ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ КҮРІШ 86 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕГІЛЕДІ

Жарияланды: 05 наурыз, 2019 04:35

Биылғы жылы өңірде 178,6 мың гектарға егін егу жоспарлануда. Оның 85,8 мың га күріш, 93,5 мың га дәнді дақылдар, 7,2 мың га майлы дақылдар, 60,7 мың га азықтық және 17,2 мың га көкөніс пен бақша дақылдары егіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен көктемгі дала жұмыстарына дайындық және жылыжай шаруашылығын дамыту туралы мәжілісте белгілі болды.

Мәжілісте облыс әкімі Елбасының агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру тапсырмасына байланысты аймақта тиісті жұмыстарды өз деңгейінде атқару қажеттігін атап өтті.

«Биылғы жылы да ауылшаруашылығы саласында ауқымды шаралар атқарылуы тиіс. Нақты айтқанда, биыл агроөнеркәсіптік кешенінде 10 пайыз өсім қамтамасыз етуіміз қажет. Алдымызда еңбек өнімділігін 22 пайызға, экспорт көлемін 20 пайызға арттыру межесі тұр. Осы мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу қазірден бастап атқарылатын шаралардың сапалы және өз мерзімінде орындалуына тікелей байланысты»,-деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.
«Үстіміздегі жылы өңірімізде 178,6 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде күрiштің көлемі - 85,8 мың гектар, дәндi дақылдар - 93,5 мың, майлы дақылдар - 7,2 мың, мал азықтық дақылдар - 60,7 мың, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары - 17,2 мың гектарды құрайды. Облыс бойынша 2019 жылдың егісі үшін 22 629 тонна «Маржан», «Янтарь», «Лидер», «Фаворит», «Каз Ер-6», «Новатор», «АйКерім», «Сыр Сұлуы» сорттарының күріш тұқымы құйылды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштар мен гербицид сатып алынды. Облыста көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр»,-деді Б.Жаханов.

Өз кезегінде, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері егіс науқанының әзірлігі жайлы жауапты мекеме басшылары облыстағы суармалы су қоры туралы айтты.

Сондай-ақ, жиында өңірдегі жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы бүгінгі таңда жылыжай шаруашылығының жергілікті өнімдегі үлесі өте төмен екенін атап өтті. Халықты жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыс орталығының өзінде 120 жылыжай қажет. Өткен жылы 70 жылыжайды іске қосқанымен, оны одан әрі пайдалану мен қалған 50 жылыжайды іске қосу бойынша нақты шаралар қабылдау керек. Бүгінде өңірде 87 жылыжай 72 Қызылорда қаласында және 15 аудандарда (4- Жаңақорған ауданында, 3-Шиелі ауданында, 2-Қармақшы ауданында, 2-Жалағаш ауданында, 4-Қазалы ауданында) жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі мәжілістің қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына егіс жұмыстарына уақытылы және сапалы дайындықты қамтамасыз етуді және әр ауданда шағын жылыжайды дамыту бойынша жыл сайын кемінде 5 жобаны іске асыруды, суармалы судың қажетті көлемін уақтылы беруді қамтамасыз етуді, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Оның ішінде майлы, азықтық дақылдардың, көкөністердің және бақша дақылдарының өнеркәсіптік егістіктерін 10 пайызға көбейту керектігін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру үшін ғылыми жетістіктерді, инновациялық жобаларды, сандық технологияларды өндіріске енгізу, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын бақылау, өнімділікті жоспарлау, нақты егін шаруашылығын жүргізу жүйелерін енгізу және барлық аудандарда биыл кем дегенде 10 га жеміс жидектер, жүзім, шие, алма, өрік ағаштарын егу, барлық мектептердің аумақтарында алма бақтарды ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы И.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының жаңа директоры Бақытжан Дүйсенбековті таныстырып, екі апта мерзімде облыстың егін шаруашылығының еңбек өнімділігін ұлғайту үшін институттың алдағы 3 жылдық іс-қимыл жоспарын әзірлеп ұсынуды тапсырды.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 138

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 мамыр 2019

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың тиімділігін халық арасында түсіндіру мақсатында кездесулер өтті

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың тиімділігін халық арасында түсіндіру мақсатында кездесулер өтті...

22 мамыр 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ...

22 мамыр 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ...

22 мамыр 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты