Дін

Сырдария ауданында  2019 жылдың  I-тоқсанында  дінге байланысты атқарылған жұмыстар

 Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2019 жылы қаңтар-наурыз  айлары аралығында 39 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 2050  адам қатысты және 550 дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 4 мақала жарияланды. Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округтерде, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп,  «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны» тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу,тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.

Аудан тұрғындары арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары – 30 адам  қамтылған.

 


 Сырдария ауданында  2018 жылдың  IV-тоқсанында  дінге байланысты атқарылған жұмыстар

Сырдария ауданында  діни ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта аудан бойынша 15-мұсылман  мешіті жұмыс жасауда.

Аудандағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2018 жылы қаңтар-  желтоқсан аралығында 172 іс-шара ұйымдастырылып,  оған 5680  адам қатысты және 3650 дана ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 11 мақала жарияланды.

Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, халықтың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік бағытта құрылған ақпараттардан аулақ болу жайлы, радикалды діни идеологиялардың алдын алу мақсатында кент және ауылдық округтерде, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп,  «Суицидке жол жоқ», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз!», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Діни ағым белгілері және зияны» тақырыбында ақпараттық парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, темір жол вокзалы, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу,тұрғындарға  өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жайлы «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.

Аудан тұрғындары арасында  діни экстремизмнің алдын алу мақсатында   аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, топтың құрамда  мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары  қамтылған.

Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2018 жылға «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жобаға жергілікті бюджеттен   1977,7 мың теңге қаржығы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша  әлеуметтік жобаның қызметі «Иман-2013» қоғамдық қорына берілді. Аталған әлеуметтік жоба аясында  2018 жылдың сәуір-желтоқсан аралығында  9 шара (1 сауалнама, 4 кездесу, 2 дөңгелек үстел, 1 семинар, 1- байқау) өткізілді.

 

Комментарии

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты