ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Жарияланды: 05 қазан, 2018 11:36

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеміз. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Оның бір дəлелі бүгінгі Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы. Алдағы жыл – жастар жылы! Сондықтан, жастарымыз тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп, бүгінде тек алға ғана ұмтылуы керек.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және солай болып қала береді де.

2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жас¬тар саясаты туралы» заң жастарға жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлініп, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілгенін көрсетеді. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім берудің, денсаулық сақтаудың, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары: «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған.

Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Ауыл жастары» бағдарламасы негізінде «Дипломмен – ауылға» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде жастар аудан экономикасының қай саласында да нәтижелі еңбек етіп жүр. Бұл деген алдағы уақытта жастардан зор үміт күтеді деген сөз. Аудан жастары жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып шығатынына сенімдімін.

Ғ.Оралов,
аудандық «Жастар ресурстық
орталығының» директоры

#Қызылордаоблысы
#Сырдарияауданы
#Жолдауғақолдау


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 205

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты