Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

 

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша

100 СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП

 


 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарының Сырдария ауданы бойынша орындалу барысы туралы

Елбасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам»  бағдарламасын жариялап, алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл жоспары мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын, мемлекетімізді дамыған мемлекеттердің отыздығына кіргізудегі үлкен жол. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, осы тұрғыда медициналық қызметті жақсарту көзделген. Мәселен 80-қадамда «Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу» туралы былай делінген: «Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақстасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру болып табылады».

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырылуын ұйымдастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 344-ө өкімін жүзеге асыру мақсатында Сырдария ауданы бойынша,  Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы бойынша  түсіндіру штабы құрылды. Аталған жұмысшы топ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде  Сырдария аудандық агротехникалық колледж, №35 мектеп-лицей, №36 мектеп-лицей, №210 қазақ орта мектебі, «Аудандық кітапхана», «Қазақтелеком», «Аудандық почта», Шаған ДА, Шіркейлі ДА, Іңкардария ДА барлығы 345 жұмыскер қамтылды. Жұмысшы топ медицина қызметкерлері арасында да семинар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың ақпан айында «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша» штаб мүшелерімен Н.Ильясов, Шіркейлі, Қоғалыкөл дәрігерлік амбулаториялары  қызметкерлеріне кездесу өткізіліп, 46 қызметкер қамтылды.

2017 жылдың 4 наурызында А.Тоқмағамбетов ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді, барлығы қатысқан 50 тұрғын, оның ішінде 8 медицина қызметкерлері болса,  шаруа қожалығында жұмыс жасайтындар – 5, бюджет қызметкерлері - 25 , зейнеткерлер – 12 қамтылды.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында 15 нөмірмен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру деген не» тақырыбы бойынша аудандық "Тіршілік тынысы" газетіне аудандық аурухана бас дәрігерімен  сұхбат берілді.2017 жылдың шілде айына дейін «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесіне «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасына» тіркелген тұрғындарын түгендеу.


А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Міндетті әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыруды»

Шіркейлі ауылының тұрғындарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу»

Комментарии

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

15 желтоқсан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне ора...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Сырдария аудандық балалар кітапханасының және «Жыр...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты