Ауданның инвестициялық потенциалы

Сырдария ауданы экономикасында өнеркәсіптің дамуы өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Өңдеу өнеркәсібі саласында «Ақжарма 2» ШҚ-ның сүт өнімдерін өңдеу, «Мәді қажы» және «Шаған жер» ЖШС-нің күріш ақтау, нан пісіру, «Шопан  ата» ЖШС-нің сусындарды өңдіру, «Сымбат» ЖШС-нің жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс жасап келеді және жыл барысында жаңадан құрылатын өндіріс кәсіпорындарымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылы Тереңөзек кентінде «Сыр маржаны» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты іске қосылды. Жобаның құны 65,0 млн. теңгені құрайды. Жұмыспен қамтылған адам саны-15. Зауыттың жылдық қуаттылығы 80,0 тонна күріш ақтау.

Сонымен қатар, 2017 жылы Тереңөзек кентінде «Углесбыт» ЖШС-нің күріш ақтау цехы іске қосылды.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы Айдарлы ауылында «Орда» шаруа қожалығы жеке қаражаты есебінен жаңа технология бойынша 100 гектарға «Торпедо» сортты қауын егіп, 2000 тонна өнім алды. Жобалық құны 50,0 млн. теңге. Жаңадан ашылған жұмыс орны – 10. «Торпедо» сортты қауыны өз елімізбен қатар, Ресей мемлекетінеде жіберілуде.

Сонымен қатар, «Орда» ШҚ-ы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 600 МІҚ малын алды. Бұл жұмыстарға 60 адам тартылды.

Бесарық ауылында «Абай Дәулет» серіктестігі құны 300,0 млн. теңгені құрайтын уақ мал басын көбейту және экспортқа сапалы қой етін шығару мақсатында қуаттылығы 5000 бас аналық қой, 10000 бас қозы бордақылау алаңын салды.

«Жан-арай Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің  Айдарлы ауылында орналасқан «Сорқұдық» көліне 7000 бас қаз асырау жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны 100,0 млн. теңге. Жоба қуаттылығы жылына 60 тонна құс етін өндіру. Жұмыспен қамтылған адам саны-10. Қаз-үйрек санын ұлғайту мақсатында үй-жайлар мен инкубаторлық құрылғылар алынып, қаз-үйрек санын 25,0 мыңға жеткізу жоспарлануда.

«Шаған Жер» ЖШС-гі «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлесіп, «Шаған Агрофуд» бірлескен кәсіпорынын құру арқылы мал сою алаңының құрылысын, ет өнімдерін өңдеу цехын, 1000 бас мүйізді ірі қара малдарын сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылы осы серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға 206 миллион теңге қаражат бөлінді. Қаражаттың 100 миллион теңгесі аударылып берілді. Оның 40 миллион теңгесіне мал сою алыңының құрылысын салып, құрал жабдықтарын сатып алды. Қаржының 60 миллион теңгесіне мүйізді ірі қара малын сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күнге аталған серіктестіктің мал бордақылау алаңында 316 бас мүйізді ірі қара малдары бордақылануда.

Инвесторлар тарту мақсатында іс-шаралар өткізу бойынша:  2018 жылы Тараз және Ақтөбе қалаларына жергілікті тауарөндірушілердің өнімін насихаттау және инвесторларды тарту мақсатында  роуд-шоуға аудан кәсіпкерлері қатысты.

Комментарии

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты