«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ – ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Жарияланды: 23 желтоқсан, 2019 17:51

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында елдің мақсат-мұратын жүзеге асыруға бағытталған, рухани жаңғыруға негіз болатын бірқатар бағыттар айқындалған. Ең бастысы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың болашақта Қазақстан қоғамының рухани дамуы қай бағыттарда болуы жайлы ойлары және ұсынған бағдарламалары халықтың көңілінен шықты, көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Елбасы «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын. Сонымен қатар бірнеше бағдарламаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты, әсіресе, «Туған жер» бағдарламасының орны ерекше болмақ. Отанды сүю кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады.

«Туған жер» бағдарламасы – рухани жаңғырудың өзегі, себебі, ол еліміздің болашағы – жастар үшін рухани дамудың бағдаршамы іспеттес. Бұл бағдарламаның тұжырымдамалық негізгі мұраты – туған өлкені, жерді, ауылды қастерлеу арқылы елін сүюге, Отанымыз – Қазақстанды сүюге тәрбиелеу болып табылады.   

Сырдария аудандық Әділет

басқармасының басшысы

Н.Дайрабаев

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 172

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты