ЖАС МАМАНДАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ

Жарияланды: 25 ақпан, 2019 04:10

Оқу орнын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу жас мамандар үшін өзекті мәселе. Ал, Елбасының бастамасымен қабылданған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бұл түйткілді мәселенің шешімі секілді. Яғни, аталған бағдарлама арқылы жыл сайын мыңдаған қазақстандық жас маман өмірден өз орындарын табуда.

Жас маман Азиза Қозбағарова "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы осыдан бірнеше жыл бұрын ауданның денсаулық сақтау саласына жұмысқа орналасқан. Ол бір реттік жәрдемақы мен тұрғын үй көмегін алған. Мемлекеттің бұл қолдауы оның жемісті жұмыс жасауына тікелей әсер етті. Астана қаласында білім алған жас осылайша, өзінің туған жеріне келіп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Әрине, білімді жасқа бірінші елордадан жұмыс ұсынған мекемелер бар болған. Бірақ, ол балалық шағы өткен өңірге келуді жөн санапты. Тіпті, алғашқы еңбек жолын аудан орталығында емес, шалғай елді мекен Айдарлыдан бастады.

– Мемлекет жастарға көмек көрсетуде. Тек іздену, жалықпай үйрену керек. Үздіксіз білім алудың да тиімділігі мол,- дейді Азиза. Өйткені, білімі мен біліктілігі ұштасқан мамандар ауылдық жерлерге ауадай қажет.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасып, кәсіби маман атанған жастар Сырдария ауданында көп. Олар әртүрлі салада еңбек етсе де, мақсаттары бір. Барлығы мемлекеттің қолдауына қайтарым есебінде, ауылдық жерді түлетуге, дамытуға үлес қосуды жұмыстарына арқау еткен. Жас мамандар үшін жарқын жол болып табылған бағдарламаның басым бағыттары ауданда алдағы уақытта да жүйелі жүзеге асырыла береді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 82

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты