ҚЫЗЫЛОРДАДА "BAIKONYR INVEST» Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Жарияланды: 26 қараша, 2018 12:11

Іс-шара 3-4 желтоқсан аралығында өтеді. Форумның тақырыбы: "Жасыл" экономика-өңірді дамытудың жаңа бағыты".

Биылғы форумның негізгі тақырыбы жаңа технологиялар мен "жасыл кластерлерді" енгізу және өңірдің табиғи әлеуетін жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды пайдаға асыру және басқа да секторларда пайдалану мәселелерін талқылау болып табылады.

Форумға Испания, Франция, Болгария, Қытай, Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден ресми тұлғалар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Форум аясында пленарлық отырыс және 4 секцияның жұмысы өтеді - "ЖЭК бойынша жобаларды енгізу мәселелері, ТКШ энерготиімділік, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру", "Цифрландыру. Smart city", АӨК-дегі "Жасыл технологиялар", су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, "Жасыл экономиканы дамытуда МЖӘ тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері".

Шара барысында инвестицияларды қажет ететін жобалар көрмесі, В2В, G2B, G2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ, бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі ұйымдастырылады.
Дәстүр бойынша, облыс әкімдігі арнайы қатысушылар үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағына "Союз-МС" зымыранының ұшырылуын бақылауға экскурсиялық тур ұйымдастырады.

Форум модераторы - BBC World News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.

Форум спикерлері: Француз Республикасының сенаторы Пьер Кабарэ, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Хаиров, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев және тағы басқалар.

"Форумның негізгі мақсаты - шетелдік және отандық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара тиімді әріптестігін орнату, инвестициялық жобаларды іске асыру, өңір экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады", - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Форумның ақпараттық серіктесі - " Sputnik Kazakhstan " АА.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 152

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 ақпан 2019

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ...

20 ақпан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...

19 ақпан 2019

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР...

19 ақпан 2019

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ...

19 ақпан 2019

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік)

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік) ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты