ЖУРНАЛИСТ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ АЙЖАРЫҚ СӘДІБЕКҰЛЫ 80 ЖАСҚА КЕЛДІ

Жарияланды: 13 мамыр, 2019 09:49

Биыл Арал ауданының Құрметті азаматы Айжарық Сәдібекұлы 80 жылдығын атап өтуде. Замандастары мен әріптестері оны мерейтойымен құттықтады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев мерейтой иесін құттықтап, аймақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Талантты туындыларымен танылған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар Айжарық Сәдібекұлы ағамыз биыл мерейлі 80 жасқа келіп отыр. Еңбек жолын облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінен бастаған Айжарық Сәдібекұлы саналы ғұмырын журналистикаға арнады. Республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Сіздің тәжірибеңіз, ақыл-кеңесіңіз қазіргі жастар үшін аса қымбат»,-деді аймақ басшысы.

Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін А.Сәдібекұлына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мерейтой иесін әріптестері - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Өтеген Жаппарханов және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің Алқа мүшесі Махмұтбай Әміреев құттықтады.

Кездесу соңында А.Сәдібекұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, А.Сәдібекұлы - «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» кітаптарының авторы. Былтыр екі томдық «Парасат майданы», «Дарияның тұмасынан қар боратқан» атты кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ, көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін бірқатар ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, облыс әкімінің 2003 және 2009 жылдардағы стипендиаты.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 35

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 мамыр 2019

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың тиімділігін халық арасында түсіндіру мақсатында кездесулер өтті

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың тиімділігін халық арасында түсіндіру мақсатында кездесулер өтті...

22 мамыр 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ...

22 мамыр 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ...

22 мамыр 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты