СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды: 12 қаңтар, 2018 13:10

Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастырумен Тереңөзек кенті мәдениет үйінде «Жаңадан қабылданған Салық және Кеден Кодекстерінің ерекшеліктері, өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов қатысып, салықтық базаны ұлғайту бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 1-қаңтардан бастап қолданысқа енген Кодекстің артықшылықтары жөнінде кеңінен айтып өткен аудан әкімінің орынбасары жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер барлық саланы қамтитынын жеткізді. Семинар барысында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Борыштармен жұмыс» басқармасының басшысы Б.Ақжігіт, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Г.Шортанбаева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бөлім басшысы К.Стамбекова, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Темирова, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Мемлекеттік кірістерді талдау» бөлімінің басшысы А.Жүнісовалар сөз сөйлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары салық төлеушілердің, заңды және жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дәуітбекұлы семинарды ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 251

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 маусым 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛ...

22 маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты