ТЫҢ ТӘЖІРИБЕ МЕН ТЕОРИЯ

Жарияланды: 08 қараша, 2018 09:08

Сырдария агро-техникалық колледжі – техникалық мамандық иелерінің құтханасы. Аталған оқу орнында тың тәжірибе мен теория ұштасқан деп айтуға толық негіз бар. Ұлағатты ұстаздар студенттердің кәсіби маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасауда.

Колледж дуалды оқыту жүйесі бойынша биыл үшінші жыл студенттер үшін қызмет етуде. Бүгінде колледж студенттері өз білімдерін аудан көлеміндегі шаруашылықтарда шыңдауда. Яғни, теорияда үйренгенін тәжірибе арқылы іске асыруда.

Колледж студенттері жаңа заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуда. Колледж директоры Д.Қожахметовтің айтуынша, студенттердің білім алуға деген құлшынысы жоғары. Алдағы уақытта студенттерді тұрақты жұмысқа орналастыру бағытында нақты жұмыстар атқарылмақ. Аудан көлеміндегі өндіріс орындары мен шаруашылықтар техникалық мамандық иелерін жұмысқа алуға ынталы.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 25

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты