ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Жарияланды: 18 наурыз, 2019 04:17


 

Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылының тарихы тереңде. Ауылдан елімізге белгілі көптеген дарынды тұлғалар түлеп ұшқан. Кішкентай елді мекенде үлкен еңбектің тайқазанында қайнап, елге танылған еңбек адамдары да көп. Олардың атқарған жұмыстары, ел дамуына қосқан үлестері өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып табылады. Осындай берекелі, халқы еңбексүйгіш ауылдың болашағы жарқын, келешегі кемел деп айтуға толықтай негіз бар.

 

 

Ауылдың басым бөлігі шаруашылықта жұмыс жасайды. Шаруашылық соңғы жылдары Қызылорда облысы бойынша күріш  өсіруден алдыңғы орында.  Елді мекенде 3 мыңға жуық халық тұрады. Заманауи үлгіде салынған жаңа мектеп, «Балапан» бағдарламасы бойынша салынған 90 орындық балабақша,  мәдениет үйі, кітапхана, спорт, әуез мектебі, байланыс бөлімшесі халыққа үздіксіз қызмет көрсетеді. Ауыл мектебі де білім беру саласы бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бірнеше кәсіпкер ауыл келбетін өзгертуге, гүлдендіруге атсалысуды мақсат тұтқан.  Ауыл орталығынан ашылған  Қоғам  және мемлекет қайраткері, еңбек ардагері Жаңабай Азаматов атындағы алаң жас отаулардың тағзым етер қасиетті жеріне айналды. Қазіргі таңда Шіркейлі ауылында 18 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде “Мәді Қажы”  атындағы ЖШС-гі  300-дей  жұмысшыны жұмыспен қамтып отыр, шаруашылық басшысы  Сейіткамал Сұлтанов.

 

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 94

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 сәуір 2019

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ...

22 сәуір 2019

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ...

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты