Халықты әлеуметтік қорғау

Шартты ақшалай
көмек
Зейнетақы
төлемі

Шартты ақшалай көмек – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру (ШАК) бағдарламасы.

Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – ШАК жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.

ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.

Үміткер ШАК жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.


  2016 жылға 120 адамға 3281,8 мың теңгеге ШАК тағайындалып, 3224,1 мың теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 13676,25 теңгені құрайды.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 22 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 15 адам тұрақты жұмысқа, 7 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.


  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сырдария ауданында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 1998,0 мың теңге бөлінді.

Есепті кезеңге 44 адамға 526,4 мың теңгеге ШАК тағайындалып, 509,6 мың теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 1964,1 теңгені құрайды.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 11 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 4 адам тұрақты жұмысқа, 7 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.


 

2017 жылы «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке республикалық бюджеттен 4758,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3801,0 мың теңге, барлығы 8559,0 мың теңге қаралды.

2017 жылдың 1 сәуіріне 45 адамға 1273,9 мың теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 472,8 мың теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 7077,5 теңгені құрайды.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 8еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 1адам тұрақты жұмысқа, 7 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесiн жаңғырту жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық материал

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың мақсаты мен ерекшелiктерi:

1. Зейнетақы төлемдерiнiң алдыңғы табысқа және елiмiздегi өмiр сүру деңгейiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету.
2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету(зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердiң, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсiмдердiң зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемi сәйкес келуi).
Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлi жүйесiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажеттi және өзара байланысты өзгерiстер базалық деңгейде жүргiзiлетiн болады, ал мiндеттi деңгейде — ынтымақты және жинақтаушы, және ерiктi құрамдас бөлiктерде жүргiзiледi.
Алдағы өзгерiстер тұрғындар мен зейнеткерлердiң қандай топтарына бағытталатын болады?
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiнiң ерекшелiгi бүкiл және әрбiр адамға қатысты болатындығында: бүгiнгi зейнеткерлердi де, зейнетке шығу құқығына әлi еңбек сiңiретiндерге де, әйелдер мен ер кiсiлерге; жұмыс iстейтiндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерiстер мемлекет, жұмыс берушi және тiкелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажеттi қамтамасыз етуге жауапкершiлiктi бөлудi көздейтiн адам мүддесiнде жүзеге асырылады.

Жаңғырту бағыттары:

1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi институционалдық өзгерiстер, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметiндегi ерекшелiктер.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына ауыстыру.
3. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңiмен ұлғайту.
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру моделi, оның негiзгi құрамдас бөлiктерi

Бүгiнгi таңда Қазақстанда базалық, мiндеттi және ерiктi деңгейлерден тұратын көпдеңгейлiзейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi.

Базалық деңгейде зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж.) және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысуды ескергенде) базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) төленедi. Бұл төлем еңбек өтiлiне және алдын алған табыстарына қарамастан барлық мөлшерде бiркелкi белгiленедi.

Анықтама үшiн: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шiлдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның iшiнде шамамен 830 мың адамы — ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы — зейнетақымен қамсыздандырудың аралас (ынтымақты және жинақтаушы) жүйесi. БЗТ мөлшерi 2013 жылы 9 330 теңгенi немесе ЕТКД-нiң 50%-н құрады.

Мiндеттi деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты (еңбек) және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебiнен –жинақтаушы зейнетақылар төленедi.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өту кезiнде азаматтар үшiн оларда 01.01.1998 ж. кемiнде 6 ай еңбек өтiлi және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл үшiн жалақысы болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшiн мiндеттi еңбек өтiлi әйелдер үшiн 20 жылды және ер кiсiлер үшiн — 25 жылды құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақылар жалақының 10% мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы жүйе қатысушыларына төленедi.

Әйелдер өз зейнетақы жинақтарын аннуитеттiк (сақтандыру) компанияға аудару арқылы зейнетақы аннуитетiн сатып алу жолымен зейнетке шыққаннан кейiн 18 жыл iшiнде оның ең төмен мөлшерiнен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеу үшiн жеткiлiктi болған жағдайда әйелдерге — 50 жастан, ер кiсiлерге — 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ертелеу алуға құқық көзделген.

I. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

2013 жылғы 1 тамызда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құрылтайшысы мен акционерi болып белгiлендi.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

•мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсiмдерiнiң және зейнетақы активтерiн пайдаланудың тиiстi есебiн қамтамасыз ету;

•инвестициялық стратегияларды жетiлдiру және зейнетақы активтерiнiң табыстылығын арттыру, әкiмшiлiк шығыстарды азайту;

•тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және оның қозғалысының барынша тазалығын қамтамасыз ету.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлiнген барлық зейнетақы активтерiн шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару биылғы жылдың қыркүйегiнен бастап кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншiк құқығы сақтала отырып (бұл өте маңызды!), толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ негiзгi мiндеттерi:

•мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және салымшының қалауы бойынша ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) тарту;
•салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;
•салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;
•зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;
•ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту
•халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.
БЖЗҚ зейнетақы активтерiнҚазақстанның Ұлттық Банкi басқаратын болады.
Инвестициялауды ұйымдастыру үшiн ҚР ҰБ-ға инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдердi басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы берiледi. Алайда инвестициялық стратегия мен БЖЗҚ зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн рұқсат берiлген қаржылық құралдардың тiзбесi жөнiндегi ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мақұлдайтын болады.
Оның дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Кеңестiң құрамына ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Ұлттық Банкiнiң өкiлдерi, қаржылық нарық қатысушылары мен отандық тәуелсiз сарапшылар кiретiн болады.
Кеңестiң негiзгi функциясы:
•Қордың зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
•Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат берiлген құралдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және осы тiзбенi мақұлдау;
•Қордың инвестициялық стратегиясын бекiту.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттiң зейнетақы жинақтарының сақталуы жөнiндегi кепiлдiк сақталатын болады.
Осылайша, мемлекеттiң зейнетақы активтерiнiң сақталуы және инвестициялық табыстылығын қамтамасыз етуге жауаптылығы арттырылады.
II. Ерiктiден мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына өту
Зейнетақы жүйесiн жаңғырту бағытындағы қайта құрулар қолданыстағы үлгiнiң ерекше еңбек жағдайларында жұмыс iстеуiмен байланысты тәуекелдердi өтей алмауына байланысты.
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi кәсiптiк схемасы тиiстi деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын көбейтiп және 53-55 жаста зейнеткерлiкке шығуға мүмкiндiк бередi деп болжанған едi. Алайда, қазiргi уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгенi құрайды.
Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста iстейтiн адамдардың жұмыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.
Бұл ендi еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда iстейтiн адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетiн болады, оның 10 пайызы қызметкердiң өзiнiң еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс берушi есебiнен жүргiзiледi. Бұл олардың жүйеге үздiксiз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелi түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезiнде зейнеткерлiкке ерте шығуы үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарына мүмкiндiк бередi.
Бұл ретте жұмыс берушiге де жүктеме азаяды, өйткенi кәсiптiк зейнетақы жарналарына төленетiн сома салық төлемдерiн жүзеге асырған кезде шегерiмге жатқызылады.
Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшiн:
1) базалық зейнетақы төлемдерi;
2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 6 ай стажы болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;
3) жалпыға ортақ белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
4) еңбек жарақатынан және кәсiби аурулар салдарынан еңбек ету қабiлетiнен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетiн өмiрлiк сақтандыру төлемдерi сақталады.
Бүгiнде, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншiктi қаражаты есебiнен олардың пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндiрiстердiң, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды.
Тiзбе жобасының түпкiлiктi нұсқасы 17 бөлiмнен — өндiрiс түрлерiнен және кәсiптер, лауазымдар және оларды бiрiктiретiн мазмұндардың атаулары көрсетiлген үш мыңнан астам ұстанымдардан тұрады.
Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары зиянды, қауiптi жағдайлардағы еңбегi еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау нәтижесiмен расталған қызметкерлерге қолданылады, аттестаттауды өткiзу тәртiбiн елiмiздiң Үкiметi айқындайды.
Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау мамандандырылған 146 ұйымда жүргiзiлуде. Аталған ұйымдарды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау бойынша қызметтердi жүргiзу құқығына аккредиттеуге тиiс.
Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациядан өткiзу сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Сондықтан, ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығын күшейтедi және елiмiздегi артып келе жатқан өмiр деңгейiн зейнетақымен қамсыздандыру шегiнiң барабарлығын арттырады.
III. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту
Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтiлiнiң азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы астамы 1998 жылғы 1тағайындау үшiн өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң 12 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтiлi жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердiң барлығында толық өтiл болмайды.
Бұл, 2018 жылдан кейiн зейнетке шығатын әйелдердiң зейнетақысы:
•базалық зейнетақыны;
•1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшерi толық емес еңбек өтiлiне байланысты жыл сайын бекiтiлетiн ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн,
•зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.
Болжамды есептер бойынша әйелдердiң алатынзейнетақысының мөлшерi осы онжылдықтың өзiнде бұрынғы орташа айлық жалақысының 40 пайызынан төмен болады.
Мұндай жағдайларда, зейнетақы жасын бiрiздендiру бюджет қаражатын үнемдеу үшiн емес, әйелдердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн және зейнетақы жинақтарының көлемiн арттыру үшiн ұсынылады, бұл тиiсiнше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерiнiң артуына алып келуге тиiс.
Қазiргi кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Оңтүстiк Корея, Чехия, Әзiрбайжан, Украина, Эстония және т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебiнен зейнетақы жүйесiн халықтың жасына бейiмдеу пайдаланылады.
Бұл ретте Еуроодақтың 18 елiнде әйелдердiң зейнеткерлiк жасы ер адамдардың зейнеткерлiк жасына 2020 жылға теңестiрiледi, бесеуi оны кейiн жасауды жоспарлап отыр.
Әлемдiк тәжiрибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейiн iске асырылған қазақстандық тәжiрибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңiмен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл iшiнде жүзеге асырылады.
Бұл:
•бiрiншiден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өтуге мүмкiндiк бередi. Мысалы, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға бередi, яғни 6 айдан кейiн, ал 57-ге толғандар бiр жылдан кейiн немесе 59 жасында зейнетке шығады;
•екiншiден, психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейiмделуге (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшiн);
•үшiншiден, әйелдердiң нәтижелi жұмыспен қамтылу мүмкiндiктерiн кеңейту шараларын қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған үлгi, барлық әлеуметтiк ерекшелiктердi ескерiп, ауыртпалық салмай және негiзделiп 5 жылдан кейiн — 2018 жылы қолданыла бастайды.
Себебi ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейiн жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын бiрiздендiру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.
Зейнеткерлiк жасты ұлғайта отырып, Үкiмет халықты, оның iшiнде ең алдымен орташа жастағы әйелдердi жұмыспен қамту бойынша қосымша шараларды қолға алу қажеттiгiн түсiндi.
Бұған мемлекет iске асырып отырған, нәтижелi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек табыстарының өсiмiне бағытталған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы септiгiн тигiзедi, оның шеңберiнде әйелдер халықтың жұмысқа орналасуда және өзге де әлеуметтiк қолдау нысандары бойынша басымды құқыққа ие нысаналы тобына жатқызылған.
Аталған бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарламада әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтылуына баса назар аударылған. Әйелдердiң еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi болуы мақсатында Жол картасы шеңберiнде оларға:
•еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегiн оқу, оларды мемлекет субсидиялайтын әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл ретте оқу кезеңiне оларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек берiледi, степендия төленедi;

•микрокредит алу арқылы өз iсiн ашу және кеңейту және кәсiпкерлiк негiздерiне оқу;

•еңбек ресурстарына қажеттiлiк бар әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге өз еркiмен көшудi жүзеге асыру мүмкiндiгi берiледi. Осындай отбасыларға жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуына, қызметтiк тұрғын үймен қамтамасыз етуде, көшуге субсидия беруде көмек көрсетiледi.

2011 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн Бағдарлама шараларымен 100 мыңнан әйел қамтылды.

Әйелдерге бала күтiмi бойынша демалыстан шыққаннан кейiн еңбек нарығында бейiмделуiне жәрдемдесу. Бәсекеге қабiлеттiлiгi арттыру мақсатында жұмыспен қамту орталықтары еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен бiлiктiлiгiн арттыруды, қажетiне қарай қайта оқуын және сұранысқа ие мамандық алуын қамтамасыз етедi.

Әйелдердiң еңбегiн кеңiнен қолдануға, қашықтықтан жұмыспен қамту түрлерiн пайдалануға, үйде еңбек етудi дамытуға, сондай-ақ әйелдер үшiн кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған бiрқатар шаралар көзделуде.

Бұдан басқа, Еңбек кодексiне жұмысқа орналастыру кезiнде кемсiтушiлiктi жоюға және 55 жастан асқан адамдардың жұмыспен қамтылуын сақтауға бағытталған кепiлдiктердi күшейтудi, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсiтушiлiк сипаттағы талаптарды (жынысты және жасты көрсету) қамтитын ақпаратты орналастырғаны үшiн өсiмпұл енгiзудi көздейтiн түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек өтiлi бар әйелдер үшiн зейнеткерлiкке ерте шығу құқығы сақталады:

•5 және одан көп бала туған(немесе асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтiлi 6 айдан кем емес;

•«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемiнде 20 жыл жалпы еңбек өтiлi бар әйелдерге 45 жаста.

Сондай-ақ еңбек өтiлiне жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейiн, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт есептеледi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

IV. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту

Қазақстанның еңбекке қабiлеттi халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуының ағымдағы деңгейi 67,7 %, оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер 98 %-ын құрайды.

Сондықтан, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тартымдылығын арттыру, көлеңкелi сектор қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылуын кеңейту жөнiнде ұсыныстар қарастырылуда.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардың негiзгi үлесi жалақының 10 % мөлшерiнде зейнетақы жарналарын төлейдi.

Егер қарапайым есептеулер жүргiзетiн болсақ, онда осындай жарналарды жүзеге асыратын азаматта 35 жылда қандай жинақ болатынын есептеуге болады: жыл сайын адам 23 мың теңгедей жинайды (егер 2013 жылды алатын болсақ), тиiсiнше 35 жыл iшiнде жинақтар 42 ең төменгi жалақыны құрайды. Мұндай жинақтар 3,5 жылға ең төменгi жалақы мөлшерiнде зейнетақы төлеуге жетедi.

Егер өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар зейнетақы жүйесiне қатыспайтын болса, зейнеткерлiк жасқа толған кезде оларға жасына байланысты мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызынан аспайтын әлеуметтiк жәрдемақы төленедi, ол2013 жылдың үлгiсi бойынша 9330 теңгенi құрайды.

Бұл мәселенi шешу үшiн мынадай жұмыстар жоспарлануда:
•өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн нақтылау және оларды нәтижелi жұмыспен қамтуға тарту жөнiнде (Жұмыспен қамту 2020 картасы шеңберiнде) жүргiзiлетiн шараларды ескере отырып, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне мiндеттi қатыстыру туралы талап енгiзiлетiн болады;
•жарналарды төлеу тәртiбi өзгередi;өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар бүкiл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиiс болады.
•ең төменгi кепiлдiктер жүйесi өзгертiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғырту жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу бойынша тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына 2013 жылғы 7 маусымдағы үндеуiнде жария еткен тапсырмаларын ескер отырып, халықты әлеуметтiк қорғау деңгейiне мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және қызметкердiң ынтымақты жауапкершiлiгiн көздейтiн зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғыртудың кешендi шаралары әзiрленетiн болады, атап айтқанда:

А)жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн бала туу және бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiң субсидиялауы.

Әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болуы, бiрiншiден жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiңүзiлуiне, екiншi жағынан — зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң объективтi түрде артта қалуына (ерлермен салыстырғанда) әкеледi.

Есептеулер мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға қатысушылар (бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша) үшiн жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталған жағдайда бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңде (Заң бойынша — 3 жыл) жинақ мөлшерi тиiсiнше 2,5 есеге төмендейдi.

2014 жылғы 14 қаңтардан бастап әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген. Бюджеттен субсидияланатын мiндеттi зейнетақы жарналары Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен төленетiн әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын зейнетақы жарналарымен қоса белгiленетiн болады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерi аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген бұрынғы табыстан 10 % құрайды.

Ел Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген «2014–2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетiлген мақсаттарға 30,6 млрд. теңге сомада шығыстар көзделген.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.


Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты