ТІРЕКТІ АУЫЛДА ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК БАР

Жарияланды: 20 қаңтар, 2020 20:00

Бүгін Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес өткен есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов 2019 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
- Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы шеңберінде Ақжарма ауылдық округіне осы жылы республикалық және аудандық бюджеттен 509,6 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржыға 4 көше (Садық ахун, Есентұров, Балапанов және Әукенов) жарықтандырылады, 8 көше (М.Томпалақов, Ж.Домбаев, Садық ахун, М.Аукенов, Е.Омаров, А.Есентұров, Т.Балапанов, Б.Арыстанов) орташа жөндеуден өткізіліп, 3 көшеге (Есентұров, Омаров, Садық ахун) темір-бетонды лоток орнатылатынын айтты.
Есеп беру жиынында Ақжарма ауылының әкімі Е.Ешмұратов пен учаскелік полиция инспекторы Ж.Жұмабектің есепті мерзімде атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспарлары тыңдалды.
Есеп беру жиынында ауыл ардагері төрағасы Қ.Шыманов сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне оң бағасын берді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 116

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты