СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жарияланды: 26 ақпан, 2019 04:45

"Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына орай бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері арасында шағын футболдан өткізілген облыстық турнирде Сырдария ауданының құрамасы жүлделі І орынды жеңіп алды.

Жетекші партия белсенділері арасында ұйымдастырылған жарысқа облыс бойынша барлығы 12 команда қатысты.

Турнирге тыңғылықты дайындықпен келген Сырдария ауданының құрамасы алғашқы кездесуден-ақ оқ бойы озық екендіктерін дәлелдеді. Спортты серік еткен сырдариялық партия мүшелері жарыс барысында барлығы бес командамен кездесіп, оның төртеуін айқын басымдықпен жеңді және бір командамен тең ойын көрсетті.

Ал, ақтық сайыстық облыстық партия филиалының құрамасынан 4/2 есебімен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев туринирдің жоғары деңгейде өткенін және Сырдария ауданының құрамасының ерекше белсенділікпен атсалысқанын атап өтті.

Жеңіс тұғырынан көрінген сырдариялықтарға 100 000 мың теңгенің арнайы сертификаты мен медальдар берілді. Айта кету керек, Сырдария ауданының намысын қорғаған құрама мүшелері бұл жеңісті аудан үшін ортақ абырой санайды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 78

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты