СЫРДАРИЯДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Жарияланды: 21 наурыз, 2019 06:11

Бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған «Төрлет, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Жаңа жыл мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, театрландырылған қойылымды тамашалады.

Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған. Ежелден Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды,- деген аудан басшысы бірқатар азаматтарға Құттықтау хат табыс етті.

Мерекелік іс-шара барысында қазақы үлгіде әспеттелген киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, атадан-балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Бесік салар, тұсаукесер, теңге жасыру рәсімдері ұйымдастырылды.

Наурыз мейрамына жиналғандар мерекенің басты тағамы наурызкөжеден ауыз тиіп, бір-біріне ақ тілектерін арнады. Әсем әндерді әуелете шырқаған көркемөнерпаздар аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Я.Тасыров жиналғандарға ақ батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 133

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 маусым 2019

ОБЛЫСТЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫСТЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ...

13 маусым 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ, ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ, ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

12 маусым 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты