Үкіметтік емес ұйымдар


2018 ЖЫЛДЫҢ  ІV-ТОҚСАНЫНДА  ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

 

2013 жылы өңірімізде 11 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні аудаңымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ді құрап отыр.

2018 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 7 әлеуметтік жобаға қаржы бөлінді.

1. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі;

2. Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру;

3. Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру;

4. Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру;

5. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру;

6. Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі;

7. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі.

1. «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жоба. Жобаны үйлестірушісі «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі, төрайымы Ұ.Жаналиева. Аталған жоба аясында 5 кездесу, «Мерейлі отбасы» отбасылар сайысы, 2 байқау, 5 кездесу  шаралары ұйымдастырылды.

 2. «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру»  әлеуметтік жоба. Жобаны үйлестірушісі «Иман-2013» қоғамдық қоры қоғамдық қоры, төрағасы М.Келдібаев. Аталған жоба аясында кент және ауылдық округтерінде сауалнама жүргізу, 8,  14 кездесу шаралары ұйымдастырылды.

3. «Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі  жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестірушісі «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры, төрағасы Г.Болганбаев. Аталған жоба аясында 14-19 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар арасында тоғызқұмалақтан                    5 жарыс, шахмат және дойбыдан шаралар ұйымдастырылды.

4. «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестірушісі «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, төрағасы Б.Қарамырзаев. Аталған жоба аясында кент және ауылдық округтерінде                   14 кездесу, 4 акция, 3 қоғамдық қабылдау, 2 байқау шаралары ұйымдастырылды.

5. «Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестірушісі «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, төрағасы Б.Қарамырзаев. Аталған жоба аясында 2 ақындар мүшәйрасы,  4 кездесу, 1 байқау шаралары ұйымдастырылды.

6. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестірушісі «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, төрағасы Б.Қарамырзаев. Аталған жоба аясында Достық үйін ұстап тұру мақсатында  тиісті  (интернет, телефонмен қамтамасыз ету және т.б.) жұмыстар жүргізілуде.

7. «Жастар саясатын жүргізу» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестірушісі «IZET»  қоғамдық қоры, төрағасы Ш.Үмбетаев. Аталған жоба аясында кент және ауылдық округтерінде 14 кездесу, 2 ардагерлермен кездесу, мектептерде кездесу, 2 рейд, 2 концерттік бағдарлама шаралары ұйымдастырылды.

         Атап айтқанда, «Бұқаралық спортты дамыту» әлеуметтік жобасы. Жобаны үйлестіруші «Қайырымдылық көмек-Сырдария» қоғамдық қоры, төрағасы Б.Ахметов.

         Қазіргі таңда, аталған ҮЕҰ-дар тиісті шараларын өткізді.

 

Комментарии

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 сәуір 2019

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ...

22 сәуір 2019

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ...

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты