"СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Жарияланды: 10 қаңтар, 2018 10:29

Бүгін аудан әкімі Ғанибек Қазантаев пен аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағын табыс етті.

«Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын алған азаматтардың тізімі мен қысқаша өмірбаяны:

Айсин Жантемір   - 1952 жылы дүниеге келген. 1973 жылы Қызылорда қаласындағы  Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық  институтын ән және музыка  мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Тереңөзек ауданындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі болып бастаған.1987-2003 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып, 18 жыл ауданның мәдениет саласын басқарды. 2009 жылы Қызылорда облысының 70 жылдық мерекелік медалімен, 2012 жылы Қ0-ның Құрмет грамотасымен, 2013 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

 

 Мырзатаев Рысбай - еңбек жолын 1954 жылы Тереңөзек ауданының  «Қараөзек» кеңшарында  жылқышы болып бастап, 41 жыл табанды еңбек етіп,  1995 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан. Ауданның мал шаруашылығын дамыту жолында табысты еңбек еткен. Еңбектегі жетістіктері үшін Рысбай ағамыз «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Қазақ КСР Жоғарғы Советінің»  грамотасымен, алғыс хаттарымен  марапатталған. Мал шаруашылығындағы жоғарғы көрсеткіштері үшін әр жылдары ауылшаруашылық саласының жеңімпазы атанды.

Сәдуов Өмірзақ - 1949 жылы  Шаған ауылында дүниеге келген.1974 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1966 жылы Шаған ауылында күрішші болып бастаған. 1969-1972 жылдары осы совхозда комсомол ұйымының секретары,1972-1982 жылдары Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің екінші секретары, Тереңөзек аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1982-1994 жылдары «Шіркейлі» совхозы партия комитетінің секретары, директоры, Халық депутаттары Тереңөзек аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасы, 1994 - 2012 жылдары Шаған ауылының әкімі, «Сейфуллин Жер» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10, 20 жылдық мерекелік медалімен,  Сырдария ауданына 80 жыл, Қызылорда облысының 70 жылдық төс белгілерімен және облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Үдербаев Ғафур Зұлхарұлы - 1948 жылы Тереңөзек қыстағында  дүниеге келген.1972 жылы  Алматы Халық шаруашылылық институтын  экономист мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын  1969 жылы аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатынан бастап, Казсельхозтехника аудандық бірлестігінде, аудандық жоспарлау комиссиясында және автотранспорт кәсіпорында жалғастырған. 1981-1983 жылдары коммуналдық кәсіпорындар комбинаты,  жолаушылар тасымалдау автоколонна бастығы,1985-1987 жылдары Халық депутаттары  Тереңөзек поселкелік Советі атқару комитеті Төрағасы, Халық  депутаттары  аудандық  Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы,1992-1999 жылдары аудан әкімінің бірінші орынбасары,1999-2011 жылдары 10 Кәсіптік лицей директоры қызметін атқарған.ҚР-ның Тәуелсіздігіне 20 жыл, Қазақстан мәслихаттарын 20 жыл  мерекелік медалімен, облыс әкімі және облыстық маслихаттың Құрмет грамотасымен, Қызылорда облысына – 70 жыл, ҚР-ның Білім беру ісінің құрметті қызметкері  белгісімен марапатталған.

 Несібелі Рахметова - 1955 жылы бұрынғы  Тереңөзек, қазіргі Сырдария ауданының Қараөзек станциясында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.Еңбек жолын 1973 жылы Нағи Ілиясов ауылында қарапайым жұмысшы болып бастаған.Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Қызылорда облыстық радиосында, Сырдария аудандық «Сырдария», облыстық «Сыр бойы» газерттерінде жұмыс жасады.1994 - 2016 жылға дейін облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор, аға редактор, бас редактордың орынбасары, шеф редактор  қызметтерін абыройлы атқарды.Несібелі Төлетайқызы өзінің  қалам қарымымен өңіріміздің, соның ішінде Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани өрлеуіне түбегейлі үлес қосты.

 Байманов Ғалым Дүйсенбайұлы  - 1959 жылы дүниеге келген. «Құрмет» орденінің иегері, мұнай – газ саласының еңбек сіңірген қызметкері.  1982 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай – газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Қазмұнайгазбарлау» тресінің «Маңғышлақмұнайгазбарлау» кешенді экспедициясында бастаған. 1984-1988 жылдары Маңғыстау облысы Ералиев аудандық партия комитетінің нұсқаушысы және комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Қызылорда облысындағы Құмкөл кешенін игеру жұмыстарының басталуына орай «ҚұмкөлМұнай» мұнай – газ өндіру басқармасына жұмысқа ауысып, Құмкөл «Оңтүстік мұнайгаз» АҚ вице-президенті,1991-1992 жылдары Сырдария мұнай – газ барлау экспедициясының бас инженері,1997-2000 жылдар аралығынджа «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ орталық инженерлік қызметінің бастығы, «Жаңа Ойл» ЖШС директорының орынбасары,  «Өзенмұнайгаз» АҚ  басқарма  директоры, 2001 жылы «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ  аға менеджер, 2003-2014 жылдары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бас менеджер, аға техникалық директор, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма төрағасының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 2009 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылода мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры.

Әзбергенов Құдайберген - 1929 жылы қазіргі Шіркейлі ауылы бұрынғы «Қызылту» колхозында туылған.Еңбек жолын 1942 жылы «Құрайлы» колхозында колхозшы болып бастаған. 1949-1952 жылдары совет армиясы қатарында әскери міндетін атқарды.1953-1962 жылдары Қызылту колхозында колхозшы,  егіс бригадирі, колхоз басқармасының орынбасары. 1963-1975 жылдары қой фермасының меңгерушісі, бөлімше меңгерушісі болып қызметтер атқарды.1976-1989 жылдары күрішші болып жұмыс жасады. Құдайберген ағамыз  «Құрмет» белгісі,  «Октябрь» революциясы және  «Ленин орденімен» марапатталған.

Әлиакбарұлы Пернебек - 1941 жылы 1 тамызда Шаған ауылында дүниеге келген. 1958 жылы еңбек жолын бастаған. 1968 жылы Қазақтың ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамндығы бойынша бітірген. Сол жылы Аламесек МТС-те слесарь, учаске бастығы, Н. Ілиясов ауылында бас инженер-механик, партия ұйымының хатшысы, Партияның 18 съезі атындағы совхоздың директоры, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженер-механигі қызметтерін атқарған.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 257

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 маусым 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛ...

22 маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты