Субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі қысқартылды

Қызылорда облысының кәсіпкерлеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша түсініктеме:
Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар өте жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткіштерінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін беріліп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.
Субсидия дегеніміз не? Айталық, сіз жылына 14 пайыздық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7 пайызын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7 пайызын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы.
Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады? Субсидияны өндіріс орнын жаңартып, модернизациялау мен кеңейтуге бағытталған қолданыстағы және жаңадан басталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілген банктің жаңа кредиттері бойынша алуға болады. Жаңа кредиттер қатарына 2010 жылдың 1 қатарынан бастап берілген кредиттер жатқызылады.
Субсидия қандай мерзімге беріледі? Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген.
Субсидиялау барысындағы банктің комиссиялық сыйақысы қандай болуы керек? Банк кредитке қатысты төменде көрсетілген комиссиядардан өзге ешқандай да алым, не комиссиялық сыйақы талап ете алмайды, яғни:
·Кәсіпкер ұсынысымен кредиттеу талаптарын өзгертуге қатысты алымдарды ескермегенде;
·Кәсіпкер тарапынан кредит бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда төленетін комиссияларды ескермегенде.
Несие төлеу кестесінің үлгісі (5 000 000 теңге көлеміндегі несие алынған, пайыздық ставкасы 14 пайыз жылына, несие мерзімі – 5 жыл)
Негізгі қарыздарды төлеу күні
Негізгі қарыздардың сомасы
Төленетін негізі қарыздың мөлшері
Қаржы агентімен («Даму» қорымен) төленетін сыйақы сомасы (7%)
Кәсіпкермен төленетін сыйақы сомасы (7%)
Барлық сыйақы сомасы (14%)
1

5 000 000,00




2
1 жыл
4 000 000,00
1 000 000,00
350 000,00
350 000,00
700 000,00
3
2 жыл
3 000 000,00
1 000 000,00
280 000,00
280 000,00
560 000,00
4
3 жыл
2 000 000,00
1 000 000,00
210 000,00
210 000,00
420 000,00
5
4 жыл
1 000 000,00
1 000 000,00
140 000,00
140 000,00
280 000,00
6
5 жыл
0,00
1 000 000,00
70 000,00
70 000,00
140 000,00



5 000 000,00
1 050 000,00
1 050 000,00
2 100 000,00
Субсидияны қалай алуға болады?
1.Ең алдымен Банкке жаңа кредит беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан кредит бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда кредит бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беру керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz
2.Егер Банк кредит беру жөнінде және пайыздық ставкаларды төмендету жөнінде оң шешім шығарып жатса, онда сіз Әкімдікке жүгіне аласыз.
3.Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап, Аймақтық үйлестіру кеңесінің (әрі қарай - АҮК) қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды.
4.Сіздің жобаңызды АҮК мақұлдап жатса, Әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) келісуге жібереді.
5.Кеңес шешімімен танысқан Министрлік сіздің жобаңызды не бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.
6.Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған Әкімдік сізді, Банкті және «Даму» Қорын шығарылған шешіммен таныс етеді.
7.Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты Шарт жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және Банк үшеуіңіздің араңызды.
Әрі қарай сіз субсидиядияланбайтын пайыздық ставка бойынша Банктің сыйақысын өтеуді Банкпен арада жасасқан Шартқа сай жүргізе бересіз. Егер сіз қандай да бір себептермен кредит бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.
Ішінара кепілдендіру дегеніміз не? Айталық, сіз Банктен 5 000 000 теңге көлеміндегі кредит алғыңыз келеді, бірақ та Банктің бағалауы бойынша 5 000 000 теңге кредит алу үшін сіздің кепіл мүлкіңіз жеткіліксіз. Осы жерде «Даму» Қоры сіздің кредит сомаңыздың 50 пайызына дейін, яғни 2 500 000 теңгеге Банк алдында сізге ішінара кепілдеме бере алады. Яғни «Даму» Қоры Банкке сіз үшін кепілдеме (гарантия) түріндегі кепіл мүлкін ұсынып отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы ішінара кепілдеме беру дегеніміз осы.
Кепілдемені қандай кредиттер бойынша алуға болады? Кепілдеме – көбіне өндірісті жаңартып модернизациялауға, кеңейтуге бағытталған жобалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілген жаңа кредиттер бойынша берілуі мүмкін. Айналым қаражатын толықтыруға кредит сомасының 20 пайызына дейін жұмсалуы мүмкін.
Кепілдік қандай сомада берілуі мүмкін? Әрбір жобаға берілетін кепілдік кредит көлемінің 50 пайызынан артық болмайды және де 1,5 млрд. теңге сомасымен шектеледі.
Кепілдік қанша мерзімге беріледі? Кепілдік мерзімі 10 жылдан аспайды.
Кепілдікті қалай алуға болады???
1.Ең алдымен, Банкке бару керек. Банк жобаны сараптан өткізіп, талаптарға сай келген жағдайдакредит көлемі мен кепілдікке қажетті сома көрсетілген хат береді.
2.Банктен алған хатпен бірге сіз Әкімдікке барасыз.
3.Әкімдік жобаңызды кепілдікті беру/бермеу туралы шешімді қабылдайтын АҮК қарауына ұсынады.
4.Әкімдік АҮК жобаны мақұлдағаннан кейін «Даму» Қорына және Банкке мақұлданған жобалар тізімін жіберіп, жобаңыздың мақұлданағаны жөнінде сізді хабардар етеді.
5.АҮК-де қаралған жобаңыздың шешімі туралы хабарлама қолыңызға тиісімен, сіз Банкке қажетті құжаттарды өткізесіз.
6.Банк кепілдік берудің мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында «Даму» Қорына сіздің құжаттарыңызды жібереді.
7.Оң шешім қабылданған жағдайда «Даму» Қоры келісім алу мақсатында Кепілдік шартын жасасуға даярлығы жөнінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне хат жолдайды.
8.Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілгеннен кейін «Даму» Қоры Банкке кепілдік берілерден бұрын жолданатын хатты жібереді.
9.Кәсіпкер, Банк және «Даму» Қоры несие шартына отырғаннан кейін үшжақты Кепілдік шартын жасайды.
Толғандырған сұрақтарыңыз бойынша келесі телефондарға хабарласуларыңызға болады: +7 7242 27-84-02 Қызылорда облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы немесе www.dkb2020.kz сайтынан ақпарат алуға болатындығын хабарлаймыз.
Бағдарлама бойынша «Үйлестіруші» болып табылатын Әкімдіктің мекен-жайы: Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, Қызылорда қаласы, Абай даңғылығы, 28, тел. + 7 7242 23-94-69
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктердің мекен-жайлары, байланыс телефондары
Банктер тізімі
Қала/аудан
Мекен-жайы
Байланыс телефондары
Несиелеу бойынша жауапты қызметкерлердің аты-жөні
1
“Цесна банк” АҚ
Қызылорда қ.
Әйтеке би көш., 12
+7 (7242) 26-43-59
Аханова Мархабат
2
“Қазақстан халық банкі” АҚ
Қызылорда қ.
Қазыбек би көш., н/з
+7 (7242) 27-88-91
Ким Лариса
3
“Банк центр кредит” АҚ
Қызылорда қ.
Тоқмағанбетов көш., 46
+7 (7242) 27-84-26
Хван Юля
4
“АТФ банк” АҚ
Қызылорда қ.
Абай даңғ., н/з
+7 (7242) 23-11-74
Дүйсекенова Майра
5
“БТА банк” АҚ
Қызылорда қ.
Жахаев көш., 53
+7 (7242) 26 19 37, 29 41 72, 29 41 73
Шатаева Гулнұр
6
“Альянс банк” АҚ
Қызылорда қ.
Қорқыт ата, н/з
+7 (7242) 58 96 96 (внутр. 452010)
Каипжанова Жанна
7
“Казкоммерцбанк банк” АҚ
Қызылорда қ.
Байсеитова көш., н/з
+7 (7242) 585 121, 585-124
Байдулатов Айдос
8
“Темір банк” АҚ
Қызылорда қ.
Сүлейменов көш., 70
+7 (7242) 264 136
Ержанова Қорлан
Жаңа бизнес бастамаларды қолдау бағыты бойынша субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі 70 күннен 23 күнге дейін қысқартылды
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі шарты бойынша 2010 жылы берілетін несиелер жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың жұмысын кеңейтуге және құрал-жабдықтарды жаңғартуға бағытталуы тиіс еді. Бірақ та, әрбір жобаның қиындықтарын ескере отырып, бағдарламаға толықтыру енгізілді, яғни жоба құнының 30 пайызына дейінгі соманы айналым қаражатын толықтыруға бағыттауға болады.
24 қараша күні өткен ҚР Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы жобаларды қарау мерзімдерін қысқарту туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде жаңа бизнес бастамаларды қолдау бағыты бойынша субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі 70 күннен 23 күнге дейін қысқартылды.
Біріншіден, кәсіпкер несие алған кезде кепіл мүлкін Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу үшін 15 жұмыс күні кетеді. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына кіретін жобалардың кепіл мүлкін 3 жұмыс күні ішінде тіркеу туралы Премьер-Министрдің орынбасары Е. Орынбаев тапсырма берілді және салық комитетінен анықтама алу мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс деп көрсетілді.
Демек бизнестің жол картасы бағдарламасы аясындағы барлық процедуралар жеңілдетіліп жатыр. Және де «Даму» қорына, банкілерге және Аймақтық үйлестіру кеңесіне 25 жұмыс күні ішінде жоба үйлестіру кеңесінде мақұлданғаннан кейін субсидиялау келісім-шартына қол қойылуы тиіс деп тапсырма берілді.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен 4 жоба мақұлданып, 2 жоба («Темірхан» фирмасы» ЖШС-ң «Жайна базасында фитнесс орталығын салу» жобасы және «Сымбат Ойл» ЖШС-ң «Бала бақша орталыгын ашу») бойынша субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды, 1 жоба (Қазалы ауданының «Асыл-Ғани» ЖШС-ң «Бетон дайындау қондырғысы мен жүк тиегіш трактор алу») кепілдік берудің мүмкіндігін қарастыру бойынша «Даму» Қорының бас офисінде қаралуда

Комментарии

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2018

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ...

21 қыркүйек 2018

"ҮЛГІЛІ АУЫЛ" БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

«Үлгілі ауыл» байқауы өтеді...

20 қыркүйек 2018

СЫРДАРИЯЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАП КЕЛДІ

СЫРДАРИЯЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАП КЕЛДІ...

20 қыркүйек 2018

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты E-R-4, 1-бірлік, №12-1-1-4)

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты E-...

19 қыркүйек 2018

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 санаты, №26-1-3, 1-бірлік);

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 санаты, №26-1-3, 1...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты