ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жарияланды: 26 қазан, 2018 05:30

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдары арасында облыстық байқау өтті.

Байқауға Сырдария ауданының атынан қатысқан "Ибрагимовтар" отбасы қазылар алқасының шешімімен "Көрермен көзайымы" аталымы бойынша марапатталды.

Тағылымды іс-шара Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Үш кезең бойынша өрбіген сайыста сырдариялық отбасы білімді, жан-жақты жəне өнерлі екенін дəлелдей білді.

Көрермен ықыласына бөленген жас отбасы бірінші кезеңде өздерінің шыққан тегін, отбасылық жетістіктерін көпшілікке паш етті. Екінші кезеңде əсем Астана мен көрікті Қызылордаға арнау өлең оқып, қолөнер бұйымдарын көрсетті. Үшінші кезеңде қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға да жоғары деңгейде жауап берді.

Көрермендердің көңілінен шығып, байқау барысында жаңашылдығымен танылған сырдариялық отбасы алдағы уақытта да биік белестерден көрінеріне сенім мол.

Отбасылық байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз.

#Қызылорда
#Сырелі
#Сырдарияауданы
#НұрОтан


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 49

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты