СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды: 28 қыркүйек, 2019 10:32

 Сырдария ауданында қоғам тазалығын сақтау, көшелерді қоқыстардан тазарту және шөптерді шауып, белгіленген орындарға шығару мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері белсене атсалысып, арықтарды күл-қоқыстардан тазалады. Сонымен бірге, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстары аудан орталығынан бөлек, барлық ауылдық округтерде де өтті.

Алдағы уақытта қоғам үшін тиімділігі зор жұмыс жалғасын табатын болады. Сенбіліктің өту барысы, нәтижесі және қоғам мүшелерінің пікірі жөнінде аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің алдағы нөмерінде толығырақ жазылып, ақпараттандырылады.

Айта кету керек, аудан әкімі Руслан Рүстемов бірқатар көшелерді жаяу аралап, сенбілік барысында атқарылған жұмыстармен танысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 33

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты