ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНДЕ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды: 22 қаңтар, 2019 06:51

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев,Тереңөзек кентінің әкімі Нұржан Бисембаев, аудандық Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Абай Мұстафаев кент тұрғындарына атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, Қоғамдық кеңес мүшелері, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Есепті кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов ашып, жүргізіп отырды.

Жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалатын жиында аудан басшысы Ғанибек Қазантаев 2018 жыл аудан үшін табысты болғанын атап өтті.

Сонымен бірге, жоспарлар артығымен орындалғанына кеңінен тоқталды. 2017 жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19,3 пайызға артқанын атап өткен аудан басшысы тұрғындарды жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында Сырдария ауданының кәсіпкерлікті дамыту «Жол картасы» бекітілгенін айтты.

Есепті кездеуде Тереңөзек кентінің әкімі Нұржан Бисембаев аудан орталығында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндаса, аудандық Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Абай Мұстафаев қылмыспен күрес, алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Жиын соңында кент ардагерлері атқарушы билік өкілдерінің жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 297

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты