СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Жарияланды: 05 сәуір, 2019 04:39

2019 жылдың 22 ақпанында аудандық мәслихаттың кезекті 35- сессиясында аудандық  Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.

Осы орайда Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша құрылған жұмыс тобы үстіміздегі жылдың 8 ақпанында  бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялап, 10 күн ішінде үміткерлерден өтінімдерді қабылдады. Нәтижесінде түрлі коммерциялық емес ұйымдардан, соның ішінде жастар, әйелдер, ардагерлер қоғамдық ұйымдарынан, мемлекеттік орган өкілдерінен,сондай-ақ азаматтардан 17 өтініш түскен.  Жұмыс тобы өз отырысында үміткерлерден түскен құжаттарды талқылап, ашық дауыс беру арқылы Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесінің 15 адамнан тұратын жаңа құрамын қалыптастырды, оның ішінде 1 адам мемлекеттік орган өкілі.

          Депутаттарға  жұмыс тобы ұсынған Сырдария ауданының  Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 9-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестің төмендегі қалыптасқан құрамы аудандық мәслихаттың  2019 жылғы 22 ақпандағы №291 шешімімен  бекітілді.

      Қоғамдық кеңестің құрамы

1.   Абилова Күлбарам

2.   Әбенұлы Хайролла

3.   Әжікенов Ержан

4.   Бахтиярова Алмагүл Сайранқызы

5.   Дүзімбетов Марат Оспанұлы

6.   Ембергенов Жұмабек Әшімұлы

7.   Ерімбет Сексенбай Бұхарбайұлы

8.   Жаналиева Ұлмекен

9. Жантүгелов Биболат Искалиевич

     10.Жүсіпбекова Мағрипа Байділдақызы

     11. Келдібаев Мұса

     12. Мырзахметова Алимаш Заловна

     13.Омаров Айдос

     14.Омаров Марат Жүсіпәліұлы

      15. Оразбек Нұрлан Алпысбайұлы

Мұнан кейін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13-бабына сәйкес Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.  Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының құрамы сайланды. Кеңес төрағасы болып Омаров Марат, хатшылығына Жүсіпбекова Мағрипа, төралқасына Омаров Марат, Жүсіпбекова Мағрипа, Әбенұлы Хайролла, Оразбек Нұрлан, Омаров Айдос    сайланды.  Қоғамдық кеңестің құрамы 47 пайызға жаңартылғанын айта кету керек.

2019 жылдың 12 наурызында аудандық мекемелер үйінде Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібіне төмендегі  4 мәселе енгізілді.

1. «Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №258 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №253 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №377 қаулысының күшін жою туралы.

4. 2018 жылғы Сырдария аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп.

Отырыста қаралған мәселелер толық талқыланып, мақұлданды.

 

Жүсіпбекова Мағрипа Байділдақызы,

Аудандық Қоғамдық кеңес хатшысы

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 70

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 сәуір 2019

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ...

22 сәуір 2019

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ...

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты