ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Жарияланды: 05 ақпан, 2018 04:51

Қызылорда қаласының «Мұз айдынында» облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен мәнерлеп сырғанаушы, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны қысқы Олимпиада қарсаңында қолдау шарасы өтті.

«2017 жылдың үздік жас спортшысы» атанған Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның ұлттық құрамасында  Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді.
Аймақ басшысы жас спортшыға Олимпиада ойындарында жеңіске жетуін тілектес екенін жеткізді және Сыр спортшыларының жетістіктерін атап өтті.
«Соңғы кездері Сыр бойының жас спортшылары спорт сүйер қауымды республикалық, халықаралық жарыстардағы жоғары жетістіктерімен жиі қуантып жүргені белгілі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Сыр спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында 88 медальді иеленді. Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева 2016 жылы жасөспірімдерге арналған Олимпиада ойындарының, 2017 жылы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Шайбалы хоккейден командамыз Қазақстан Республикасы чемпионатының  қола жүлдесін алды. Қысқы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапталады. Соның ішінде Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың қатарында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева еліміздің намысын қорғайды. Байрақты бәсекелерге Сыр өңірінен қатысатын спортшылардан үлкен үміт күтеміз! Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Элизабет қызымызға Сыр жұртшылығы атынан  сәттілік тілейміз! Сыр спортшылары, Алға! Тәуелсіз Қазақстанның Туы көкте желбіресін!», - деді облыс әкімі.
Науқан барысында хоккейшілер, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар, оның ішінде мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары Алина Жанділдаева,  Манас Бекташов, Жансая Есен және Элизабеттің ағасы Тимур Тұрсынбаев  өнер көрсетті. 
Атап өтетін жәйт, аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатын халық санын арттыру мақсатында қазіргі таңда  облыстық бюджеттен 7 елді мекенде: Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Сыр өңірінде 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. 


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 44

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 ақпан 2018

Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!...

19 ақпан 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолда...

17 ақпан 2018

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ МЕН ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Бақытжан Сағынтаев инвестициялар тарту мен экспортты қолдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді...

17 ақпан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Облыс орталығындағы "Евразия" спорт кешенінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар ме...

16 ақпан 2018

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №14-1-1-3)

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №1...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты