ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Жарияланды: 02 наурыз, 2019 04:02

Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» «Алғыс айту» күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл мейрам алғаш рет Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

  «Бұл күн қайырымдылықтың, достықтың және барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі бола алады», - деп Ұлт көшбасшысы оны жыл сайын 1 наурызда атап өтуді ұсынған еді. 
  Достық үйінің фойесінде мерекелік кеш қонақтарының тілектерінен құралған  «Тілектер ағашы» және оқушылардың алғыс айту күніне арналған эсселер көрмесі таныстырылды.  Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, қызылордалықтарды айтулы мерекемен құттықтады.   
     «Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіру арқылы бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын күн. Сонымен бірге, көктемнің алғашқы күні – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Төрағалық жасайтын еліміздегі қоғамдық маңызы аса жоғары екі саланың, дәлірек айтсақ, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Қай кезде де  жабырқағанның жанына жалау болып,  мұңайғанның маңдайынан сипап, қиналғанды құшағына қысқан қазақ халқы - әлемдегі ең бауырмал халық екенін өзіміз ғана емес, өзге де мойындай бастағаны ақиқат. Бүгінгі тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі», -деді аймақ басшысы. 
  Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін Сыр елінің барлық тұрғындарына алғыс айтты.
   Сондай-ақ, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмір үшін өз алғыстарын білдірді
Іс-шара мерекелік концертке ұласты.
Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 141

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 мамыр 2019

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады ...

14 мамыр 2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ...

14 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығында болды

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығында болды ...

14 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты