ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА: ОҚУШЫЛАР БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТТІ
Жарияланды:
29 қараша, 2018 03:40
Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы орта мектеп ұжымы тағылымы мол іс-шара өткізді. Бұл жолғы іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
"Үш тілдің патшалығы" атты зияткерлік ойынға орта мектептің 7, 8, 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатысты. Олар 6 кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті.
Сайыс барысында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы кеңінен насихатталды.
№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ұзақбаеваның айтуынша, оқушылардың білімін кеңейтуде зияткерлік сайыстардың алар орны ерекше. Сайысқа оқушылар белсене қатысу арқылы өз ойларын ашық айтуды үйренеді және көпшілікпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Айта кету керек, аталған зияткерлік ойын жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында жеңімпаз атанған оқушылар "Алғыс хатпен" марапатталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Категория: Аймақтың жаңалығыКөргендер: 132
Пікірлер
Жаңалықтар
20 ақпан 2019
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІСЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...
Сауал
Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.