СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жарияланды: 28 қыркүйек, 2019 10:30

 Сырдария ауданының құрамасы мемлекет және қоғам қайрактері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық волейбол жарысының жеңімпазы атанды. Ақтық бәсекеде Тараз қаласының спортшылармен кездескен сырдариялық спортшылар тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Руслан Рүстемов биыл 21-мәрте өткізіліп жатқан жарысқа қатысушы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ризашылығын білдірді.

– «Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – ертең жоқ» дейді дана халқымыз. Біз, тамыры терең тарихымызға көз тастасақ, адал еңбегімен ел алғысын арқалап, абырой биігіне көтерілген Елеу Көшербаевтың Сыр өңірі тарихында өзіндік орны бар тұлға екенін анық аңғарамыз. Саналы ғұмырын ел дамуы жолындағы жасампаз жұмыстарға арнаған қайраткер-тұлға елдің адал перзенті деген атқа лайықты абыройлы азамат болған. «Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады» демекші, Елеу ағамыздың қамқорлығын көптеген азаматтар сезінді, өмірдегі және ел басқару ісіндегі тәжірибесін үлгі тұтты. Ұлағатты тұлғаның ұрпақтары да әке ізін жалғап, Тәуелсіз Мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Елеу Көшербаев партия бюросында сынала жүріп Қорқыт Ата кесенесін тұрғызған. Бұл тарихқа тағзымның, өткенге құрметтің жарқын көрінісі. Ал, Қорқыт бабаның: "Өткен күн – тарих, ертеңгі күн – сыр, бүгінгі күн – мүмкіндік" деген сөзі бар. Бәрімізге белгілі, волейбол бәсекесі биыл 21-мәрте ұйымдастырылуда. Спортты серік еткен жастардың басын қосатын айтулы турнирдің өткізілуі дәстүрге айналды. Осы жарысқа қарап жүздеген жас спортшы бой түзеп, волейбол спортының қыр-сырын үйреніп, денсаулығын нығайтуда. Халықаралық деңгейдегі жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен, көршілес Ресей және Өзбекстан мемлекетінен де спортшылар қатысты. Бұл Елеу Көшербаев ағамызды еске алуға арналған халықаралық жарыстың беделін, абыройын білдіреді,- деген аудан басшысы халықаралық турнирге қатысушы жастардың спортта биік шыңдарды бағындыруына тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, аудан басшысы Руслан Рүстемұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Қырымбек Көшербаевтың халықаралық турнирге қатысушы спортшылар мен жарыс қонақтарына арналған Құттықтау хатын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Марат Омаровқа табыстап, Құттықтау хаттың аудан тарихынан сыр шертетін бірегей орталықта сақталу керектігін атап өтті.

Мұнан кейін марапаттау шарасы басталып, жүлделі І орын мен 300 000 мың теңгелік қаржылай сыйлық Сырдария ауданының құрамасына табыс етілді.

ІІ орын тұғырынан Тараз қаласының спортшылары көрінсе, үздік үштікті Алматы қаласының намысын қорғаған жастар түйіндеді. Сонымен бірге, "Үздік жаттықтырушы", "Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы", "Үздік капитан", "Үздік ұйымдастырушы" аталымдары бойынша бірқатар азаматтар марапатталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 36

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты