АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

Сырдария ауданының 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

-         Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

-         Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;

-         Аудан бюджетінің түсімдері;

-         Аудан бюджетінің шығыстары.

 

2019 жылғы Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

 

Халық саны. 2019 жылдың 1 тамызына халық саны 38466 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға кеміген.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2018 жылға қарағанда 118,9 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін    2018 жылға қарағанда  101,1 пайызға жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 102,4 пайыз, мал шаруашылығы 100,6 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2018 жылға қарағанда 1222,6 пайызды құраған.

Сауда.  Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2018 жылға қарағанда 100,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі аудан инвестициясының үлесін 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 4,5 пайызға ұлғайған.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 89,5 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз көлемінде болжамдануда. 

2019 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  15 274 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 28 284 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2 405 теңге.


 

2019-2021 жылдарға арналған Сырдария ауданы бюджетінің негізгі параметрлері 

Аудан бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және аудан деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Аудан бюджетінің түсімдері және шығындары

2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудан бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

«2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №153 шешімімен бекітілді.

 

2019 жылға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері мың. теңге

Атауы

2019 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

10047693

Салықтық түсімдер

4655287

Салықтық емес түсiмдер

4544

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

5072

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

5382790

Субвенция

210511

 

 

Шығындар, оның ішінде:

10220141,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

541612,8

Қорғаныс

9836

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3043

Бiлiм беру

4966799,4

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

852555

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

580597,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

519224,3

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

328305,8

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

22558,9

Көлiк және коммуникация

798930,4

Басқалар

242071,8

Борышқа  қызмет көрсету

96

Трансферттер

1354510,6

Бюджеттік кредиттер

200737,4

Қарыздарды өтеу

81432

Бюджет қаражаттарының бос қалдықтары

172448,2

 

2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті кірістерін болжамдау кезінде 2018 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы ескерілген.

Алдағы үш жылдық кезеңге облыстық бюджеттің төменгі деңгейдегі бюджеттермен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттеледі.

жеке табыс салығы бойынша - 50% облыстық бюджетке;

әлеуметтік салық бойынша – 50% облыстық бюджетке.

Аудан бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2019-2021 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.

 

Білім беру саласы шығындары 

2019 жылға білім беру саласының шығындары

                                                                                                                                     мың. теңге

Шығындар атауы

2019 ж

1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

142732

2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

153733

3

Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру

1054

4

Жалпы білім беру

4000802,1

5

Балаларға қосымша білім беру

211146

6

Балалар мен жасөспірімдерге  спорт бойынша қосымша білім беру

125356,6

7

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

37603,7

8

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

52544

9

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

126990

10

Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу

2454

11

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі

12044

12

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету

11670

13

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

10407

14

Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруды қамтамасыз ету

850

 

 Аудан бойынша  46 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1128 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Олардың 1066 жоғары білімді, 62 арнаулы орта білімді мамандар.  Педагог кадрлардың 136-ы жоғары, 473-і бірінші, 365-і екінші санатты (154-і біліктілігі жоқ) мамандар. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер барлық мұғалімнің 54 пайызын құрайды.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында Алматы және Қызылорда қалаларында 234 педагог қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Бүгінгі таңда ауданда 1 санаторлы, 16 мемлекеттік, 4 жеке балабақшалар,  6 толық күнді және  17 толық емес күнді шағын орталықтар жұмыс атқаруда. Мектепке дейінгі мекемелерде  1950 бала қамтылған. Қамтылу көрсеткіші 100 пайызды  құрайды. 2018-2019 оқу жылында аудан мектептерінің орта мектеп курсын  307 оқушы бітірді. Олардың 204-і ҰБТ-ге қатысты, бұл мектеп бітірушілердің 66,4 пайызын құрады. 21 үміткер «Алтын белгі»  иеленді.

Сырдария ауданы бойынша 210 оқушыны мектептен 3 шақырымнан астам қашықтықтан тасымалдау шаралары ұйымдастарылғын. «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізілді, 620 оқушыға мектеп киімдері, құралдар тапсырылды. Ауданда 5 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, олардың 4-і әуез мектебі, 1-і Оқушылар үйі. Оларға 1002 оқушы қатысады.

 

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 

саласы шығындары

 

                                                                                                                            мың. теңге


Шығындар атауы

2019 ж

1

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

3879,6

2

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік қөмек

417937

3

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

17442,2

4

Жұмыспен қамту бағдарламасы

207305

5

Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

22527

6

Тұрғын үйге көмек көрсету

8586

7

1999 жылдың 26 шілдесінде «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы» атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау

388

8

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

2754

9

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

65619

10

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

47559

11

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

32777

12

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

24974

 

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Бос жұмыс орындарына 6 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 99 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 18 жазасын өтеп келген жұмыссыз азаматтар хабарласып, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2019 жылы 32 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, 24 азамат жұмысқа орналасқан.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. Атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылы 890 отбасына (5186 адам) 820129,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

Тұрғын үй көмегіне 2019 жылы 70 отбасы (отбасы мүшелері 361 адам) 1995,4 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мәдениет, спорт, туризм

және ақпараттык кеңістік саласы шығындары

 

 

 

                                                                                                                                      мың. теңге

Шығындар атауы

2019 ж

1

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

192340,9

2

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

35383

3

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

7980

4

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

13743

5

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

55201,1

6

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

81712

7

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

631

8

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

7891

9

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

16680,9

10

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

51278

11

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

15977,4

 

      Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар -  аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, аудандық ауруханадағы кітапхана филиалы, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 14 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.

      Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Аудан мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 430 мәдени шара ұйымдастырылып, оған 62052 көрермен қамтылған.

      Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында  417495 дана кітап бар.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласының шығындары


 

                                                                                                                                        мың. теңге

 №

Шығындар атауы

2019 ж

1

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

3513,7

2

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

520524

3

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту

11328

4

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

10663,9

 

2019 жылы республикалық бюджет есебінен Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жаңа ықшамаудан инфрақұрылымы (электрмен жабдықтау) 100 га  құрылысына – 372 297 мың теңге, облыстық бюджет есебінен қоса қаржыландыруға – 10341 мың теңге, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жаңа ықшамаудан инфрақұрылымы (электрмен жабдықтау) 35 га  құрылысына – 129 542 мың теңге, облыстық бюджет есебінен қоса қаржыландыруға – 3598 мың теңге, аудандық бюджет есебінен Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жетікөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алған ЖСҚ әзірлеуге – 7 273 мың теңге, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық елді мекеніндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алған ЖСҚ әзірлеуге – 4 055 мың теңге, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің тұрғын кварталында 6 пәтерді жапсарластыра салу арқылы №5 тұрғын үй және 18 пәтерлі №6 тұрғын үй құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алған ЖСҚ әзірлеуге 3513,7 мың теңге қаралған.

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласы шығындары

 

                                                                                                                 

    мың. теңге

 №

Шығындар атауы

2019 ж

1

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

100081,5

2

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

72635,8

3

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

25587,7

4

Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2000

5

Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру

397

6

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

2000

7

Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

900

8

Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

6307

9

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу

1376

10

Эпизоотияға қарсы іс - шаралар жүргізу

72750

11

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

37806,8

 

Бұл шаралар агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасау бағыттарына жұмсалады.

Сонымен қатар, ветеринария саласы бойынша жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жүргізу және ветеринариялық препараттарды тасымалдауды қамтамасыз етуге жұмсалады.

                                                                                                                                  

Көлік және коммуникация саласы шығындары

 

 

                                                                                                                                    мың. теңге

 №

Шығындар атауы

2019 ж

1

Көлік инфрақұрылымын дамыту

72677

2

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

8623,4

3

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және  елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

75562

4

Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру

637457

5

Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру

4400

 

2019 жылы республикалық бюджет есебінен Сырдария ауданының аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолының 0-8 шақырым, 13,5-18 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына – 401546 мың теңге, Сырдария ауданындаға «Бесарық елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолын күрделі жөндеуге – 235911 мың теңге қаралған. Облыстық бюджет есебінен Сырдария ауданы Теренозек кенті Н.Ильясов көшесінен Бөдеев көшесіне дейін автомобиль жол құрылысына – 72495 мың теңге қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 қараша 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ...

20 қараша 2019

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ...

19 қараша 2019

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ...

19 қараша 2019

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады ...

19 қараша 2019

Бес сұрақ айдары

Бес сұрақ айдары...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты