 14-мұсылман  мешіті қызмет атқарады.

Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылы түрлі форматта 102 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 3129 адам қатысты және 2959 дана ақпараттық материалдар және 600 диск таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 66 мақала жарияланды. Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары, түрлі сала мамандары, колледж студенттері, мектеп оқушылары арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы,  діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу, тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты ұйымдастырылды.

Сырдария ауданы бойынша өткізілген барлық іс-шараларда «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны», тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Аудан тұрғындар арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары  қамтылған.

Ауданда дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында аудан имамы арнайы 5 рет кездесу жүргізді. Облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, теолог 2 рет кездесті.

Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2016 жылы әлеуметтік жоба семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізілді. 

Діни бірлестіктер саны, барлығы 14 мешіт.

 1. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі филиалы«Сырдария аудандық мұсылмандар» мешіті;

2. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі филиалы««Молдабек Ата» мешіті;

3.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы филиалы«Шаған» мешіті;

4.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Ақжарма ауылындағы филиалы«Басапа ишан» мешіті;

5.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылындағы филиалы«Тапал ахун» мешіті;

6.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылындағы филиалы«Міркемел калпе» мешіті

7.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Жетікөл ауылындағы филиалы«Асана» мешіті

8.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы филиалы«Садуақас молда» мешіті

9.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, А. Токмаганбетов ауылындағы филиалы «Ауыл» мешіті

10.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Іңкардария  ауылындағы филиалы «Іңкәрдария» мешіті

10.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Іңкардария  ауылындағы филиалы «Іңкәрдария» мешіті

11.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Бесарық ауылындағы филиалы «Елеусіз ата» мешіті

12.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Аманкелді ауылындағы филиалы «Сайфназар» мешіті

13.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Н. Ілиясов ауылындағы филиалы «Айтбай» мешіті

14.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылындағы филиалы «Қоғалыкөл» мешіті 

жалпы саны – 14.  

діни ғимараттар саны– 14.          

 

 

Сырдария ауданында  2017 жылдың  III-тоқсанында қоғамдық кеңес туралы атқарылған жұмыстар

Сырдария ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде Сырдария аудандық қоғамдық кеңесі қаңтар 2017 жылы наурыз айына дейін 8 отырыс өткізіп, 18  мәселе талқылады.  Мәселер қатарында  жер салығының  мөлшерлемесі, елді-мекендердің шекарасын белгілеу,  жұмыс орындарына квота белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу мәселелер қаралды.          

2017 жылдың 4 шілде күні «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамдық кеңес отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібінде 3 мәселе талқыға салынды.  

2017 жылдың 21 қыркүйегі күні аудандық ішкі саясат бөлімінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы ұйымдастырылып, «Сырдария аудандық Қоғамдық кеңестің  хатшысын және төралқа құрамын сайлау туралы» және «Кент тұрғындарының жұмысқа орналасуы барысында  қоғамдық кеңестің бақылауын жүзеге асыру туралы» 2 мәселе қаралды.

 Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №122 шешіміне сәйкес кеңес құрамына 4 адам енгізілді.


Сырдария ауданында  2017 жылдың  II-тоқсанында қоғамдық кеңес туралы атқарылған жұмыстар

 

            Сырдария ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы     2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде Сырдария аудандық қоғамдық кеңесі қаңтар 2017 жылы наурыз айына дейін 8 отырыс өткізіп, 18  мәселе талқылады.  Мәселер қатарында  жер салығының  мөлшерлемесі, елді-мекендердің шекарасын белгілеу,  жұмыс орындарына квота белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу мәселелер қаралды.

         Сонымен қатар, қаңтар айында Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің     2017 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

 

         2016 жылдың 25 қаңтары күні аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. 

 

 

         Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаевтың бекітуімен  аудан әкімі орынбасарларының аудандық қоғамдық кеңес алаңында қоғамдық тыңдауының кестесі әзірленіп, 2017 жылдың 02 ақпаны күні аудан әкімінің экономика саласы бойынша орынбасары Қ.Мыңбаев, 09 ақпанда идеология саласы бойынша орынбасары Б.Өтегенова, 22 ақпанда аудан әкімінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары Б.Лекеров қоғамдық тыңдау өткізді. 

2017 жылғы 28 наурызда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз-туры ұйымдастырылып, аудандық қоғамдық кеңес жұмысы ақпараттандырылды. 

 

2017 жылдың 24 маусымы күні  «Аудандық қоғамдық кеңесі жұмысын қолдау» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамдық кеңестің семинарын өткізді. Кеңес отырысы барысында қоғамдық кеңестің міндеттері мен жоспары талқыланды. 

 


 


Сырдария ауданында  2017 жылдың  I-тоқсанында қоғамдық кеңес туралы атқарылған жұмыстар

 

Сырдария ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде Сырдария аудандық қоғамдық кеңесі қаңтар 2017 жылы наурыз айына дейін 5 отырыс өткізіп, 9  мәселе талқылады.  Мәселер қатарында  жер салығының  мөлшерлемесі, елді-мекендердің шекарасын белгілеу,  жұмыс орындарына квота белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, қаңтар айында Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің     2017 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

2016 жылдың 25 қаңтары күні аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. 

 

Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаевтың бекітуімен  аудан әкімі орынбасарларының аудандық қоғамдық кеңес алаңында қоғамдық тыңдауының кестесі әзірленіп, 2017 жылдың 02 ақпаны күні аудан әкімінің экономика саласы бойынша орынбасары Қ.Мыңбаев, 09 ақпанда идеология саласы бойынша орынбасары Б.Өтегенова, 22 ақпанда аудан әкімінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары Б.Лекеров қоғамдық тыңдау өткізді.   

2017 жылғы 28 наурызда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз-туры ұйымдастырылып, аудандық қоғамдық кеңес жұмысы ақпараттандырылды. 


Сырдария ауданында  2016 жылдың  IV-тоқсанында қоғамдық кеңес туралы атқарылған жұмыстар

Сырдария ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде Сырдария аудандық қоғамдық кеңесі қаңтар 2017 жылы наурыз айына дейін 2 отырыс өткізіп, 6 мәселе талқылады.  Мәселер қатарында  жер салығының  мөлшерлемесі, елді-мекендердің шекарасын белгілеу,  жұмыс орындарына квота белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, қаңтар айында Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің     2017 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

2016 жылдың 25 қаңтары күні аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.  

Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаевтың бекітуімен  аудан әкімі орынбасарларының аудандық қоғамдық кеңес алаңында қоғамдық тыңдауының кестесі әзірленіп, 2017 жылдың 02 ақпаны күні аудан әкімінің экономика саласы бойынша орынбасары Қ.Мыңбаев, 09 ақпанда идеология саласы бойынша орынбасары Б.Өтегенова, 22 ақпанда аудан әкімінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары Б.Лекеров қоғамдық тыңдау өткізді.   


 Сырдария аудандық қоғамдық кеңес туралы мәлімет

                    (2016 жыл, қаңтар-желтоқсан) 

Сырдария ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-В Заңы негізінде аудандық мәслихаттың шешімімен «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы» құрылып, құрамына 7 адам бекітілді. Аталған жұмысшы топ қоғамдық кеңес мүшелігіне жинақталған ұсыныстар негізінде мәслихат отырысының күн тәртібіне қоғамдық кеңесті құру жөнінде мәселе қойып, тиісінше аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 ақпандағы «Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» № 376 шешіміне сәйкес қоғамдық кеңестің құрамы бектілді.

2016 жылдың 11 ақпан күні аудандық қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары жасалып, бектілді.

2016 жылдың 12 ақпан күні Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, күн тәртібіне кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау туралы мәселе қойылып төмендегідей  құрамда қалыптасты:  

 

1.     Омаров Марат-қоғамдық кеңес төрағасы

2.     Зетов Шынтас-кеңес төрағасының орынбасары

3.     Мырзахметова Алимаш-кеңес хатшысы

Қоғамдық кеңес құрамы:  

4.     Әбенұлы Хайролла

5.     Жаналиева Ұлмекен

6.     Сауытбаев Бақытжан

7.     Бахтияров Ержан

8.     Есенов Расул

9.     Дүзімбетов Марат

10.  Бақтиярова Алмагүл

11.   Жақыпов Ержан

2016 жылдың  13 ақпаны күні аудандық қоғамдық кеңес мүшелері алдында аудан әкімі Ғ.Қ.Қазантаев есеп берді.

 Сырдария аудандық қоғамдық кеңес құрылған уақыттан бері 13 отырыс өткізіп, 26  мәселе бойынша талқылау жүргізген:  Оның ішінде: аудан бюджетінің игерілуі, мүмкіндігі шектеулі және жазасын өтеп келген азаматтарды жұмысқа орналастыру, комиссия құрамдары мен аудан әкімдігі қаулысына өзгерістер енгізу, бюджет қаржысын қажеттіліктерге бөлу, әлеуметтік қызметкерлерді үйінде жатып ем алатын науқастардың үйіне бөлу және оларға медициналық көмектердің уақытылы көрсетілуі, жер туралы заңына өзгерістер енгізу, ауылшаруашылығы саласына бөлінген субсидиялар  т.б мәселер көтерілді. Сырдария аудандық қоғамдық кеңес жұмысы жөнінде аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 5 мақала жарияланды.  


Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты