СЫРДАРИЯЛЫҚ 3 ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жарияланды: 09 қаңтар, 2019 04:19

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Сырдария ауданынан 16 оқушы қатысып, 11 оқушы жеңімпаз атанды.

Білім бәсекесінде Сырдария ауданының командасы ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2019» дипломымен марапатталды.

Республикалық кезеңге сырдариялық 3 оқушы жолдама алды.

Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №37 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Серікбаева Назым, география пәнінен №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Аманулла Нұрбол, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен №36 Ә.Тәжібаев мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Сағатбаев Еркебұлан олимпиаданың республикалық кезеңінде бақ сынайды.

Қазіргі таңда оқушылар республикалық олимпиадағы өз дайындықтарын бастап кетті. Оларды сапалы көрнекіліктермен, оқулықтармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында барлық жағдай жасалған.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 162

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты