СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды: 12 сәуір, 2019 13:17

Сырдария ауданында "Жастар жылы" аясында жайдарман ойыны өтті. Іс-шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ғ.Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клубы ұйымдастырды.

Көңілді тапқырлар байқауында Тереңөзек кентінің және Шіркейлі, Бесарық , Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарының командалары өнер көрсетті.

Астарлы әзіл мен ұтымды ой астасқан әзілкештер бәсекесінде өнер көрсеткен жастар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазалар алқасы талапкерлердің сахна мәдениетіне, сөз саптау шеберлігіне, әзілдің мәні мен мағынасына басымдық беріп, өнерлерін әділ бағалады.

Нәтижесінде Аманкелді ауылының намысын қорғаған жастар жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орын "Айдарлы" құрамасы иеленсе, ІІІ орын тұғырынан "Тереңөзек жастары" көрінді. Мұнан бөлек ерекше өнерімен көзге түскен үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.

Іс-шара қорытындысында қазылар алқасының төрағасы, "Қазақстан КВН Одағы" облыстық филиалының директоры А.Басаров қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 448

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты