СЫРДАРИЯЛЫҚ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР "ДОМБЫРА – ДАСТАН" ТАҚЫРЫБЫНДА ДУМАНДЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Жарияланды: 07 қазан, 2019 13:35

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында "Домбыра – дастан" тақырыбында думанды іс-шара ұйымдастырылды.

Тереңөзек кентіндегі орталық саябақта өткізілген мәдени шараға аудан әкімі Р.Рүстемов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Мәдени шарада сөз сөйлеген аудан басшысы Руслан Рүстемов қасиетті Сыр өңірі – өнер мен мәдениеттің ордасы болса, Сырдария – таланттарға тұғыр болған қасиетті өлке екенін атап өтті.

– Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше басымдық берді. Бағдарламалық мақаладан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытында республика бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс ауданымыз да тиісті деңгейде атқарылуда. Бүгін ауданымыздан шыққан өнер және мәдениет майталмандарының ізбасарлары думанды іс-шара ұйымдастыруда. Яғни, ауданның көркемөнерпаздары ашық аспан астында Сіздер үшін өнер көрсететін болады. Жалпы, әр ел, әр ұлт өз дәстүрімен ерекшеленеді. Ата дәстүрін ұмыт қалдырмай берік ұстана білген халық көш басында жүретіні анық. Бір ғана қасиетті қара домбырамызды қастерлеп, күй өнерін дамыту арқылы ұлттық болмыс-бітімімізді, салт-санамызды өскелең ұрпаққа насихаттай аламыз. Домбыра халқымыздың ұлттық кәсіби өнерінің қалыптасуына, өркендеуіне негіз болды. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа секілді даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерін биікке көтеріп, қалдырған тамаша туындылары біз үшін баға жетпес құндылық. Атақты Жетіасарда 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы әуеден барлау жұмыстарын бастап, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 жылы Жетіасар мәдениетінің қалашықтарында қазба жұмыстары қайта жанданып, бұл зерттеулер 1991 жылға дейін жалғасын тауып, бірнеше монографиялар мен ғылыми мақалалар жарық көрді. 2018 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының Шығыс музейінің қорындағы ағаш бұйымдардың фрагменттері қайта қаралып, зерттелді. Нәтижесінде 1973 жылы Бидайық-асар қалашығынан табылған ағаш бұйым «Қос мойынды» немесе «Қоссаз» домбыраның ата-тегі екені анықталды. Бұл жұмыстарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев ерекше үлес қосты. Біз бұдан бағзы заманнан бері келе жатқан күй өнерінің, жалпы домбыра аспабының тарихы тереңде екенін ұғынамыз. Бізге жеткен халық ән-күйлерінің қай-қайсысын алсақ та Қорқыттан кейінгі дүниеге келген туындылар. Тіпті, ел арасында аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің тарихынан сөзбен айтып жеткізе алмаған көңіл-күйді, қос ішекті құдірет жеткізгенін аңғарамыз. Сондай-ақ, желмаяға мініп жаһанды кезген Асанқайғының артында «Ел айрылған» деген күй қалған екен. Яғни, домбыра қазақ халқының жан серігі, жан сезімі, көшпелі елдің көне шежіресі. Сондықтан халқымыздың ұлттық аспабы домбыраға құрмет ретінде шілде айының бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өту арнайы Жарлықпен белгіленді. Қазақтың қара домбырасы жәй ғана құрал емес, біздің тілімізбен, ділімізбен, рухымызбен үндес қасиетті аспап. Қаншама қиындықтарда тар жол, тайғақ кешу замандарында қазаққа сүйеніш бола білген қара домбырамыздың ғұмыры мәңгі болсын,- деген аудан басшысы аудан өнерпаздарының шығармашылығына құрметпен қарап, думанды іс-шараға көрермен болып келген аудан тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.

Мұнан кейін аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен "Әуез" мектебінің оқушылары жыр-термелер орындап, орталық алаңды күмбірлеген күй мен әсем әнге бөледі.

Шара барысында тұрғындар назарына өтірік айтыс пен күй тартыс ұсынылып, музей қорындағы экспонаттардан жасақталған көрме таныстырылды. Сондай-ақ, аудан кітапханашылары «Көше кітапханасы» жобасы аясында қазақ күй өнерінің тарихы жөнінде кітап көрмесін ұйымдастырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 125

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты