СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жарияланды: 10 қазан, 2018 06:31

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметіне ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиннің атынан ақжолтай хабар келіп түсті. Сайыпқыран спортшылардан құралған "Қайсар" құрама командасы Қазан қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында өткен Ресей федерациясының ашық чемпионатында І-орынды жеңіп алды.

Төрт айналымда да бірінші орынды иеленген жерлестеріміз жарыс барысында барлығы 20 ойын өткізді. Төрт турдың қорытындысы бойынша «Қайсар» қайсарлықтарын дәлелдеп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, Мұрат Ешпанов «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясын иеленді.

Облыс құрама команда сапында Ғалымжан Әлиев, Дәулетбек Әлиев, Диас Әлжанов, Мұрат Ешпанов, Асхат Ермағанбетов, Дәурен Қобландин, Дәурен Мэлисов, Ерасыл Қайқыбеков, Никита Пласкин, Асхат Зулпухаров, Мұхағали Сансызбаев, Олжас Әуезхан, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Бақытбек Тәженов, Нұрхан Сансызбаев, Шынғыс Сейтқалиев, Нұрлыбек Ұзақов, Дулат Шыныбек өнер көрсетті.

«Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Айта кету керек, спортшылар үстіміздегі жылдың 15-23 қазан аралығында Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өтетін ҚР чемпионатының III-IV турларына қатысады.

#Қызылордаоблысы
#Сырелі
#ҚайсарЖеңімпаз
#Өзгерістердіөзіңненбаста

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 226

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 ақпан 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ...

21 ақпан 2019

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ...

20 ақпан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...

19 ақпан 2019

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР...

19 ақпан 2019

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты