СЫРДАРИЯЛЫҚ ОТБАСЫ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жарияланды: 28 қыркүйек, 2018 05:50

 

Сырдариялық отбасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен өткізілген "Отан отбасынан басталады" атты отбасылар байқауының жеңімпазы атанды.

 

 

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту, отбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау жəне отбасыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға облыс бойынша 10 отбасы қатысып, байқау талаптарына сәйкес өз өлеңдерін ұсынған. Аталған байқау қорытындысына арналған іс-шара қала орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.

– Саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған облыстық деңгейдегі арнайы комиссия шешімімен "Біз əулетпен жемқорлыққа қарсымыз" атты өлеңімен Сырдария ауданының атынан қатысқан аудан әкімінің баспасөз хатшысы–аудан әкімі аппаратының аударма ісі жөніндегі редакторы Ақтөре Ибрагимұлы байқау жеңімпазы деп танылды. Жалпы, байқауға келіп-түскен шығармашылық жұмыстардың үздігін анықтауда өлеңдердің мәніне, мазмұнына басымдық берілді. Департамент алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыратын болады,-деді марапаттау іс-шарасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ізкенов.

Айта кету керек, отбасылық байқауды қорытындылауға арналған іс-шараға бауқауға қатысушылармен қатар, мемлекетік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 302

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 ақпан 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ...

21 ақпан 2019

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ...

20 ақпан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...

19 ақпан 2019

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР...

19 ақпан 2019

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты