СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ АҚЖАРМА АУЫЛЫНАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Жарияланды: 15 тамыз, 2019 03:56

 Қасиетті Құрбан айт мерекесінің соңғы күнінде Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында жаңа мешіт пайдалануға беріліп, ашылу салтанаты өтті.

Имандылық үйінің ашылу салтанатына алыс-жақын елді мекендерден келген жамағаттың қарасы қалың болды.

Тағылымды шарада "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып сөз сөйлеп, мешіттің ашылуымен құттықтады. Сонымен бірге, мешіт құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізген "Ақжарма и К" серіктестігінің төрағасы Қайрат Нұрсейітовке алғысын айтты.

Алла үйінің бой көтеруіне ықпал жасап, күш-жігерін аямаған серіктестік төрағасына ауыл тұрғындары мен қариялар да алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ғимарат лентасын "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Ш.Сқақов бастаған игі жақсылар кесті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 117

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ...

17 қыркүйек 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ...

17 қыркүйек 2019

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты