Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

ОРЫНДАЛУЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы


 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2017 жылы Сырдария ауданында жүзеге асырылу барысы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызды. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының идеясы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойып отыр. Осы орайда ауданымызда бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің Өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Желілік кесте арқылы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», деген Елбасының ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрғаны бізге бағдаршам болуы тиіс.

Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады. Елбасы тапсырмасымен «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру Жобалық кеңсесі құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы мақаласы жарияланғалы бері аудан тұрғындарының қатысуымен мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық және ұжымдық ұйымдарда талқылаулар өткізілді. Бұдан бөлек аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт кіші бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмысшы және сарапшылар тобы құрылды. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» жобасы аясында әр салада қызмет атқарып, Ел тәуелсіздігінің тұсында жетістікке жеткен тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмысшы топ құрылып, жобаға нақты есімдер ұсынылды.

2017 жылдың 17 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру, мақаладан туындаған міндеттердің орындалу барысын саралау мақсатында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны өтті.
Сонымен қатар, тамыз айында аудандық қоғамдық кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Мақаланы ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша арнайы спикерлер топтары жасақталып, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы қолдау шаралары және әлеуметтік желілерде оң пікірлер жариялануда. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар, бағдарламалар әзірленіп, өткізілуде.

Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қыркүйек айының сонында аудан әкімдігінің және «Мәді-Диуана қожа» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға елімізге белгілі ғылым докторлары, жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары қатысып, келелі ойларын ортаға салды. 

«Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сырдариялық кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Тереңөзек кенті орталығындағы саябақта орналасқан ескі мешіт ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қосымша ғимараты ретінде теңгеріміне берілді. «Құрметті азаматтар» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейіне аудандық бюджеттен 24 млн, демеушілерден 8,5 млн теңге жұмсалды. Фото Сырдарии Ауданының Әкімдігі. 

 «Еңбек даңқы» мұражайында Сырдария ауданының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, ауданнан шыққан қоғам қайраткерлері мен ардагерлердің, түрлі салада жетістікке жеткен үздік қызметкерлердің өмірбаяндары бейнеленген. Ал, ауданның «Құрметті азаматтарының» аллеясының тақтасына, саналы ғұмырын ауданның дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Тыл және еңбек ардагерлерінің, Еңбек ерлерінің, Батыр аналарымыздың, өнер қайраткерлері мен сұлу сөзден күмбез қалаған ақын-жазушыларымыздың есімдері  жазылды. Аудан бойынша тақтаға 99 «Құрметті азаматтың» тізімі жазылып, «Сырдария ауданының құрметті азаматы төсбелгісінің» белгісі қойылды.

Жергілікті кәсіпкер, «Ақжарма и К» ШҚ төрағасы Қайрат Нұрсейітов Ақжарма ауылдық округіндегі ауылдық пошта бөлімшесінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы бөлді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып пайдалануға берілді. Елім – деген азаматтың бірі, «Шаған-Жер» ЖШС төрағасы Бердібек Қадыров Шаған ауылындағы тарихи өлкетану музейінің құрылысына 7 млн теңге қаржы бөлді. Қазіргі таңда жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.                   

Аудан кәсіпкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету және қолдау бағытында қаржылай қолдау көрсетіп қайырымдылық шараларына ұдайы көмектесіп келеді. Аталған жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

 «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бағытында аудан мектептерінде тиісті жұмыстар атқарылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» – табысты ел болуымыздың, ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысысының бағдарламалық мақаласында туған жердің қадірін біліп, ондағы алып та заңғар тұлғаларды жастарға үлгі етуді, олардың ерен еңбектерін насихаттауды жүктеді.

 «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық мұражай қызметкерлері жаңа «Еңбек даңқы» музейіне экспонат жинақтау мақсатында «Жаңа музейге – жаңа жәдігер!» атты жобасын ұйымдастырды. Жобаны жүзеге асыру барысында облыстық және қалалық мұрағатқа, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және ауылдық округтерге іс-сапарға шығып, аудан тарихы мен оның құрылған уақытынан бастап елге қызмет еткен еңбеккерлердің, өңір тарихында аты қалған тұлғалардың фотосуреттері, тарихи құнды құжаттары мен жеке қолданыстағы тұтынған заттарын және Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында түрлі сала бойынша атқарылған игі істер жайлы ақпараттар жинақталуда. Бүгінгі күнде осы жоба аясында жинақталған материалдар саны 500-ден асты және әлі де жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қорында қазіргі күні 9305 жәдігер бар. Оның 5647-і негізгі қорға (құнды), 3658-і көмекші қорға тіркелді. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жинақталған материалдар негізінде аудандық музей жанынан «Еңбек даңқы» залы ашылып, аудан тұрғындарына мен қонақтарына ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдарын танытатын болады.  

Аудан кітапханалары бойынша «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі», «Рухани жаңғыру – біздің дамуымыздың басты қағидасы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жүз есім – жүз жарқын ғұмырнамасы», «Сырға жаңа серпін берген – жобалар», «Туған жерім – құт мекенім», «Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы», «Тарихы терең Сыр елі»,  «Тарихымен түлеген өңір», «Өлке тарихы – ұрпақ мұрасы», «Мен өскен өлке тарихы», «Жастар оқитын – 100 кітап» тақырыбында кең көлемді кітап көрмелері жасалып, насихатталуда.

Қазіргі таңда Сырдария ауданы кітапханалары бойынша «Цифрлы Қазақстан», «Электронды кітапхана» бағдарламасы аясында РАБИС бағдарламасының 5 модулі бойынша аудандық кітапхана, ал филиал кітапханалары 3 модулімен жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның «Қаталогизатор» модуліне 298 487 мың дана кітап электронды каталогке енгізіліп отыр. Кітап қорындағы құнды, мәнді-мағыналы 758 кітап сандық форматқа енгізілді.

2017 жылдың жылдың шілде айында ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, өскелең ұрпаққа насихаттау бағыты бойынша және аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 80 жастағы 13 ардагерге Ақжарма ауылдық клубында «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» атты кеш өткізілді. Шара барысында сый-құрмет көрсетіліп, жиналған көпшілік спорттық сайыстар, мерекелік концерттік бағдарлама мен аудандық музей қорындағы құнды экспонаттар және этноауыл көрмесін тамашалады.         

Елбасы мақаласы аясында Жетікөл ауылдық клубында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы мамандарының қатысуымен дәстүрлі халық әндерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жырдан шашу шашайын» атты аудандық дәстүрлі әнші-термешілер байқауында ұмыт бола бастаған халық әндері орындалып, көпшілік көңілінен шықты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың тамыз айында Шіркейлі ауылында ауыл шаруашылығының ардагері, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», аудандық мәслихат депутаты Аббас Камалатдинді еңбек демалысына шығарып салуға арналған «Бақыт кілті – еңбекте» атты салтанатты шарасы өтті. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті.IMG_7748 DSC08016

Қалжан ахун ауылдық клубында Қалжан ахун Бөлекбайұлының 155 жылдығы аясында «Ізгіліктің нұрын сепкен – Ахун баба» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.      

«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары бойынша аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен ақпараттық насихаттық топ құрылып, кент орталығы мен елдімекендерді аралап, көпшілікке Елбасы мақаласын түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілуде.

Елбасы: «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен анықталады»,  –  деген болатын. Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдарларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында мақаланың «тарихи мәдени мұра» кіші бағдарламасы біршама жұмыстар атқарылды.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын Ережелерді басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады. Сырдария ауданы бойынша 48 ескерткіштің 4-і республикалық маңызы бар. Олар Мүлкалан мазары (ХҮІ ғ.), Сырлытам кесенесі (ХІІІ ғ.), Асанас қалашығы (ҮІІІ –ХІХ ғ.ғ.), Қожан қожа мазары (ХҮІІІ ғ.). Және жергілікті маңызы бар 15 және 29 алдын-ала тізімге алынған тарихи – мәдени мұралар. 48 ескерткіштің 15-і  археологиялық ескерткіш, 33-і қала  құрылысы және  сәулет болып  бөлінеді.   

Қазан айында Сырдария ауданынан Қалжан ахун мешіт медресесі, Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкәлан мазарын «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ «Туған жер» ғылыми – көпшілік деректі фильмдер топтамасы бойынша түсірілім жұмыстары жүргізілді.      

«Киелі жерлердің географиясы» жобасына Сырдария ауданы бойынша Айдарлы ауылында орналасқан Асанас қалашығы, Қожан қожа мазары, Асанас мазары, Сүнбейбі кесенесі, Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкәлан кесенесі, Қалжан ахун ауылында орналасқан Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қоғалыкөл ауылында орналасқан Құлболды ишан кесенесі ұсынылды.        

Елбасы, «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке қалуға тиіс», – деген болатын. Сондықтан кейінгі ұрпақ бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы деп білеміз.

 

«Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсына байланысты мәлімет 
 
 «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі Сырдария аудандық іс-шаралар жоспары 2017 жылдың 4 сәуір күні әзірленіп,бекітілді.
«Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсына қатысушыларды іріктеу мақсатында ауданның конкурстық комиссиясы құрылды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ҚР Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына қоса берілген нысан бойынша барлық ережесінің қамтылуымен аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 2017 жылдың 4 сәуір күні №25 санында хабарландыру жарияланды.
«Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсына аудандық деңгейде қатысуға Тереңөзек кенті және ауылдық округтерден барлығы 11 өтінім келіп түсті.
Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсының аудандық деңгейде іріктеу туры өткізілді. Жеңімпаз атанған 4 (төрт) отбасы облыс конкурсқа ұсынылды.
Нәтижесінде 2017 жылдың 5 маусым күні облыстық «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсына Сырдария ауданынан 2 (екі) отбасы қатысып, Тереңөзек кентінен Н.Мясцовтар отбасы «Ізгілікті жанұя» номинациясымен және Шіркейлі ауылынан А.Сұлтановтар отбасы жүлделі III-орынға ие болды.
 

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ағымдағы жылы Тереңөзек кентіндегі орталық демалыс алаңында орналасқан ескі мешіт ғимараты аудандық музей меншігіне беріліп, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта осы бастаманың негізі ретінде бұл ғимарат аудандық музей жанынан «Еңбек даңқы» залы болып ашылады. Осы орайда аудандық музей қызметкерлері «Жаңа музейге – жаңа жәдігер» атты жобасын ұйымдастыруда. Жобаны жүзеге асыру барысында облыстық және қалалық архивтерге, облыстық тарихи - өлкетану музейінің қор бөліміне және аудан көлеміндегі ауылдық округтерге іс-сапарларға шығып, «Еңбек даңқы» залының тақырыптық-экспозициялық жоспары бойынша аудан тарихы мен оның құрылған уақыттан бастап елге қызмет еткен еңбеккерлердің фото суреттері, тарихи құнды құжаттары мен жеке қолданыстағы тұтынған заттары және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында ауданымызда түрлі сала бойынша атқарылған игі істер жайлы ақпараттар жинақтауда. Атап айтар болсақ, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан Тереңөзек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Е.Жүнісбаевтың суреттері мен құжаттары, Тереңөзек кентінен тоғызқұмалақ ойынының спорт шебері Т.Болғанбаевтың суреттері, құжаттары, грамоталары мен жеңімпаздық орден-медальдары, Ақжарма ауылынан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Сүлейменовтың суреттері, құжаттары, орден-медальдары және жеке қолданған дүниелері, Қазақстанға еңбегі сіңген ауылшаруашылық қызметкері Ш.Сқақовтың суреттері мен куәлік көшірмелері, Соғыс және Еңбек ардагері Қ.Әлібековтың суреттері, құжаттары мен орден-медальдары, Қалжан ахун ауылынан «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Н.Акбаровтың суреті мен құжаттары, ауылшаруашылық қызметкері А.Бодыбаевтың суреті мен құжаттары, Аманкелді ауылынан Сырдария аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Е.Жүнісбаевтың суреттері мен кітабы, мәдениет саласының қайраткері М.Иманжаппаровтың суреті мен құжаттары, С.Сейфуллин ауылынан ауыл шаруашылығының озаттары А.Ілиясов, С.Тоқсейітов, Ж.Бақышев, Б.Ерғалиқызы, П.Исаеваның суреттері мен құжаттары, А.Тоқмағамбетов ауылынан ағарту саласының қызметкері А.Пірімбетовтың суреттері мен құжаттары, Жетікөл ауылынан білім саласының үздіктері А.Қиынбаева, Ә.Жүнісов, С.Торғаевтың суреттері мен құжаттары, Шіркейлі ауылынан Н.Әбілқасымовтың суреті мен кітаптары, Айдарлы ауылынан қолөнер шебері С.Акимовтың, соғыс және еңбек ардагері І.Әбілдаевтың, медицина саласының үздік қызметкері Б.Молдырайымовтың суреті мен құжаттары, Шаған ауылынан «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері» Ә.Қосекеевтің суреттері мен құжаттары, т.б көптеген материалдар жинақталды.
 
ОРТА МЕКТЕПКЕ ТАЛҒАТ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
2003 жылдың Наурыз айында өшпес ерлік көрсетіп, ел тыныштығы үшін өмірін қиған сырдариялық Талғат Қозыбаев бейбіт күннің аңызға айналған батыры. Саналы ғұмырында құқық қорғау саласына қалтқысыз қызмет еткен жанның ерлігін мәңгіге сақтау үшін бүгін ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №131 орта мектепке Талғат Қозыбаевтың есімі берілді. Батыр ұлдың есімін білім ордасына беруге арналған жиынға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, Ұлы Отан соғысының ардагері М.Бержанов, Т.Қозыбаевтың ата-анасы мен бауырлары, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Шарада аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы сөз сөйлеп, Талғат Есентайұлының есімі ерлік шежіресінен ойып тұрып орын алатынын атап өтті. Сонымен бірге, батыр ұлдың кейінгі буынға үлгі, өз қызметтестеріне өнеге боларлық өмір иесі екеніне кеңінен тоқталды. Тарихи сәтте Т.Қозыбаевтың ата-анасы, қызметтестері және еңбек ардагерлері мектептен алдағы уақытта Талғат Қозыбаевтай елжанды, Отансүйгіш азаматтар шығатынына сенім білдірді. Шара аясында аудандық спорт кешенінде Т.Қозыбаевты еске алуға арналған қазақша күрестен аудандық ашық турнир, «Ақжол» мейрамханасында Талғатты еске алуға арналған ас беру рәсімі және аудандық мәдениет үйінде Т. Қозыбаевтың ерлігіне арналған «Мен қазақтың сарбазымын!» атты аудандық патриоттық ән байқауы өтті.

25.05.2017 ж.
АУДАН ӘКІМІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде қоғамдық ұйымдардың жұмысына кеңінен қолдау көрсетіліп жатқанын айтқан аудан басшысы алда тұрған мақсат-міндеттер туралы өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, ҮЕҰ жетекшілерінің сауалдарына жауап беріп, ағымдағы жылы аудан бойынша атқарылатын жұмыстардың орындалу барысын жеткізді.

27.05.2017 ж.
ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың бастамасымен аудан орталығы Тереңөзек кентінде велошеру ұйымдастырылды. Спорттық шараға аудан басшысы Ғ.Қонысбекұлы бастаған бөлім, мекеме басшылары, белсенді аудан тұрғындары қатысып, олар кенттің бірқатар көшелері арқылы велосипедпен жүріп өтті. Іс-шара барысында "Экспо-2017"" халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай тұрмысы төмен отбасы балаларының көрме билетін сатып алулары үшін "Жүректен-жүрекке" қайырымдылық акциясы өтті.

30.05.2017 ж.
Көшпелі мәжіліс болып өтті
30 мамыр күні сая¬¬си қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум аясында Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында «Қоғамдық сананы Қоғам¬дық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» атты көшпелі мәжіліс болып өтті. Кеңес одағының батыры Н.Ілиясовтың ескерткішіне, тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, "Айтбай" мешітінде қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Н.Ілиясов ауылдық мəдениет үйінде жалғасын тапты. Жиынды жүргізген Сырдария ауданы əкімінің орынбасары Б.Өтегенова Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республикамыздың барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында ауданымыздың барлық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Жиын барысында ауданның барлық ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары арнайы жасалған стенд арқылы өз жұмыстарының нəтижелерімен бөлісті.
Көшпелі мəжілісте баяндама жасаған Н.Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Қуандықов ауылдағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысының іс тəжірибесімен бөлісіп, презентациялады.
Келелі басқосуда қатысушылар елдің бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды.

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРА БАРЫСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САЛТАНАТТЫ ШЕРУ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Шеруге ауданның барлық білім беру ұйымдарынан 750 ден астам бала қатысты. Аудан орталығындағы екі көше бойымен жүріп өткен жастар орталық алаңға жиналып ән салып, музыкалық композициялар орындады.
Аудан әкімінің орынбасары Б. Өтегенова алғаш рет ұйымдастырылған шерудің маңыздылығына тоқталып, қатысушы жастарға алғыс айтып, мерейлі мерекемен құттықтады. Шараға жиналған балалар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАНИБЕК ҚАЗАНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ
«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі Ғанибек Қазантаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев қатысып, аудандағы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтады.

АУДАН ӘКІМІ Ғ.ҚАЗАНТАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ БОЛЫП ӨТТІ
Мәжілісте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрола Әбенұлы ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев өз баяндамасын жасап, ардагерлерді аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай құттықтады. Кеңестің атқарған жұмыстарына өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Мәжіліс соңында Ысқаков Ширек және Хайролла Әбенұлын 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, жиынға қатысқан барлық ардагерлерді ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, аудан әкімінің құтықтау хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

МӘЖІЛІСМЕНДЕР АУДАНДА «НҰР ОТАН» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
"Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев пен Г.Шиповскихтер аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында аграрлы сектор мәселелері көтеріліп, тұщымды жауап қайтарылды.
Мәжіліс депутаттарының партия активімен кездесуі Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттауға арналды.
–Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы - біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыты болып табылады. Жолдаудың басты мақсаты - әлемнің 30 ең дамыған озық елдерінің қатарына кіруді қамтамасыз ету. Бұл үшін бізде - адам әлеуеті, өңірлер мен салаларды дамытудың айқын бағдарламалары бар, - деді Абзал Ералиев.
Біздің еліміз 30 дамыған мемлекеттердің қатарына енуді мақсат етіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жолында жұмыс жасауда. Бұл үшін бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалудың маңызы зор. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да бізді осы ортақ міндетке ұйыстыра түседі.
– Мақала қоғамымызда жаппай талқылауға ие болады деген сенімдемін. Бұл мәселе бойынша өз ұстанымымды білдіре отырып, мен бұл қадам бізге жас ұрпақтың болашақта бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді халық қалаулысы Генадий Шиповских. Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары айтылған ұсыныстарды шешу бойынша жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев пен Г.Шиповских ауданымызға сапары кезінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізі бойында орналасқан "Керуен" кешенінің жұмысымен танысты.Кешен жұмысы туралы толық мәліметті Шаған ауылдық округінің әкімі Ғ.Ошақбаев таныстырды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Сырдария ауданында  ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
 
Іс-шара атауы
Мерзімі
Орындалуына
жауапты
1.    
Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу
2017 жылғы
21 сәуір
Аудандық  ішкі саясат бөлімі
2.    
Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын іс-шаралардың жүзеге асырылуын ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар әзірлеу
2017 жылғы
21 сәуір
Аудандық ішкі саясат бөлімі
3.    
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру мақсатында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі аппаратына  ұсыныс енгізу
2017 жылғы
3 мамырға дейін
Аудан  әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі, аудандық білім, ішкі саясат, акудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,  кент және ауылдық округ әкімдері
4.    
Ауданымыздағы  мәдени жетістіктерімізді әлемге таныту мақсатында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына ұсыныс енгізу
2017 жылғы
1 маусымға дейін
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
5.    
Мәдени өнімдерді тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен шығару бағытында ұсыныс енгізу
2017 жылғы
2 маусымға дейін
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
6.    
Аймақтық және жаһандық нарықта бәсекелік қабілетті арттыру мақсатында сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім, сапалы еңбек ресурстарын құру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу
2017 жылғы
14 мамырға дейін
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, білім бөлімі мен кент және ауылдық округ әкімдері
7.    
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен жоралғыларымызды, яғни ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу
2017 жылғы
14 мамырға дейін
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
8.       
Отбасы және неке институтын нығайту, отбасы – мемлекеттің тірегі екендігін насихаттау мақсатында жергілікті жерлерде «Мерейлі отбасы» байқауларын ұйымдастыру
2017 жылғы
мамыр айы
Кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық  ішкі саясат бөлімі
9.       
Облысымыздың қасиетті рухани құндылықтары мен тарихи киелі жерлерін кеңінен насихаттау мақсатында кешенді іс-шаралар (саяхат, экспедиция және т.б.) қабылдау және оларды БАҚ арқылы ақпараттандыру
2017 жылғы
маусым
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 
10.       
«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына ұсыныстар енгізу
2017 жылғы
маусым
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11.       
2025 жылға қарай іс қағаздарының, мерзімді баспасөздің, оқулықтардың латын әліп­биіне көше бастайтындығын ескеріп, тұрғындар арасында латын әліпбиін үйрету мақсатында оқулар, арнайы сабақтар ұйымдастыру
2018 жылдан
бастап
Білім бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері
12.       
Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын сырдариялық азаматтарды зерттеп, оларды БАҚ арқылы насихаттау  және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының аудандық  нұсқасын әзірлеу
2017 жылғы
ІІ жартыжылдық
Аудандық ішкі саясат бөлімі , аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері
13.       
Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде ысырапшылдыққа жол бермей, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалануға, ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтауға шақыратын материалдарды ұйымдастыру, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Жыл көлемінде
Аудандық ішкі саясат бөлімі , аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,  кент және ауылдық округ әкімдері
14.       
Азаматтардың туған жерін, ауылын, білім алған оқу орнын түлетуге, абаттандыруға, көркейтіп-көгалдандыруға  шақыру мақсатында "Туған жерге тағзым" акцияларын ұйымдастыру
Жыл көлемінде
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері
15.       
Білім беру саласында оқушылар мен студенттер арасында ауқымды өлкетану, туған жердің тарихын оқыту жұмыстарын жүргізу
Жыл көлемінде
Кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық білім бөлімі
16.       
Кентті, елді мекендерді көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге және тағы да басқа шараларды ұйымдастыруға кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерін, жастарды, қайырымды азаматтарды жұмылдыру
Жыл көлемінде
Кент және ауылдық округ әкімдері
17.       
«Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір азаматтың білуі үшін оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу
Жыл көлемінде
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,  аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері
18.       
Арнаулы орта білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар тұрғысынан жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезім түсініктерін кеңейту мақсатында мұражайлар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру
Жыл көлемінде
Кент және ауылдық округ әкімдері,  аудандық  білім бөлімі
19.       
Қазақстандық отбасылардың орнықты дамуын әрі қарай жетілдіру, бала тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі туралы қоғамдық ойды қалыптастыру мақсатында жас отбасылармен кездесулер өткізу
Жыл көлемінде
Аудандық жастар ресурстық орталығы
20.     
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтын қайта жаңғырту бағытында жастармен түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру
Жыл көлемінде
Аудандық жастар ресурстық орталығы
21.       
Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру
Жыл көлемінде
Кент және ауылдық округ әкімдері,  аудандық  білім бөлімі
22.
Рухани келісім күні аясында зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, жастармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, рухани музыка және поэзия кештерін өткізу
Жыл көлемінде
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық  білім бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері
23.     
«Үш тілде білім беру» қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесінің жобасын әзірлеп, ұсыну
Жыл көлемінде
Аудандық  білім бөлімі

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты