ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Жарияланды: 29 қыркүйек, 2017 11:13

Қыркүйектің 27-30 күндері Қызылордада түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтуде. Оған Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстанан 80 жуық өнерпаздар мен фольклортанушы ғалымдар қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестивалі үш жылда бір рет Қызылорда облысында өткізіліп келеді. Оған Қазақстан мен алыс және жақын шетелден өнерпаздар қатысады.
Фестиваль аясында «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз- әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Пленарлық отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйледі.
«Ел Президентінің қолдауымен Қызылорда облысы әкімдігі және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесе төртінші рет «Қорқыт және Ұлы Дала» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестивалі ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық бастамалары нәтижесінде шет мемлекеттермен достық қатынасымыз нығаюда», - деді Қырымбек Көшербаев. Сонымен қатар, конференцияға белсенді қатысып, мен ұлы ойшыл Қорқыт бабаға құрмет танытып келген жандарға алғысын білдірді.
Сонымен бірге, фестивальге қатысушыларды «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Қазақстанның халық әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева құттықтады.
Түркия, Беларусь, Ұлыбритания, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінен келген ғалымдар музыкалық өнердің дамуы және Қорқыт шығармашылығының әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесі туралы баяндамаларын оқыды.
Фестиваль аясында конференция, шеберлік сабақтары, Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды кешеніне сапар және Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклінің көрсетілімі өткізіліп, бағдарламасы гала-концертпен қорытындыланады.
Сыр өңірінде Қорқыт ата есімін ғасырдан-ғасырға аманаттау, оның ішінде - Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Қорқыт ата мұраларын» енгізу тұрғысында көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, жақында Қазақстанда халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесе жоғары деңгейде өткізіліп, көрме аясында Қорқыт ата кешені мен облысымыздың мәдениетімен танысу үшін мыңдаған турист Сыр еліне келді.  

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 474

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты