"СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 28 желтоқсан, 2018 10:39

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Ғ.Қазантаев бірқатар азаматтарға "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағын табыс етті.

Олардың қатарында белгілі жазушы Өтеген Жаппархан, білім саласының ардагері Батырхан Остаев, Анар Ізбасарова, қаржы саласының ардагері Ибрагим Әкімжанов, ауылшаруашылық саласының майталманы Әнуарбек Қалтаев, мәдениет саласының үздігі Сандыбай Сәдуақасов және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Балшекер Өтегенова бар.

"Сырдария ауданының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтардың барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына үлес қосқан. Олардың ел дамуы жолында атқарған қажырлы еңбегі жас буынға үлгі-өнеге. Марапат иелеріне деген бұл құрмет өскелең ұрпақты елді сүюге, адал еңбек етуге және Туған жердің дамуына үлес қосуға баулитыны сөзсіз.

Айта кету керек, жыл көлемінде аудан орталығы Тереңөзек кентінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматтары» аллеясы, аудандық музейдің «Еңбек даңқы залы» , «Парасат алаңы» салтанатты түрде ашылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 177

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты