ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 122,9 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Жарияланды: 18 қыркүйек, 2017 04:43

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларымен қатар, 14 облыстың барлығында «Өрлеу» бағдарламасы кеңінен жүргізіліп жатыр. 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 122,9 мыңға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жоба жүзеге асырылған уақыт аралығында, оған қатысушылар кірісі 3 еседен астамға өсті. Сәйкесінше, еліміз бойынша аз қамтылған отбасылардың қатары азайғаны байқалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаевтің сөзінше,«Өрлеу» бағдарламасына елдің барлық аудан-қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған отбасыны тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған.
«Ерекше атап өткен жөн, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушы отбасылардың атаулы көмекпен қоса еңбекке жарамды мүшелері үшін оқу ақысын өтеу, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақыға 35% субсидия, жоғары оқу орындарын бітірушілерге арналған ақылы тәжірибеден өту және дербес кәсіп ашуға несие сынды мемлекеттік көмек түрлерін алуға мүмкіндігі бар», - деді Министрлік өкілі.
«Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталып отыр.
Жаңа сипаттағы АӘК жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50 пайыздан төмен болатын отбасыларға арналып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жүргізілмек. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 79

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты