Жастар саясаты

 

 

"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2019 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша  14 пен 29 жас аралығында 11 270  жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны-457, маргинал жастар (яғни NEET жастар) саны 120, студенттер 2620, өзін-өзі қамтыған жастар саны-62, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 34, 14 жастан жоғары оқушылар саны-2105, жас кәсіпкерлер саны-642, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны-1150, пробациялық есептегі жастар саны-18, жас отбасылар саны-337.  

Жастар орталығы 2019 жылдың I тоқсанында жастар арасында түрлі бағыттағы 38 іс-шара өткізіліп, 3600 жас қамтылды. Оның ішінде  NEET санатына жататын жастармен спорттық сайыс-5, кездесу-5 жастар саясатын насихаттау мақсатында, психологиялық семинар-тренингтер-13, кеңес беру-6, халық көп шоғырланған ортада жастарға кәсіптік бағдар беру. Сонымен қатар, 2019 жылға NEET санатына жататын ауылдық округтер бойынша әлеуметтік картасы әзірленіп олармен адресті түрде жұмыс жасалып жатыр.  

2019 жыл - Жастар жылы аясында  "Болашаққа – үміт, жастарға – сенім" атты жастар жылының ашылу салтанаты ұйымдастырылып, әр түрлі салада жетістікке жеткен аудан жастары өткен жылғы атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан жастарына әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері волейбол ойыны  ұйымдастырылып отыр.  

 


"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің 2018 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары

Аудан бойынша  14 пен 29 жас аралығында 11 131  жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны-386, маргинал жастар (яғни NEET жастар) саны 125, студенттер 2620, өзін-өзі қамтыған жастар саны-51, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 34, 14 жастан жоғары оқушылар саны-2105, жас кәсіпкерлер саны-62, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны-1150, пробациялық есептегі жастар саны-13, жас отбасылар саны-320.  

Жастар орталығы 2018 жылы жастар арасында түрлі бағыттағы 182 іс-шара өткізіліп, 5150 жас қамтылды. Оның ішінде  NEET санатына жататын жастармен спорттық сайыс-5, кездесу-3 кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында, кеңес беру-6, халық көп шоғырланған ортада жастарға кәсіптік бағдар беру. Сонымен қатар, 2019 жылға NEET санатына жататын ауылдық округтер бойынша әлеуметтік картасы әзірленіп олармен адресті түрде жұмыс жасалды.  

Сырдария ауданының 90 жылдық мерейлі мерейтойы аясында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты кездесу ұйымдастырылып, аудан жастары өңірден шыққан танымал тұлғалармен кездесті.

         Жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша 2018 жылы 97 жас жұмыспен қамтылды, оның ішінде  жұмыссыз жастар - 17, оқушы - 6, студент - 74.  

         "Жастар корпусын дамыту" жобасы аясында кент және ауылдық округтерден 42 жоба ұсынылып, 19 жоба жеңімпаз ретінде анықталды. Аталған 19 жобаның құрамында 69 мүшесі бар.

 

Комментарии

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты