ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА: АУДАН ЖАСТАРЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды: 22 қазан, 2018 03:04

"Нұр Отан" партиясының Сырдария аудандық филиалының бастамасымен көптеген игі іс-шаралар өтуде.

Жетекші партияның аудандық филиалы жақында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы мен "Тарлан тарих тағылымы" жобасы аясында кездесу өткізді.

"Өлкемізді танимыз" тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге аудан мектептерінің белсенді оқушылары және "Адал ұрпақ" ұйымының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар аудандық музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы туралы өз ойларын ортаға салды.

"Нұр Отан" партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов мен музей қызметкері С.Қуандықова жасөспірімдерге партияның жобалары туралы баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндірді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 50

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты