СЫРДАРИЯЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-ға ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Жарияланды: 07 ақпан, 2018 02:30

 

 

 

 

Былтырғы оқу жылы сырдариялық мектеп бітіруші түлектер үшін жемісті жыл болды. ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалған 196 оқушының 144-і мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Биылғы жылы да осындай жарқын жетістікке жету мақсатында аудан әкімінің бастамасымен іс-шаралар жоспары белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында 11-сыныптарда барлығы 336 бітіруші білім алуда. Оның ішінде 249 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда «Жалын» тынығу лагері базасында 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары өтуде. Қаңтар айында алынған сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл 83,5 құрады. Ауданда оқушылардың онлайн режимдегі жаңа форматтағы сынама тестке қатысып, тапсыруына барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылында 39 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» және 12 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Алдағы уақытта да ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтіліп, әрі қарай жалғасын табатын болады. Биылғы жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілетінен сенім мол. Бұл бағытта ауданның білім беру саласын дамыту мақсатында аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалған.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 146

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 мамыр 2018

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ...

23 мамыр 2018

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

23 мамыр 2018

ЕЛБАСЫ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «KADEX-2018» ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ЕЛБАСЫ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «KADEX-2018» ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты