ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ
Жарияланды:
09 сәуір, 2018 04:02
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Байдушев, аудан прокуроры А.Тәженов және аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сағидуллаұлы Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Нағи Ілиясов, Іңкәрдария, Ақжарма, Шаған, Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округтерін аралап, ауыл активімен кездесулер өткізді. Ауылдарда өткен жиналыстың күн тәртібінде есірткі бизнесіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралап, қылмысты болдырмау мен алдын алу бағытында мәселе қозғалды. Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Байдушев ашып, жүргізіп отырды. Аталған қылмыстың жолын кесу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өткен аппарат басшысы талдау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Сонымен бірге, арнайы әдістемелік құрал дайындалып, шаруашылық басшыларымен меморандум қабылданғанын жеткізді. Өз кезегінде аудан прокуроры А.Тәженов қылмыспен күрес қоғамның барлық мүшесіне ортақ міндет екенін айтты. Нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, алаяқтық, мал және ұялы телефон ұрлығы туралы жан-жақты түсінік беріп, қылмыспен күшейтуді жандандыруды тапсырды. Жиын барысында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сағидуллаұлы құқық қорғаушылардың анықтаған қылмыстары жөнінде мысал келтіріп, ауыл тұрғындарына кез келген қылмыс жөнінде мәлімет білген жағдайда "102" немесе "21-2-48" сенім телефонына хабарласу қажеттігін айтты. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары бірқатар ұсыныстарын айтып, тиісті жауаптар алды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Көргендер: 39
Пікірлер
Жаңалықтар
23 сәуір 2018
МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ САҚТАУЛЫ ТҰРМУЗЕЙ ҚОРЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ САҚТАУЛЫ ТҰР...
23 сәуір 2018
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨТТІСЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨТТІ...
20 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІМЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ...
Сауал
Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.