ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды: 26 қазан, 2018 05:26

 

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев, Байділдә Жылқышиев және Наталья Жумадильдаева Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды. Мәжілісмендер аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевпен бірге ауданның Бесарық, Шіркейлі, Шаған, Ақжарма ауылдық округтерін аралап, кәсіпкерлермен, білім беру саласының қызметкерлерімен, шаруашылық мамандарымен кездесіп, Елбасы Жолдауы туралы өз ойларымен бөлісті.

Елбасы Жолдауын насихаттау, саяси маңызды құжаттан туындаған міндеттердің орындалу барысын талқылау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуды мақсат еткен халық қалаулылары Бесарық ауылындағы мәдениет үйінің, балабақшаның және "Абай-Дәулет" серіктестігінің жұмысымен танысты. Шаруашылықтың мал бордақылау алаңында және қырманында болған мәжілісмендер берекелі Бесарық ауылының дамуына жоғары баға берді.

– Елбасы өз Жолдауында ауыл ша­руашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Жолдауда ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның еңбек өнімділігін, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өңдеуді 2,5 есеге арттыру, сосын оны шет ел­­ге сатып, республикалық бюд­жет­­ке қомақты қаржы түсіру туралы мә­селе айтты. Шын мәнінде, бұл өте дұрыс мәселе. Өйткені ши­кізат­тың бәрі – мұнай, көмір, темір, газ да таусылуы мүмкін, ал ауыл шаруа­шы­лығын дұрыстап пайдаланып, жер­ге тиісті жағдай жасап, құнар­лы­лығын көтеру арқылы малдың жағ­дайын жасап, олардың тиісті жем-шөп базасын жақсарту ар­қылы, оны күтетін мамандар даяр­лау арқылы, жыл сайын оны ба­рын­ша көбейтіп, таза органикалық өнім өндіріп, оны терең өңдеп, шет­елге сату – біздің ең негізгі жо­лы­мыздың бірі,- деді Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев серіктестік қызметкерлерімен өткен кездесуде.

Өз кезегінде мәжілісмен Байділдә Жылқышиев Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асырудың тиімді тетіктеріне тоқталды.

– Бірін­шіден, Жолдауды халыққа терең түсін­діруіміз керек. Әрбір адамға оның мән-мағынасын ұғындыруға тиіс­піз. Елбасының әрбір айтқан сөзі­нің арғы жағында терең мағына жатыр. Сол мағынаны ашып, қорытынды шы­­­ғаруымыз керек. Екін­шіден, Жолдауда әр сала бойынша ондаған тапсырма берілді. Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, тағы да басқа салалардың бәрін терең талдап, тиімді орын­дауы­мыз қажет. Ол үшін жекелеген салалар бойынша дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп, өзімізге тиімдісін қолданысқа енгізуіміз керек,- деді Байділдә Жылқышиев.

Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары балабақша қызметкерлерімен бірге Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын талқылады. Халық қалаулысы Наталья Жумадильдаева ел Президенті айқындап берген міндеттерді сапалы орындауға барлық қоғам мүшелері өз үлесін қосу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, білім беру жүйесін дамыту, білім беру мекемелерінің техникалық базасын заман талабына сай жетілдіру және педагогтарға қойылатын талаптар туралы өз ойларымен бөлісті.

Мұнан кейін депутаттар Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Өз кезегінде мәжілісмен Қожахан Жабағиев пен Байділдә Жылқышиев еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы қарқынды екенін атап өтті. Ал, Наталья Жумадильдаева Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы – қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық мәселелерге жауап беретін саяси маңызды құжат екеніне тоқталды.

Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында депутаттар аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен бірге "Шаған-Жер" ЖШС-нің егіс алқабында болды. Депутаттар күрішші-механизаторлармен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауының мәні мен маңызы туралы әңгіме өрбітті.

Кездесуде мәжілісмендер ел Президентінің Жолдауда алға қойған тапсырмаларын жан-жақты талқылап, өз ойларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар 2018 жылы Парламентте қабылданған заңдар, биылғы зейнетақы мөлшері, әлеуметтік төлемдер, агро­өнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктері және басқа да өзекті мәселелер бойынша хабардар етілді.

Шаруашылық төрағасы Б.Қадіров ауылшаруашылық саласы бойынша жұргізіліп жатқан жұмыстар мен шаруашылық жетістіктерін баяндады.

«Биылғы Жолдауда маңызды мәселелер қамтылып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Бұл – дер кезінде көтеріліп жатқан мәселелер. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында көптеген қиын-қыстау кезеңдер мен рефор­малардан сүрінбей өтті. Соның бір үлкен дәлелі – өткен жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасының жүзеге аса бастауы. Бұл дегеніңіз – елдегі жағдайдың көтеріліп, экономиканың түзеліп, рухани интелектіні көтеру жолына түскеніміздің белгісі»,-деді мәжілісмен Байділдә Жылқышиев.

Мұнан кейін халық қалаулылары жақында ғана пайдалануға берілген Ақжарма ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Дәрігерлермен кездесу өткізген депутаттары заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа нысанның жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, "Ақжарма 1" ЖШС-і қызметкерлерімен кездесті. Шаруашылық төрағасы М.Бисенов депутаттарға шаруашылықтың атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері туралы баяндады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Жолдауының елді үлкен мақсаттарға жетелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыспен қамту, зейнетақы реформасы, өндірісті жаңғырту мәселелері де жан-жақты талқылады.

Жұмыс сапары аясында халық қалаулылары "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолы бойынан ашылған "Нұрлы жол" сервистік кешенінде болып, кешен жұмысымен танысты. Тіректі ауылдығы тындырмды тірліктерге жоғары баға берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.

 

 

 

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,

 

 

аудан әкімі аппаратының

аударма ісі жөніндегі редакторы

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 46

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты