ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ КЕЗЕҢІ

Жарияланды: 25 ақпан, 2019 04:02

Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Бұл жастар үшін зор мүмкіндік және жетістікке бастар жол екені анық.

Жақында ғана Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Болашаққа – үміт, жастарға – сенім" атты ауқымды іс-шара өтті. Шараға ауданның белсенді жастарымен қатар, дербес бөлім басшылары, шаруашылық төрағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жастар форумы алдында аудан әкімі инновациялық жобалар, қолөнер туындылары қойылған көрмені тамашалады. Арнайы көрмеде білімді, өнерлі, кәсіпкер жастар өз жұмыстарын таныстырды.

Салтанатты жиында аудан басшысы жиналғандарды жастар жылының басталуымен құттықтап, бұл мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам екенін атап айтты.

– Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жас буын екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор, – деген аудан басшысы мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында ауданда 716 маман көтерме жәрдемақы, 478 маман тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие алды. Ал осы жылға көтерме жәрдемақыға 85 маманға, тұрғын үй несиесіне 53 маманға қаржы бө­лінген. Сондай-ақ, жастарды тұрақты жұмысқа орналас­тыру, өз кәсіптерін ашуға қолдау көрсету жұмыстары да жүйелі жүзеге асуда.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ғ.Қазантаев елімізде кейінгі толқынның әлеуметтік-мәдени бейімдеу мәселелерін шешу, жас адамдардың бәсекелік қабілетін дамыту өзекті болып отырғанын айтты. Бұл арада, қолжетімді және сапалы білім, жұмысты болуы, бас­пана және отбасын құру мүмкіндігі басты назарда. Осыған байланыс­ты Елбасы Үкіметке тиісті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Мәселен, бірінші кезекте жас отбасыларға арналған баспана мәселесін шешу. Бұған бүгінде жүзеге асып жатқан «7-20-25» бағдарламасының тиімділігі зор. Одан кейін, олардың жұмыспен қамтылуы – жас­тар саясатының негізгі бағыты. Мұның негізгі шешімі кәсіпкерлікпен айналысу екені анық.

– Жұмыссыздықты жоюдың бір ғана көзі бар – ол өз кәсібін ашу. Мемлекет басшысы Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді, жастар стартаптарын қолдау қорын құру­ды, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасына енгізі­ле­тін мамандықтардың тізімін кеңейтуді, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейтуді ұсынды, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң форумда өз саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастар сөз сөйледі. Олар бүгінгі күнге дейін өздерінің жеткен жетістіктерін жеткізіп, оған жетуде білім мен еңбекті ұштастырғандарын айтты. Қазіргі қоғамда жастардың белсенді болуын атап, егемен елдің дамуына үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар, жастар жылына қатысты жас ақын Орынбасар Тәңірбергенов домбырамен арнау жыр орындады.
Айтулы жылдың ашылуына арналған салтанатты шара ашық диалогта өрбіді. Онда жастардың ұсыныс-пікірі тыңдалды. Сөз жарысқа шыққан іңкәрдариялық Жансая Жаппасова жас кәсіпкер екенін жеткізді. Шалғай елді мекенде тұрса да өзінің ынтасымен кәсіппен айналысып, пайдасын көруде. Өткен жылдан бастап мал бордақылауды қолға алған. Оған қоса, тұшпара түйіп, ауыл көлемінде пайда тауып отыр. Ендігі жерде сол кәсіпті кеңейтуге ниетті. Ол өз сөзінде мемлекеттің жастарға деген қолдауын ұтымды пайдаланып, кәсіппен айналысу қажеттігін айтты.

Жалпы, жастар форумы барысында өскелең ұр­пақтың кәсіпке бет бұруына басымдық берілетіні айтылды. Сондай-ақ, барлық саладағы жастарды қолдауға тиісті тапсырмалар берілді. Оның ішінде, кейінгі толқынның уақыттарын бос өткізбеуі үшін барлық елді мекенде «Коворкинг» орталығы ашылмақшы. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан жастар театры құрылмақшы. Және де жалынды жастар жылының құр жиынмен өтпеуі үшін жан-жақты жұмыс жасалатыны жеткізілді. Болашақтың иелеріне сенім артылып, жауапкершілік жүгі жеңіл емес екендігі айтылды.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 83

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты