ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ 7 СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жарияланды: 04 сәуір, 2018 04:12

Биыл аймақтағы 7 елді мекенде жаңа үлгідегі спорттық кешендер бой түземек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 7 елдімекендегі жаңа үлгідегі кешендердің құрылысы аяқталуға жақын.

"Спортшылардың жоғары нәтиже көрсетуі үшін ең алдымен спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Бүгінгі таңда, атап айтсақ, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Төретам, Сексеуіл кенттеріндегі нысандарды өз мерзімінде аяқтауға күш салудмыз. Жақын күндері пайдалануға беріледі. Мердігерлердің айтуынша, құрылыстың аяқталуына 3 ай қалды", - деді Олжас Акимов.

Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, өңірдегі спорттық мектептердің жеке сайттары жұмыс жасауда.

"Цифрландыру аясында біз облыстағы барлық ауданда спорттық нысандардың ресми сайтын аштық. Сайттарда барлық мәліметтер жазылған, спорттық жетістіктер, жаңалықтарды білуге, секциялар мен үйірмелердің ақпаратын алуға, сауалдар қоюға болады", - деді Олжас Акимов.

Қазіргі кезде облыс спортшылары 2 бірдей үлкен сайысқа дайындалуда.

"Спортшыларымызды алда Жазғы Азия ойындары және жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындары күтуде. Қазіргі уақытта жарысқа қатысушылар Чемпионат жолдамасын алу үшін қарқынды дайындықты бастап кетті", - Олжас Акимов.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 40

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

23 сәуір 2018

МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ САҚТАУЛЫ ТҰР

МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ САҚТАУЛЫ ТҰР...

23 сәуір 2018

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨТТІ...

20 сәуір 2018

ТҰТЫНУШЫЛАР ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫН БІЛУІ ТИІС

ТҰТЫНУШЫЛАР ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫН БІЛУІ ТИІС...

20 сәуір 2018

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты