Аудандық мәслихат

Жалпы ақпарат Мәслихат хатшысы Құрылымы Функционалдық міндеттері Депутаттар тізімі Депутаттардың өмірбаяны
бағдарламаса

 
 
Пошталық индексі: 120600 
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы.Теренөзек кенті Әлиакбаров көшесі №18
Анықтамалық телефоны: 8 (72436) 21-0-57
Факс: 8 (72436) 22-4-52
Электрондық пошта адресі (E-mail): Syrdmasliha@mail.ru
Жұмыс уақыты: сағат 09:00 ден 19:00 дейін
Түскі үзіліс: сағат 13-00 ден 15-00 дейін
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.


 

«Сырдария аудандық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) негізгі міндеті Сырдария аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық – техникалық және өзге де қамтамасыз ету болып табылатын аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.

Аппарат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Заң актілеріне, ҚР-сы Президентінің актілеріне, ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтарға ие.

  • Сырдария аудандық мәслихат аппаратының Регламенті.

  • Сырдария аудандық мәслихаты туралы ереже

 

Аудандық мәслихат хатшысының өмірбаяндық мәліметтері  

Әжіенов Ержан Ертарғынұлы - 1969 жылы 2 қыркүйекте Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген.  1992 жылы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институтын, 2001 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін  бітірген, мамандығы тарих пәнінің мұғалімі, заңгер.
1992-2001 жылдары А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.
2001-2002 жылдары А.Тоқмағанбетов ауылының әкімі.
2002-2005 жылдары аудандық білім бөлімінің меңгерушісі.
2005-2006 жылдары аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі.
2006-2009 жылдары аудандық білім бөлімінің бастығы.
2009 жылдың ақпан айынан бастап Сырдария ауданы әкімінің орынбасары  қызметін атқарып келеді
Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр. 

 


Қызметкерлердің аты – жөні Лауазымы Қызмет телефоны 8 (72436)
1 Божан Гүлназ Әбдісадыққызы Аппарат жетекшісі 22-4-52
2 Тобағұлов Сталбек Зікірияұлы Бөлім меңгерушісі 21-0-57
3 Еспенбетова Гүлнаш Бас маман- заңгер 21-0-92 
4 Балжанова Мария Бас маман-есепші 22-4-52
5 Токманов Самат Бас маман 21-0-57
6 Дуйсенбаева Аида Инспектор 21-0-57
7 Сәдуақасов Айбек Программист - оператор 21-0-57
8 Бозшаева Айнұр Іс жүргізуші 21-5-44

- Аппараттың негізгі міндеті: Сырдария аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылды.
Функциялары
1. оның Регламентіне сәйкес Сырдария аудандық мәслихатының сессияларын, тұрақты комиссиялар мен тексеру комиссиясының отырыстарын өткізуге дайындық пен ұйымдастырушылық – техникалық жұмысын қамтамасыз етеді;
2. депутаттарды сессиялар, тұрақты комиссиялар мен тексеру комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты дайындалған шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
3. тұрақты комиссиялар мен тексеру комиссиясының ұсыныстарының негізінде Сырдария аудандық мәслихатының жұмыс жоспарларының жобаларын, Сырдария аудандық мәслихатының атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
4. депутаттарға өз өкілеттіктерін атқаруларына ықпал етеді, түсініктемелік пен әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
5. депутаттарға өз өкілеттіктеін атқару барысында айтылған ұсыныстар мен ескерпелерді есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралардың орындалуын қадағалайды;
6. сессиялар мен тұрақты комиссияларының және тексеру комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелерінің алын ала талқылануын ұйымдастырады, қабылданатын шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етеді;
7. сессияларда және тұрақты (бірлескен) комиссиялар мен тексеру комиссиясының отырыстарына қатысады;
8. Сырдария аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етеді;
9. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Сырдария аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
10. Сырдария аудандық мәслихатының шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуын қамтамасыз етеді;
11. Сырдария аудандық мәслихатының сессиялары мен басқа да оның органдарының отырыстарында хаттамалар, стенограммалар жүргізеді;
12. Сырдария аудандық мәслихатының іс-жүргізу қызметін жүргізеді;
13. заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 VI шақырылған Сырдария аудандық мәслихат депутаттарының тізімі

 

р/с

Сайлау округі

Депутаттың тегі, әкесінің аты.

Туған жылы

Білімі,    мамандығы

Атқарып жүрген қызметі

Мекен-жайы, телефоны

 

Қызметтік телефоны

Депутат болып сайланған

партиясы

1.

№1 Бесарық с/о

Сейтмуратов Оразбек Ешмаганбетович

17.04.1957

Жоғары,

«Казқұрылыс»

ЖШС-нің инженері

Бесарық ауылы, М.Әуезов к-сі 43,

тел: 21-93-56

8-705-214-68-89

 

2 рет

«Нұр Отан» ХДП

2.

№2 Коғалыкөл с/о

Каюпов Сламбек Шахапович

30.11.1960

Жоғары, педагог

№44 орта мектеп директоры

Қоғалыкөл ауылы, Тілеу ұста к-сі № 23а, тел: 21-75-27

8-705-543 70 01

21-75-54

3 рет

«Нұр Отан» ХДП

3.

№3 Бидайкөл с/о

Әжікенов Ержан Ертарғынұлы

02.09.1969

Жоғары, педагог, экономист

Аудандық мәслихат хатшысы

А.Тоқмағанбетов ауылы, Ә.Молдағұлова к-сі №5 үй,  тел:

 

21-5-44

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

4.

№4 Жамбыл с/о

Жақыпов Ержан Төлепбергенұлы

05.07.1990

Жоғары, педагог

Аудандық жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы

Тереңөзек кенті, Иманов көшесі №39/17, тел:  

8-707-388-32-71

22-2-15

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

5.

№5 Ә.Тәжібаев с/о

Садыкова Манат Рустемовна

28.04.1968

Жоғары, дәрігер

Аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары

Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі №72, тел: ,

8-701 304-36-08

21-2-02

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

6.

№6 Муратбаев с/о

Жумабаев Жумабек Ашимович

02.04.1976

Жоғары, заңгер

Халыққа қызмет көрсету орталығы аудандық бөлімінің басшысы

Тереңөзек кенті, Қазақ көшесі №33, тел: ,

8-705-769-84-71

22-9-00

22-9-01

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

7.

№7 Қабылкөл с/о

Есназар  Бағдат Мансурұлы

14.10.1970

Жоғары, педагог

№137 орта мектебінің директоры

С.Сейфуллин ауылы, Есқұлы көшесі №22, тел:

8-705-241-64-11

25-3-43

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

8.

№8 Шіркейлі с\о

Камалатдин Аббас Камалатдинұлы

26.11.1949

Жоғары, агроном

«Мәді қажы» ЖШСнің төрағасы

Қызылорда қаласы, К.Әбдірахманов көшесі №3,

тел: 2-12-17,

8-777-732-97-03

24-7-95

3 рет

«Нұр Отан» ХДП

9.

№9 Н.Ілиясов с/о

Ералиев Дархан Жұмашұлы

25.03.1962

Жоғары, инженер-механик

«Мағжан және К» ЖШС-нің төрағасы

Н.Ілиясов ауылы, Жастар к-сі №6, тел: 26-0-41,  8-701-528-12-59

8-775-515-04-62, 26-0-78

26-0-12

26-0-10

3 рет

«Нұр Отан» ХДП

10.

№10.Шаған с/о

Қадыров Бердібек

16.12.1957

Жоғары, инженер-гидротехник

«Шаған-Жер» ЖШС-нің директоры

Шаған ауылы, Атақаев к-сі №16, тел: 24-1-32

8-701-954-00-01

24-1-37

2 рет

«Нұр Отан» ХДП

11.

№11 Ақжарма с/о

Бисенов Марат Алдабергенович

21.01.1968

Жоғары, инженер-гидротехник

«Ақжарма-2» ШҚ-ның төрағасы

Ақжарма ауылы, Аукенов к-сі №70, тел:

8-778-478-99-98

25-7-16

2 рет

«Нұр Отан» ХДП

12.

№12 Аманкелді с/о

Абдукаликов Иса Жакипович

05.10.1957

Жоғары, мұғалім

№42 орта мектеп директорының орынбасары

Аманкелді ауылы, А.Жанкин к-сі №15, тел: 21-90-81

8-775-959-89-57

21-90-27

3 рет

«Нұр Отан» ХДП

13

№13 Айдарлы с/о

Налибаева Жаннат Маделхановна

09.02.1960

Жоғары, педагог

Айдарлы ауылдық "Нұр-сәби" балабақшасының меңгерушісі

Жетікөл ауылы, Қожан ата к-сі №24,

8-777-056-10-01

21-97-92

1 рет

«Нұр Отан» ХДП

№7 «Қабылкөл» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Маншарипов Батырбек 1951 жылы 26 тамызда Жалағаш ауданында дүниеге келген.1977 жылы Алматы зооветеринарлық институтын тәмамдаған, мамандығы, ғалым зоотехник. 2005 жылы Қызылорда "Cейхұн" академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1968 жылы Коммунизм кеңшарында көмекші жылқышы болып бастаған.1977-1978 жылдары Жалағаш кентіндегі №150 Кәсіптік-техникалық училищесі жанындағы Комсомол ұйымының хатшысы.
1978-1979 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында зоотехник, 1979-1984 жылдары Ақсу совхозында бас зоотехник қызметін атқарған. 1984-1985 жылдары Халық депутаттары Ақсу ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1985-1989 жылдары аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 1989-1996 жылдары Аққыр қой шаруашылығының директоры, 1996-1999 жылдары "Еңбек" өндірістік кооперативінің төрағасы.
1999-2003 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2003-2004 жылдары "Сәрке Батыр" ЖШС-нің төрағасы, 2005 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін "Ай-Тоғжан" ЖШС-нің төрағасы. 2005 жылдың 23 желтоқсанынан 2006 жылдың наурызына дейін Сырдария аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2006 жылдың 24 наурызынан бастап Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтін атқарып келеді. Екі рет аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. 1999 жылдан "Нұр Отан" ХДП, аудандық Саяси кеңесінің мүшесі.Өз бойындағы адалдық, адамгершілік, қарапайымдылық қасиеттері арқылы айналасындағылардың сенімнен шыққан Б. Маншариповты жұртшылық жақсы ұйымдастырушы, жаңашыл, талапшыл басшы ретінде біледі.
Отбасылы, 7 бала өсіріп, немерелер тәрбиелеп отыр.

№7 «Қабылкөл» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат
депутаты Маншарипов Батырбектің
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, облыс және аудан әкімінің қабылдаған түрлі бағдарламаларын жан-жақты қолдай отырып, аудан халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын егеменді еліміздің көкейкесті де маңызды мәселелерінің оңтайлы шешілуіне күш саламын.
2. Осы округке қарасты елді мекендегі тұрғындардың әрбір үйінің сапалы ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз етілуіне, ауыл көшелерінің көгалдандырылуы мен тазалығына айрықша көңіл бөліп, көркейту-көгалдандыру, жарықтандыру, ауыл іші жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасаймын.
3. Жастардың білім алуы мен тәрбиесі, ана мен баланың денсаулығы, тұрмыстық жағдайы, мәдениеті мен мәнді демалу мәселесі басты назарда болады. Зейнеткерлердің, мүгедектердің, тұрмысы төмен отбасыларының әлеуметтік әлеуметтік құқықтарын қорғау, оларды үнемі назарымда болады.
4. Экономиканы әр тараптандыру және оның бәсекелестікке қарымы мол салаларын дамыту, осыған орай Елбасымыз айтқандай «Қоғамымыздың дамушы күші-шағын бизнесті» аудан көлемінде өркендетуге ықпал ету, кәсіпкерлікті дамыту. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Халыққа қызмет көрсететін орындарды көбейтуге атсалысамын.
5. Білім саласына бөлінген қаржылардың мақсатты әрі тиімді игеріліп, бұл саланың материалдық –техникалық базасының нығаюын, білім сапасының жақсаруын, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесінің көтерілуін әрдайым назарға алып отырамын.
1. Мектеп пен балабақшалардың жоғары сапалы жөнделуіне, балалар мен жасөспірімдерге арналып салынатын шағын спорт алаңдарымен қамтамсыз етілуіне ықпал ету парызым деп білемін.
6. Елбасының алға қойған міндеттерінің бірі – аграрлық секторды жаңғырту жұмыстарын қарқынды жүргізу болып табылады. Мен өзім ауылшаруашылық маманы ретінде Сырдария ауданының астық өндірісін ұлғайтып, «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес ет пен сүт өнімдерін арттыруды және ауыл шаруашылық техникалары мен оған керекті тыңайтқыштарды қолайлы бағада алуды, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктердің толық пайдаланылуын қолға аламын. Әрбір тұрғын өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін ұлғайту үшін жұмыс істеймін.
7. Қоғамның одан әрі демократиялануына үлес қосу үшін:ҚР Конституциясына енген өзгерістер мен толықтандыруға сай қоғамды демократияландыру процестерінің терең жүруіне, жергілікті мәслихат ролін көтеруге қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ-р жұмысының белсенді жүруіне ықпал етемін. Мемлекеттік құрылымдардың жауапкершілігі мен тұрғындардың өз міндеттерін орындауда дәнекерлік қызмет атқаруды басты назарда ұстаймын.
8. Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыссыз жастарды қайта оқыту, даярлау арқылыжұмыссыздықты азайту бағытындағы бағдарламалардың орындалуына ат салысамын.
9. Сайлаушылармен тұрақты кездесіп, олардың мұн-мұқтаждарын ескеріп, мезгілінде тиісті органдарға ұсыныс қойып, оң шешілуін қадағалап отырамын.
2. Мен халықтың мақсат-мүддесі үшінжұмыс істеймін. Ақыл мен мінезге бай аты затына сай елімнің мәртебесін биіктетуге күш саламын.
3. Алла қолдап, халық қуаттапдепутат бола қалған жағдайда осы бағдарлама бағыттарының орындалуына барлық күш-жігер, білімімді жұмсап, ел сенімін ақтай аландығымды сендіремін.

№ 12 «Аманкелді» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Абдукаликов Иса Жақыпұлы 1957 жылы 5 қазанда Қызылорда облысында қызметкер отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Еңбек өтілі 32 жыл. 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы: І санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі. 2007 жылы “Ең үздік оқу ісінің меңгерушісі-2007” облыстық байқауының жеңімпазы. Қызылорда облыстық білім беру департаментінің директоры М.Шермағанбетовтың “Дипломымен” марапатталды. 2007 жылы №13 Аманкелді ауылдық округінен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. 2009 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында жауапты және адал еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры И.Сағындықовтың “Алғыс хатымен” марапатталса, Қазақстан Республикасы Президентін кандидат ретінде қолдау жөніндегі қоғамдық штабта атқарған қызметі үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Алғысына” ие болды. 2010 жылы Сырдария ауданының әкімі С.Т.Тәуіпбаевтың “Алғыс хатымен”, 2011 жылы “Қызылорда облысының Білім беру ісінің үздігі” төс белгісімен марапатталды. 2011 жылы Сырдария аудандық мәслихат хатшысы А.Атақаевтың “Алғыс хатымен” марапатталды.
 
№ 12 «Аманкелді» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты
Абдукаликов Иса Жақыпұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік –тұрмыс жағдайларын үнемі назарда ұстау.
а) тұрмысы төмен отбасыларына жан-жақты көмек көрсету, олардың талап тілектерін орындау мақсатында тиісті мекемелермен жұмыс жасау;
б) ауылдық ауруханамен тығыз байланыс жасау арқылы ана мен баланың және даму мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулығының сауықтырылуына ықпал жасау;
2. Ауыл тұрғындарын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстарын одан әрі жақсартуға белсене атсалысу;
3. Ауылдық кеңеспен, СТК- мен бірлесе отырып, инвесторлар тарту арқылы жаңа жұмыс көздерін ашуға ықпал ету;
4. Ауылға қажетті жас мамандарды тарту. Олардың әлеуметтік жағдайына көмек көрсету;
5. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмыстарын жандандыру. «Тұлпар» аула клубының бу қазандығының бөлек жасалуына ықпал ету;
6. Ауылда шағын кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету;
7. Ауылдық мекемелердің күрделі және жай жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінетін қаржының уақытылы, тиесінше бөлінуіне ықпал ету;
8. Мектептің бу қазандығын сұйық отынмен жанатын бу қазандығына ауыстыруға жұмыс жасау;
9. Учаскелік полиция үйін қайта салуға қолдау жасау;
10. Музыкалық мектептің филиалын ашуға ықпал жасау;

№9 «Нағи Ильясов» сайлау округі

ӨМІРБАЯН
Ералиев Дархан Жұмашұлы - 1962 жылдың 25 наурызында қазіргі Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген. 1969 жылы 1 қыркүйекте Э.Тельман атындағы №132 қазақ орта мектебіне қабылданып, осы мектепті 1979 жылы бітіріп шыққан.
Еңбек жолын ауыл шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. 1981 жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының филиалына қабылданып, 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1986-1987 жылдар аралығында Кеңес армиясының қатарында болған. 1987 жылдан 1995 жылға дейін шаруашылықтың әр саласында механик қызметін атқарған. 1995 жылдан 2002 жылға дейін шаруашылықтың бас инженері болған. 2002-2003 жылдары ауыл әкімі, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нағи Ілиясов ауылындағы "Мағжан және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасы. Жұбайы Күлайхан екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

№9 «Нағи Ильясов» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат
депутатты Ералиев Дархан Жұмашұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
- Ел Тәуелсіздігіне 20 жыл толды. Бұл жылдар еліміз үшін даму, өсу, толысу жылдары болды. Қазақстанда тұратын барша халық бұл мерекені ұлттық мереке ретінде атап өтті. Соның ішінде біздің аудан және Нағи Ильясов ауылының тұрғындары бар.
Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтарына арналған «Болашатың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында алдағы он жыл ішінде атқаратын міндеттерді нақтылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту мен өркендетудің нақты міндеттері қойылды. Осыған байланысты «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де соңғы бес жыл қөлемінде облыстағы ең іргелі шаруашылыққа айналды. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Ауылдағы абаттандыру, көркейту - көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде ауылымыз республика көлеміндегі үздік ауылғаайналды.
Әлеуметтік нысандар мен мекемелер соңғы үлгіде қайта жөндеуден өтіп ауылға сән беріп тұр. Нәтижесінде биылғы жылы біздің инвесторымыз «Абзал и К» толық серіктестігі «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығына ие болды.
Өзіміз туып өскен және кәзіргі уақытта еңбек етіп жатқан «Нағи Ильясов» атындағы ауылымның өсіп-өркендеуіне, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының бұдан да жақсаруын басшылыққа ала отырып, сайлау алдындағы бағдарламамда төменгі мәселелерге назар аударып, нақты іске асырылуына жұмыс жасайтынболдым.
1. Ауылдың әлуметтік-экономикалық жағдайын көтеру: ол үшін еңбеккерлерінің негізгі кәсібі күрішіміздің шығымдылығын көтеру, өзіндік құнын төмендету тұқым сапасын арттру, жаңа техникамен жарақтандыру жұмыстарын жүргізу, осы арқылы ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту.
2. Нарықтық экономиканың негізгі талаптарының бірі –кәсіпкерлікті дамыту, халықтың өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу, ол үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Алдағы уақытта наубайхана, макарон цехы, малға құрма жем шығаратын цехтар ашу.
3. «Сыбаға бағдарламасына сәйкес мал шаруашылығы комплексін қалпына келтіру, асыл тұқымды мал ұстау, осыған қажетті жұмыстарды жүргізу арқылы қосымша жұмыс көздерін ашу.
4. Орталықтағы сауда үйінде ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік, тұтыну бұйымдарының болуын қамтамасыз ету жұмысын жолға қою.
5. Барлық көшелерді асфальттау жұмысын аяқтау және жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру, көшелерді абаттандыру.
6. Ауылдық емхананың жұмысына жан-жақты көмек көрсету, заман талабына сай жаңа тексеру аппараттарымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал ету.
7. Ауыл орталығындағы «Тағзым» алаңын қайта салу, айналасын абаттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізілуіне қамқорлық жасау.
8. Ауыл орталығында мәдени шаруалардың өткізілуіне демеушілік жасау. Су бұрқақтарының қалыпты жұмыс жасауын бақылауда ұстау, жыл сайын гүлзарларға гүл егілуін қамтамасыз ету.
9. Ауыл жастар ұйымын құру, оның белсенді жұмыс істеуіне атсалысу, спорт алаңының жұмысына көмектесу. Алдағы уақытта Шаған спорт мектебінің және Әуез мектебінің филиалдарының ашылуын біздің ауылда да назарда ұстау.
10. Ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыруға және орталық стадионды қайтадан жабдықтап іске қосуға ықпал жасау.
11. Ауыл орталығында №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің оқу материалдық-техникалық базасын жақсарту, аудандық бюджеттен қаржы бөлуіне көмектесу, оқушылар арасында түрлі мәдени спорт және көпшілік шаралардың өткізілуіне демеушілік жасап отыру.
12. Мектеп бітірушілер арасынан шаруашылыққа қажетті мамандықтар бойынша білім айтып, оқу бітірген жастарға көмектесу. Атап айтқанда оқу ақысын, степендия төлеу
13. Ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету, оларды үнемі назарда ұстау.
14. Шаған елді мекенің Нағи Ільясов сайлау округіне тиісті бөлігін зерттеп, олардың мұқтажын шешуге, Шаған ауылдық округі әкімі аппаратымен бірлесіп жұмыс жүргізу.

№ 1 «Бесарық» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Сейтмұратов Оразбек Ешмағанбетұлы 1957 жылы 17 сәуірде Сырдария ауданы, Жетікөл елді мекенінде дүниеге келген.
1963-64ж оқу жылында оқуға барып, 1974 жылы Ы.Алтынсарин атындағы №147 орта мектепті бітірді.
1975-77 жылдары "Гүлдаурен" комсомол жастар бригадасының бригадирі болып еңбек жолын бастады.
1977-82 жылдары СССР-дің 50 жылдығы атындағы совхозда мал шаруашылығында еңбек етті, 1982 жылдан 2007 жыл аралығында осы совхоздың қойма меңгерушісі болып жұмыс жасады.2008 жылдың қаңтар айынан бастап "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Еңбегі еленіп, бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды.
Отбасылы. Зайыбы Жусупова Назира "Бөбек" балабақшасының меңгерушісі. Ұлы Сейтмұратов Пазылбек банк қызметкері.
 
 
№ 1 «Бесарық» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты
Сейтмұратов Оразбек Ешмағанбетұлы
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен «Бесарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасы, осы ауылдың төл перзенті ретінде көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын, мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытуға, аяқ-су мәселесін шешуді, аяқ суды ауыл халқы игілігіне тегін жеткізуге ықпал етемін. Ауыл жастары бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорт секцияларына үнемі демеушілік жасап, ауыл таланттарының талабын ұштауға үлес қосып, қарттарымыздың қадірін арттыруға, ауыл мәдениетінің өсуіне, әлеуметтік саланың өсіп-өркендеуіне, тұрмысы төмендерге қол ұшын беруді борышым-деп түсініп, оны жүйелі түрде атқарып жүрген азамат ретінде аудандық мәслихат депутаты бола қалсам төмендегі бағдарламамды орындауға күш салатын боламын.
-Ауыл орталығын таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, әр тұрғынның үйіне су жеткізуді 2012-13 жыл толық аяқтауға ат салысамын;
- Ауыл жастарының жұмыспен қамтылуына Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жылына кем дегенде 30-40 жасты жаңа жұмыс орнымен қамтуға науқанды жұмыс кезінде Іңкәрдария ауыл жастарын жұмысқа тартып, оларды жатын орынмен, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтуды міндетіме аламын.
- Ауыл жастарының өнер мен спорттың облыстық, республикалық сайыстарына демеушілік жасауды жүзеге асырамын;
- Ауылдағы Мәдениет үйі, балалар бақшасы, емханасының жылу жүйесінің ырғақты жұмыс жасауына ондағы мәдени-көпшілік іс-шараларға қаржы бөлуді жүйелі түрде жүзеге асыруға ат салысамын;
- Ауыл шаруашылық саласы бойынша Жоғары оқу орындарында оқуға мектепті жақсы және өте жақсы үлгіріммен бітірген бір жасқа жылына бір грант бөлуге ықпал етемін;
- Ауылдағы әр үйдін есік алды бақшалық жеріне су жеткізу үшінсу жолдарын тазалау, көпірлерін қайта салу жұмыстарына көктем айларында адам, техника күшімен көмек беруді жүзеге асырамын;
-Ауыл сыртындағы бау-бақшалық жерлерге су жеткізуді шаруашылық есебінен тегін жеткізуді жүзеге асыра отырып, ауыл халқының түгелдей егін егуіне жағдай жасауға ықпал етемін;
-Елбасының тапсырмасына орай ауыл халқымен шаруашылықта мал басын көбейтуге және жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануға жағдай жасауды міндетіме аламын;
-Ауылды абаттандыру, көркейту бағдарламасын жасап жаңа гүлзарлармен жасыл белдеулер жасау атап айтқандаауылдың кіре берісін жасыл белдеумен қамту, Мәдениет үйі ауласын гүлдендіру, абаттандыру жұмысын жүзеге асыруды қолға аламын;
-Жылына бір көшеден асфальттандыру жұмысын атқаруға ат салысамын;
-Ауылда кіші кәсіпкерлік нысандарын, наубайхана, монша, мал бордақылау алаңынын іске қосуға ықпал етемін. Іңкәрдария ауылында да әлеуметтік мекемелердің ырғақты жұмыс атқаруына ықпал ете отырып, көшелердің жөнделуіне ат салысамын;
-Сайлау алды бағдарламалар мен осы екі ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлерін ескере отырып ауылды дамыту бағдарламасын жасап, оны қаржыландыру көздерін қарастыруға ықпал етемін.

№ 8 «Шіркейлі» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Камалатдин Аббас 1949 жылы 26 қарашада Қызылорда облысы, Тереңөзек (Сырдария) ауданы "Шіркейлі" ауылында туылған. Қызылорда қаласындағы Ю.А.Гагарин атындағы №1 мектеп-интернатты 1966 жылы бітірген. 1971 жылы Алматы қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақтың мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітірген. Білімі жоғары, мамандығы ғалым-агроном.
Еңбек жолын 1971-1975 жж. "Шіркейлі" совхозында бөлімше агрономы,1976-1980 жж. "Шіркейлі" совхозында трактор-егіс бригадасының бригадирі, 1980-1982 жж. "Шіркейлі" совхозында партком директоры. 1982-1985 жж. "Шіркейлі" совхозының директоры, 1985-1986 жж. "Тереңөзек" күріш совхозының (қазіргі "Шаған") директоры. 1986-1991 жж. Халық депутаттары Қармақшы аудандық советі атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жж. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі Қызылорда облыстық комитетінің төрағасы. 1992-1995 жж. Тереңөзек ауданы "Ильич" атындағы (қазіргі Ақжарма) совхозының директоры. 1995-1999 жж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 1999-2002 жж. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қызылорда облыстық комитетінің төрағасы. 2002-2004 жж. "Шіркейлі" ЖШС-нің директоры. 2004 жылдан осы уақытқа дейін - "Мәді қажы" атындағы ЖШС-нің директоры. КПСС-тің ХХҮІІ съезінің делегаты, Байқоңыр ғарыш айлағының "Құрметті құрылысшысы", Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің екі дүркін жеңімпазы. (1977, 1978 жж), Сырдария ауданының Құрметті азаматы. "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Президентінің "Құрмет Грамотасымен", Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтой медалімен, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.
Жанұялы, бес баласы бар, немерелер тәрбиелеп отыр.

№ 8 «Шіркейлі» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат
депутаты Камалатдин Аббас Камалатдинұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
- Ауылға 640 орындық жаңа мектеп үйін салуға белсенді ат салысу;
- Ауылда селолық дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу үшін, облыстық,аудандық атқарушы орган алдына мәселе қойып,оң шешімін табуға ықпал жасау;
- «Мәді қажы» атындағы серіктестіктің және де басқа да шаруа қожалықтарының иелігіндегі 3600 гектар инженерлі тегістелген егістік жерлерді қалпына келтіруге,оған шетелдік инвестиция тартуға белсенді әрекет ету;
- Ауыл іргесінен 50 гектар жерге ағаш егіп,экологиялық бау жасау келешек онын жалпы көлемін 120 гектарға дейін жеткізіп,ауыл халқы үшін демалыс орнына айналдыру,ауыл тұрғындарын ағаш отынмен,құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді іске асыру;
- Ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына,мүгедек,сырқат жандарға,мұқтаж адамдарға жәрдем беру үшін серіктестік есебінен жыл сайын 6-7 млн теңге көлемінде ақшалай және ауыл шаруашылық өнімдерімен көмек көрсету;
- Ауылдағы 300-350 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету;
- Ауыл мешітін күрделі еуро жөндеуден өткізіп бір мезетте 100 адам намаз оқитын орынға айналдыру;
- Жыл сайын ауыл ішіндегі 3 көшені жөндеуден өткізуге қаражат бөлдіруге атсалысу;
- Серіктестік көлемінде асылтұқымды жылқы басын 300-ге дейін көбейтіп қымыз,ет өндіруді арттыру;


№ 2 «Қоғалыкөл» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Каюпов Сламбек 1960 жылы 30 қараша күні Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. 1967-77 жылдары №44 "Октябрь" орта мектебінде білім алған.
1977-78 жылдары оқу бітіруші 46 түлектің бастамасымен туған ауылында ауылшаруашылық саласында жұмыс атқарып, еңбек жолын бастаған. 1979-83 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен методикасы" мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, Беларуссияның Жодино қаласында әскери борышын өтеген. Запастағы аға лейтенант.
1985-97 жылдары аралығында Жамбыл атындағы совхозда кадр жөніндегі аға инспектор, 1997-2005 жылдары №44 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін мектеп директоры қызметін атқаруда. Облыс, аудан әкімінің, облыстық, аудандық білім басқармаларының бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.
Отбасылы, үш баласы бар.
 
№ 2 «Қоғалыкөл» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты
Каюпов Сламбек Шахапұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын, облыс және аудан әкімінің қабылдаған түрлі бағдарламаларын жан-жақты қолдай отырып, аудан халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайын, егеменді еліміздің көкейтесті маңызды мәселелерінің оңтайлы шешілуіне күш саламын;
2. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, бала - бақша ашуға жұмыс жасаймын;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дені сау, жігерлі жастарды тәрбиелеу мақсатында ауылдан спорт кешенін салуға қол жеткізу;
4. Білім саласына бөлінген қаржылардың мақсатты әрі тиімді игеріліп, бұл саланың материалды – техникалық базасының нығаюын,білім сапасының жақсаруын, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтерілуін назарға аламын;
5. Ауылшаруашылығын дамыту оның ішінде мал шаруашылығын өркендету үшін тиісті қаржы көзін іздеу, қажетті құжаттарын дайындауға күш салу;
6. Сайлаушылармен тұрақты кездесіп, олардың талап арыздары мен мұқтаждықтарын ескеріп, оң шешілуіне тиісті орындарға ұсыныс беріп,орындалуын қадағалау;
7. Ауылды абаттандыру, көркейту бағдарламасын жасап, ауылдың кіре берісіне жасыл белдеулер, көшеттер отырғызу;
8. Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыссыз жастарды қайта оқыту, даярлау арқылы жұмыссыздықты азайту бағытындағы бағдарламалардың орындалуына күш салу;

№4 Жамбыл сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Шынтас Зетов 1949 жылы қараша айының 7-ші жұлдызында Қазалы ауылы, Кәукей мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Жаңа Қазалы (қазіргі Әйтеке би) қаласында №420 орта мектепті бітірген.
1966-1972 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1972 жылы Тереңөзек аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің ординаты қызметінен бастаған. 1974 жылы хирургия бөлімінің меңгерушісі, 1978 жылы қараша айынан аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келеді.
Алматы, Пенза, Москва қалаларында білімін жетілдірген. Жоғары санатты дәрігер-хирург.
1988-1991 ж.ж. арасында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған. Шынтас денсаулық сақтау министрлігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
1989 жыл “СССР денсаулық саласы үздігі” белгісі, 1992 жылы денсаулық саласындағы көп көп жылдық белсенді қызметі үшін халық депутаттары Қызылорда облыстық кеңесінің грамотасымен марапатталған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің “Алғыс хатын” алған. 2005 жылы “Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерекелік” медалімен марапатталған. Елбасының, облыс және аудан әкімі алғыс хатын алған.
2010 жылғы аудан бойынша “Үздік дәрігер” номинациясына ие болған. Аудан “Нұр Отан” ХДП-сының саяси кеңес мүшесі.
Жолдасы Құралай жоғары білімді ардагер ұстаз. 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 5 немересі бар.
№4 Жамбыл сайлау округінен аудандық мәслихат депутатты
Шынтас Зетовтың сайлауалдындағы
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, облыс және аудан әкімінің қабылдаған түрлі бағдарламаларын жан-жақты қолдай отырып, аудан халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, егеменді еліміздің көкейкесті де маңызды мәселелерінің шешілуіне күш саламын.
2. Осы округке қарасты мекендегі тұрғындардың әрбір үйінің сапалы ауыз су және аяқ су қамтамасыз етілуіне, кенттегі көшелердің көгалдандырылуы мен тазалығына айрықша көңіл бөлемін. Бауыржан Момышұлы көшесі асфальттануына құжат дайындалуы, Жамбыл және Жамбыл тұйығы көшесіне түнгі жарық орнатылуына ықпал жасау. Асқар Тоқмағанбетов көшесіне жөндеу жұмысына ықпал жасау және аяқ сумен қамтамасыз етуге көктемде су насосын орнатуға ықпал жасау.
3. Жастардың білім алуы мен тәрбиесі, ана мен баланың денсаулығы, тұрмыстық жағдайы, мәдениеті мен мәнді демалу мәселесі басты назарда болады. Зейнеткерлердің, мүгедектердің, тұрмысы төмен отбасыларының әлеуметтік құқықтарын қорғау, оларды үнемі қамқорлыққа алуға жан-жақты ықпал жасаймын.
4. Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекелестікке қарымы мол салаларын дамыту, осыған орай Елбасымыз айтқандай “Қоғамымыздың дамушы күші-шағын бизнесте” аудан көлемінде өркендетуге ықпал ету, кәсіпкерлікті дамыту. Кенттің көркі болатын кешенді ғимараттарды салуды одан әрі жалғастыру, Жаңа жұмыс орындарын ашу. Халыққа қызмет көрсететін орындарды көбейту басты назарымда болады.
5. Білім саласына бөлінген қаржылардың мақсатты әрі тиімді игеріліп, бұл саланың материалдық-техникалық базасының нығаюына, білім сапасының ұлғаюына, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесінің көтерілуін әрдайым назарға алып отырамын.
Мектеп пен балабақшалардың жоғары сапа да жөнделуіне, балалар мен жасөспірімдерге арналып салынатын шағын спорт алаңдары мен қамтамасыз етілуіне жәрдем жасаймын.
Алдағы уақытта темір жол арғы беті тұрғын мектеп жасындағы балаларға 300 орындық мектеп құрылысын жобалануына және оның іске асуына ықпал етемін.
6. 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында саланы дамытудың басым бағыттарының бірі болып амбулаториялық дәрілік қамсыздандыруды жеңілдеттіру болып белгіленген. Осы бағдарламаның арқасында аурулардың диспенсерлік есепте тұратын халықтың дәрілік заттарды тегін бағамен алуына қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Емдеу-профилактикалық жұыс шараларын жақсартумен жалпы өлім, нәрестерлер арасындағы шетінеуді азайтуға күш саламын.
7. Қоғамның одан әрі демократиялануына үлес қосу үшін: ҚР Конституциясына енген өзгерістер мен толықтыруларға сай қоғамды демократияландыру процестері терең жүруіне, жергілікті мәслихат рөлін көтеруге, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар жұмысының белсенді жүруіне ықпал етемін.
8. Сайлаушылармен тұрақты кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын ескеріп, мезгілінде тиісті орындарға ұсыныс қойып, оң шешілуін қадағалап отырамын.
Мен Қазақ дейтін ұлы халықтың мақсат-мүддесі үшін жұмыс істеймін. Ақыл мен мінезге бай, атына заты сай елімнің мәртебесін биіктетуге күш саламын.
Алла қолдап, халық қуаттап депутат бола қалған жағдайда осы бағдарлама ьағыттарының орындалуына барлық күш-жігер, білімімді жұмсап, адал тілекті ел сенімін ақтай алатындығыма сендіремін.

№ 6 «Мұратбаев» сайлау округі

ӨМІРБАЯН
Пржанова Бисенкүл Смағұлқызы 1961 жылы туылған. Білімі жоғары. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін бітірген.
Облыстық стоматология емханасында 1 жылдық интернатурадан өтіп, еңбек жолын 1987 жылдың тамыз айынан аудандық ауруханаға қарасты стоматология бөлімінде дәрігер қызметінен бастады. 1991-1996 жылдары стоматология бөлімшесінің меңгерушісі және ауданның бас стоматологы, 1999 жылы аудандық аурухананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2000-2003 және 2006-2009 жылдары аудандық емхананың бас дәрігері. 2009 жылдан бастап Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметін атқаруда. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі 1 санатты дәрігер.
Өзінің 25 жылдық еңбек жолында жас дәрігерлердің тәлімгері болып, олардың жақсы маман болуларына өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар аудан халқы арасында алғашқы медициналық көмек, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда. Бисенкүл Смағұлқызы аудан халқы және өз ұжым арасында беделді, ұйымдастырушылық қабілеті мол, аудан көлемінде өтетін барлық іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 1990 жылдан аудандық медицина қызметкерлерінің әйелдер Кеңесінің төрайымы, аудандық әйелдер Кеңесінің мүшесі,1998 жылы аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы, 1999-2010 жылдары №138 "Майжарма" сайлау участігінің, №153 Мұратбаев сайлау участігінің төрайымы болған. Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға Айдарлы, Бесарық, А.Тоқмағанбетов, Қоғалыкөл ауылдық емханаларында күрделі жөндеу, С.Сейфуллин ФАБ-тың ғимаратын демеушілік көмек көрсету арқылы ғимаратты жаңадан тұрғызуға өз үлесін қосты. Атқарған еңбегі еленіп Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, облыстық, аудандық денсаулық сақтау саласында "Алғыс хаттармен" марапатталды. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

№ 6 «Мұратбаев» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты

Пржанова Бисен Смағұлқызының
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауын және облыс, аудан әкімінің қабылдаған іс-қимыл бағдарламаларын қолдай отырып, аудан халқының тұрмыстық әлеуметтік жағдайын және аудан әйелдерінің хал-ахуалын жақсарту, олардың қоғамдық саяси өмірдегі ролін күшейту. Егеменді еліміздің көкейкесті де маңызды мәселелеріне
2. Жастардың білім алу мен тәрбиесі, ана мен баланың денсаулығы, тұрмыстық жағдайы, мәдениеті мен мәнді демалу мәселесі басты назарда болады. Зейнеткерлердің, мүгедектердің, тұрмысы ауыр отбасыларының әлеуметтік құқықтарын қорғау,оларды үнемі қамқорлыққа алу күнделікті жұмыстарының ажырамас бір бөлігіне айналады. Кент әкімшілігімен бірлесе отырып поселкенің көркеюіне, абаттануына, тұрғындарды ауыз су және көшелерді аяқ сумен қамтамасыз ету, мал жайылымның ойдағыдай шешілуі бағыттарында табанды түрде жұмыстар жүргіземін. Сайлаушылармен тұрақты кездесіп, олардың мұң – мұқтаждарын ескере отырып, тиісті орындарға ұсыныс қойып, оң шешілуіне мән беремін;
3. Осы округке қарасты елді- мекендегі тұрғындардың сапалы ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз етілуіне, көшелердің көгалдандырылуы мен тазалығына айрықша көңіл бөледі;
4. Мен өзім медицина саласында қызмет атқарып жүргендіктен аудан халқының арасында туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық шараларды жүзеге асыруы, олардың ішіндегі тұрмысы төмен отбасыларына аурудың түрлеріне қарай гуманитарлық көмек берілуіне, жаңадан табылған ауруларды уақытылы тексеруден өткізілуіне толық емделіп шығуына ықпал жасаймын;
5. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез ауруының етек алуына жол бермеу туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аурудың отбасындағы балаларды оқшаулауды, мектептерде дәрі қабылдайтын балаларға бір мезгіл ыстық тамақ беруді шешу басты назарымда болады;
6. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында дамытудың басым бағыттарының бірі болып амбулаториялық дәрілік қамсыздандыруды жеңілдету белгіленген. Осы бағдарламаның арқасында аурулары бойынша диспансерлік есепте тұратын халықтың дәрілік заттарды тегін және жеңілдікті негізінде алуына ықпал етемі;

№ 11 «Ақжарма» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Бисенов Марат Алдабергенұлы – 1968 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді. 1975 жылы Қазақ ССР-нің 50 жылдығы (қазіргі Сырдария ауданының Н.Ильясов) атындағы кеңшарда №132 қазақ орта мектебіне барып,1985 жылы осы мектепті бітірді. Осы ауылда 1985 жылдың тамыз айына дейін жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1985 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтына оқуға қабылданды. 1987-1989 жж. кеңес әскері қатарында қызмет атқарып келгеннен кейін, оқуды әрі қарай жалғастырып, 1990 жылы институт атауы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндіріс инженерлерлері институты болып өзгеруіне байланысты, 1992 жылы осы институттың гидромелиорация факультетінен инженер-гидротехник мамандығын алып шықты. 1995 жылы Жалағаш ауданының "Аққұм" кеңшарында гидротехник, аға гидротехник болып жұмыс атқарды. 1995 жылдың қараша айынан бастап 2003 жылға дейін Қызылорда су торабы басқармасында бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2003 жылдың қаңтар айынан бастап,Сырдария ауданының "Ақжарма" ЖШС-нің директоры болып тағайындалып, 2006 жылдың қараша айына дейін қызмет атқарды. 2006 жылдың қараша айы мен 2008 жылдың наурыз айы аралығында "Қызылорда су шаруашылығы" ЕКМ "Ауданаралық каналдар жүйесі" кәсіпорнында директор қызметін атқарды. 2008-2011 жылдың сәуір айына дейін "Алуан -АС" ЖШС-і бас директорының ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды .2011 жылдың 14 сәуірінен бастап "Ақжарма Жер" ЖШС-гі директоры қызметін атқарып келеді.
№11 «Ақжарма» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат
депутаты Бисенов Марат Алдабергенұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жер – елдің байлығы, шаруашылықтағы инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егістікті тиімді пайдалана отырып, ауылшаруашылығы дақылдарының көлемін арттыру. Осы арқылы халықты жұмыспен қамту;
2. «Ауылын көріп- азаматын таны» дегендей, ауылды көгалдандыру-көркейтуге,ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге, абаттандыруға аудан бюджетінен және шаруашылықтан қаржы бөлуге ықпал жасаймын;
3. Ауылдағы ең күрделі мәселе –ауыз су және жарық. Осы мәселені шешуге жоғарғы басшы органдарымен бірлесе отырып,уақытылы шешуіне ықпал етемін;
4. Тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырамын;
5. Аудан бюджетінің тиісті салаларға мүмкіндігіне қарай әділ бөлінуіне жұмыс жасаймын;
6. Елдегі түйіні шешілмеген күрделі мәселе туындаған жағдайда,аудандық мәслихат сессиясы қарауына ұсынамын;
7. Ең бастысы-Ел Президентінің кемел саясатының көш басшысы - «Нұр Отан» ХДП –ның бағдарламасын іске асыруға бар күш жігерімді саламын;

№ 13 «Айдарлы» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Сапар Әлиасқарұлы Көзейбаев 1974 жылы 6 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1991 жылы №174 А.С.Макаренко атындағы орта мектепті бітірген.
1991-1992 жыл аралығында Айдарлы мал бордақылау кешенінде жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.
1992 жылы Қорқыт ата атындағы Гуманитарлық университетіне түсіп, оны 1996 жылы заңгер-оқытушы мамандығы бойынша бітірген.
1997-1999 жылдары Қызылорда қаласындағы №7 орта мектебінде мұғалім, ал, 2002 жылға дейін облыстық мұражайда ғылыми қызметкер болды.
2002-2009 жыл аралығында Қармақшы ауданы Қорқыт ата кешеніндегі Қорқыт мұражайының директоры.
2009 жылдан Алиакбар ата Агро шаруа қожалығының төрағасы, осы жылы Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек ескеріліп, төмендегідей марапаттар иеленген:
ҚР Президентінің, облыс әкімінің, Сырдария ауданы әкімінің, аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаттарымен;
"ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

№ 13 «Айдарлы» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Сапар Әлиасқарұлы Көзейбаевтың
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушы, сіздердің сенімдеріңізге шын жүректен ризашылығымды білдіріп, сайлау алдындағы бағдарламаның негізгі бағыттарын назарларыңызға ұсынамын:
- "Нұр Отан" ХДП-ның сайлауалды тұжырымдамасының жергілікті жерде толық жүзеге асуына күш салу;
- Айдарлы, Жетікөл елді мекендерінің әлеуметтік ахуалы мен рухани өмірінің ұдайы жаңғырып, жаңартып отыруына үлес қосу;
- Ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жинақтап, жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асыру мүмкіншіліктерін қарастыру;
- Ауылдардың тозығы жеткен ішкі көшелерін, жолдарын, электр желілерін жөндеп, қалпына келтіруге ықпал жасау;
- Ауыл орталықтарынан саябақтар ашу;
- Айдарлы елді мекенінің әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;
- № 139 орта мектепті жөндеу жұмыстарын және заманауи жабдықталуын онан әрі назарда ұстау;
- Шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсету;
- Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру;
- Қайырымдылық шаралардың өткізілуіне ұйытқы болу;
- Білім, денсаулық, мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайту. Ұстаздар, тәрбиешілер, дәрігерлер қауымының беделін көтеру;
- "Нұр сәби" балабақшасының бала сиымдылығын көбейту;
- Ауыл жастарына кәсіби білім алып, туған ауылына тұрақтанып, қызмет етуіне қолайлы жағдай жасау.
Құрметті сайлаушылар!
Өзімнің қолымнан келген мүмкіншілігімді, маған сеніп дауыс берген азаматтардың сенімін ақтауға тырысамын.
Қазақта "халқына қызмет еткен қамқа киеді, жұртына қызмет қылған жорға мінеді" деген сөз бар. Бұл елге қызмет етуден артық бағыт жоқ деген сөз болар.
Депутат ел ішіндегі жағдаятты көре біліп, оны түзетудің жолын билікке дәлелдеп, көрсету құқына ие болған халық өкілі. Яғни, ол сайлаушылар сенімінен шығып, халық пен биліктің арасына алтын көпір бола білуі тиіс. Ол үшін депутат табанды, қажырлы болмыстың адамы болса игі.
Міне, жұрт үшін жүк арқалауға тәуелкел еткенде осының бәрін ой елегінен өткіздім. Ол үшін маған тек көптің сенімі ғана керек.


«Нұр Отан» ХДП-нан №5 Тәжібаев сайлау округі

ӨМІРБАЯН
Есенов Расул Әбутәліпұлы 26 қазан 1973 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. №210 орыс орта мектебін, 1988-1991 жылдар аралығында аудандық №10 орта кәсіптік оқу орнын, 1991-1995 жылдар аралығында Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, аталған институттың толық курсын еңбек, есептеу техникасы және информатика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2004-2008 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңтаным мамандығы бойынша оқып, "заңгер" білікті және бакалавр академиялық дәрежесі беріліп, екінші жоғары білім алды. 1999 жылдан бастап "Углесбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, құрылтайшы және директор қызметін атқарып, ауданға қарасты барлық мектептер мен бюджеттік, бюджеттік емес мекемелерді және аудан халқын қыстық отын көмірмен қамтамасыз етіп келеді. Жылдан жылға мекеменің техникалық материалдық базасын нығайтып, ғимарат, жолдар құрылысын, күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруда. "Углесбыт+7" ЖШС және ЖК "САК" мекемелерін құрып, оның құрылтайшысы және директоры қызметтерін қоса атқарып отыр. 2008 жылы Қызылорда-Жалағаш трассасының бойынан "Жанар-жағар май" құю бекетін ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Отбасылы, 4 баланың әкесі.

«Нұр Отан» ХДП-нан №5 Тәжібаев сайлау округі бойынша аудандық
мәслихат депутатты Есенов Расул Әбутәліпұлының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауының негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, «Нұр Отан» ХДП-ның халықтық тұғырнамасында және бағдарламасында көзделген мақсаттардың туған жерім Тереңөзекте, оның патриоты ретінде жүзеге асыруға атсалысу.
1. Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекелестікке қарымы мол салаларын дамыту, осыған орай Елбасымыз айтқандай «қоғамымыздың дамушы күші-шағын бизнесті» аудан бойынша өркендетуге ықпал ету, кәсіпкерлікті дамыту. Кенттің көркі болатын кешенді ғимараттарды салуды одан әрі жалғастыру. Жаңа заманымызға сай жастардың демалатын тәрбиелік маңызы бар орындарын ашу. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Халыққа қызмет көрсететін орындарды көбейту.
2. №5 Тәжібаев сайлау округінде туындап отырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға көмек көрсету. Медициналық бірыңғай жүйенің халыққа тиімді жағына жұмыс жасау, оны бақылау.
3. Қоғаның одан әрі демократиялануына үлес қосу ҚР Конституциясына енген өзгерістер мен толықтыруларға сай қоғамды демократияландыру прцестерінің терең жүруіне ықпал ету. Жас кәсіпкерлерді үйретуге, баулуға күш салу.
4. Білім саласына бөлінген қаржылардың мақсатты әрі тиімді игеріліп, бұл саланың материалдық-техникалық базасын нығаюына, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесінің жақсаруына әрдайым ықпал ету. Мектеп пен балабақшалардың жоғары сапалы жөнделуіне, оқушыларды спорт алаңдарымен қамтамасыз етілуіне жәрдем жасау. Озат оқушыларға, белсенді мұғалімдерге жүлде тағайындау.
5. Әлеуметтік қорғау саласында зейнеткерлердің әлеуметтік жағынан қорғалып бақытты қарттыққа бөленуіне, тұрмыстық жағдайларының жақсы болуына, медициналық қызметтермен жан-жақты қамтылуына ықпал ету. Мемлекеттік қызметкерлердің белсеңді жұмыс жасауына, заңмен қорғалуына ықпал жасау.
6. Мәдениет саласы бойынша: балаларға өнер-білім беру мекемелеріне қолдау жасалуына, кітапхана, клубтар жүйесінің, тарихи-мәдени ескерткіштердің қалпына келтірілуіне ықпал етужәне тіл, діл, дін мәселелеріне сергек қару, салт-дәстүрді дамытып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша кеңейту. Мәдени-спорттық шараларға демеушілік жасау.
7. Жастардың отансүйгіштік рухта тәрбиеленуіне үлес қосу, олардың спортпен шұғылдануына жағдай туғызу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
8. Тереңөзек кентін Тәжібаев атындағы сайлау округі аумағын абаттандыруға, көгаландыруға, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға ықпал ету.


№10 «Шаған» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Қадыров Бердібек 1957 жылы 16 желтоқсан күні Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,Шаған ауылында дүниеге келген. 1965 жылы осы Шаған ауылында бастауыш мектепке қабылданып, 1975 жылы БЛКЖО-ның №37 орта мектебінде 10 класты бітірген.
Алғашқы еңбек жолын құрылысшылықтан бастаған. 1976-78 жылдар аралығында міндетті әскери борышын Пенза қаласында өтеген. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін ПМК-18 мекемесіне ағаш ұстасы болып жұмысқа орналасып, 1979-1984 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтында инженер - гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1984-91 жылдар аралығында Шаған ауылында орналасқан "Тереңөзек" кеңшарында бригадир, содан 1992 жылы Қызылорда қаласында орналасқан "Рауан" кіші кәсіпорнында цех бастығы, "Мақсат" кіші кәсіпорнында аға инженер, мұнай саласында РММ бастығы, 2005-2006 жылдары "НефтеГазСтрой" ЖШС -де бас механик болып қызмет атқарған. 2006 жылдан бастап "Шаған жер" ЖШС -і төрағасы. Отбасылы 2 баласы бар.

№10 «Шаған» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат
депутаты Қадыров Бердібектің
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, облыс және аудан әкімінің қабылдаған түрлі бағдарламаларын жан-жақты қолдай отырып, аудан халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын егеменді еліміздің көкейкесті де маңызды мәселелерінің оңтайлы шешілуіне күш саламын.
2. Осы округке қарасты елді мекендегі тұрғындардың әрбір үйінің сапалы ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз етілуіне, ауыл көшелерінің көгалдандырылуы мен тазалығына айрықша көңіл бөліп, көркейту-көгалдандыру, жарықтандыру, ауыл іші жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасаймын.
3. Жастардың білім алуы мен тәрбиесі, ана мен баланың денсаулығы, тұрмыстық жағдайы, мәдениеті мен мәнді демалу мәселесі басты назарда болады. Зейнеткерлердің, мүгедектердің, тұрмысы төмен отбасыларының әлеуметтік әлеуметтік құқықтарын қорғау, оларды үнемі назарымда болады.
4. Білім саласына бөлінген қаржылардың мақсатты әрі тиімді игеріліп, бұл саланың материалдық –техникалық базасының нығаюын, білім сапасының жақсаруын, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесінің көтерілуін әрдайым назарға алып отырамын.
5. Елбасының алға қойған міндеттерінің бірі – аграрлық секторды жаңғырту жұмыстарын қарқынды жүргізу болып табылады. Мен өзім ауылшаруашылық маманы ретінде Сырдария ауданына қарасты Шаған елді мекенінде астық өндірісін ұлғайтып, «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес ет пен сүт өнімдерін арттыруды және ауыл шаруашылық техникалары мен оған керекті тыңайтқыштарды қолайлы бағада алуды, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктердің толық пайдаланылуын қолға аламын. Әрбір тұрғын өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін ұлғайту үшін жұмыс істеймін.
6. Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыссыз жастарды қайта оқыту, даярлау арқылы жұмыссыздықты азайту бағытындағы бағдарламалардың орындалуына ат салысамын.
7. Сайлаушылармен тұрақты кездесіп, олардың мұн-мұқтаждарын ескеріп, мезгілінде тиісті органдарға ұсыныс қойып, оң шешілуін қадағалап отырамын.
Мен халықтың мақсат-мүддесі үшінжұмыс істеймін. Ақыл мен мінезге бай аты затына сай елімнің мәртебесін биіктетуге күш саламын.
Алла қолдап, халық қуаттап депутат бола қалған жағдайда осы бағдарлама бағыттарының орындалуына барлық күш-жігер, білімімді жұмсап, ел сенімін ақтай аландығымды сендіремін.

№ 3 «Бидайкөл» сайлау округі

ӨМІРДЕРЕК
Ерімбетов Шәріпжан Сұлтанұлы 1958 жылы 26 наурыз күні Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қызыл-Ту селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1965 жылы Партияның 18-съезі атындағы №135 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1975 жылы М.Калинин атындағы №35 қазақ орта мектебін бітірді. 1975-1976 ж.ж. ЖМК-15 мекемесінде монтажник мамандығы бойынша еңбек жолын бастаған. 1976-1978 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген соң, Қызылордадағы №8 техникалық училищеде КИАП-электрик мамандығын алды. 1979 жылы Тереңөзек электр желілері мекемесіне электромонтер болып орналасып, (РЭС) 1983 жылы осы мекеменің жолдамасымен Алматы энергетикалық институтына оқуға түскен. Кейін аталмыш жоғарғы оқу орнын 1989 жылы электр жүйелері мен желілерінің инженер-электригі мамандығы бойынша бітірген. Оқуды бітірген соң, Тереңөзек электр желілері мекемесінде мастер, инженер қызметтерінде болып, 1990 жылдың қаңтарынан 1996 жылдың маусымына дейін бас инженер қызметтерін абыройлы атқарды. 1996 жылдың маусым айынан Қызылорда облыстық энергия тарату мекемесінің Тереңөзек бөлімінің бастығы, ал 1997 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың маусымына дейін Тереңөзек аудандық электр желілері мекемесінің бастығының орынбасары, 1998 жылдың маусымынан бастап 2007 жылдың желтоқсан айына дейін "Асар" ЖШС-нің директоры, 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап "Шиелі Жарығы" ЖШС-нің Сырдария филиалының директоры болып қызмет атқарады. Отбасылы-1 ұлы, 1 немересі бар.

№ 3 «Бидайкөл» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты
Шәріпжан Сұлтанұлы Ерімбеттің
БАҒАРЛАМАСЫ
- Ел-халқы үшін ең қажетті ауыл жолдарын жөндеуді одан әрі жалғастыру, яғни А.Тоқмағанбетов ауылындағы 5 км жолға тас төсеп, 2 км жолды асфальттау. О.Мәлібаев ауылындағы 3 км жолға тас төсеп, 1 км жолды асфальттау;
- О.Мәлібаев атындағы елді-мекенде жоба бойынша жүргізілетін ауыз су нысандарын салуға атсалысу;
- Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, мектеп оқушыларын түрлі спорттық үйірмелерге тарту үшін қажетті (А.Тоқмағанбетовте- 2, О.Мәлібаевта- 2) ашық спорт алаңдарын салуға ықпал ету;
- А.Тоқмағанбетов ауылында- 2, О.Мәлібаев ауылында - 1 көшеге жарық орнатуға ықпал ету;
- Ел болашағы жастар дейтін болсақ, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларының жұмыс істеуіне ұйытқы болу;
- Қазір білім ошақтары бюджет қаржысы есебінен жөнделіп, қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта да осы жұмыстардың жалғасуына ықпал ету;
- Елбасының жыл сайынға Жолдауларында ауылды,елді-мекендерді көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жайы айтылып жүр. Осыған сәйкес ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды осынау жұмысқа халықты жұмылдыру ісіне тарту;
- Соңғы кезде жиі көрініс беріп жүрген діни ағымдардың, әсіресе жастар санасын улануына жол бермес үшін, олармен жиі кездесу, қоғамға жат әрекеттердің алдын-алу-менің бағдарламамның негізгі бағыттары міне, осындай;

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты