ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ, ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды: 13 маусым, 2019 06:23

 Электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған көпкүндік науқан барысында 3 мыңнан астам өтініш тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырдария ауданы Шіркейлі елдімекенінің тұрғыны Айсұлу Ахметова мыңыншы болып тіркеліп, ноутбук ұтып алды. Көп балалы ана ауылдан қалаға сабылмай қажетті құжаттарға EGOV арқылы үйден тапсырыс беріп отырған. Жалпы өңірде электронды қызмет алу үлесі 85% құрап отыр. Аталған акцияның бұған дейінгі науқандарына 30 мыңдай сырбойылық қатысқан болатын.

«№129 мектепте техперсонал болып жұмыс істеймін. 5 балам бар. «EGOV» арқылы құжаттар тапсырғанмын. Қызым үйден оқиды. Нұрайым Камал деген қызым бар, соның құжаттарын өткізгенмін ХҚКО. Бүгін сыйлыққа ие болып, ноутбук ұтып жатырмыз. Қуанышымда шек жоқ, рахмет сіздерге», - дейді акция жеңімпазы Айсұлу Ахметова.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 151

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты