ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жарияланды: 09 сәуір, 2018 11:33

Қызылордада кикушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар және ересектер, сондай-ақ, әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының  кубогы өтті. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық республикалық  және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерацияларының ұйымастыруымен өткізілген дүбірлі додаға республиканың аймақтарынан 14 команда, барлығы 500-дей спортшы қатысты.  

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде облыстың құрама командасы 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, қоржынға 12 медаль салды. Осылайша, сыр спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды – Батыс Қазақстан, келесі жүлделі орынды – Қарағанды облысының командалары алды.
Дүбірлі жарысқа Қызылорда облысынан 20 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орынды иеленді. Атап айтсақ, кумитэ бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұртуған Ертай (-35 келі), 12-13 жас аралығында Жалғас Анарбаев
(-35 келі), 14-15 жас аралығында Али Мейрамбек (-45 келі) пен Ислам Серікбай
(-60 келі), 16-17 жас аралығында Әлішер Арман (-55 келі) және Нұрбақыт Жұмабек (18 жас, -65 келі) кубок жеңімпаздары атанды. Бұған қоса, ересектер арасында өнер көрсеткен Нұрбақыт Жұмабек ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Нұрислам Кенжебекұлы (8-9 жас, -30 келі), Дінмұхаммед Балқашбай (12-13 жас, -40 келі) және Жеңісбек Сахи (14-15 жас, -45  келі)  – күміс, Нұржан Жанболат (12-13 жас, -40 келі), Бексұлтан Шәйділда (14-15 жас, -55 келі) және Ерсайын Тілеу (16-17 жас, -70 келі) – қола жүлделерді иеленді.
Алдағы маусым айында Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына Сыр өңірінің намысын Али Мейрамбек, Ислам Серікбай, Нұрбақыт Жұмабек және Айбек Шаукиловтер қорғайтын болады.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Бауыржан Мұханов пен  Үсен Төлегенов дайындады.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 101

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты